ПЕДАГОГ ШЕБЕРЛІГІ ТАЛДАНҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

ПЕДАГОГ ШЕБЕРЛІГІ ТАЛДАНҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
Қазіргі таңдағы ғаламтану жағдайы білім беру үрдісіне ықпалын тигізуде. Білім саласында болып жатқан өзгерістер педагогтердің әріптестері арасында қарымқатынас жасай алуын, топтық өзара әрекетті ынталандыруды арттыруын және оқытумен оқуда жоғары нәтижеге жету үшін жауапты болуын талап етуде.
Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебінде «Магниттік ауыл мектептеріндегі педагогтардың кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында ауданымыздағы мектептердің ұстаздарының қатысуымен семинар-тренинг өтті.
Магниттік мектептерде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыра отырып, олардың кәсіптік деңгейінің өсуіне, жаңа платформаларды пайдаланып, жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында өткен семинарға облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинетінің шағынжинақталған мектептерді дамыту бөлімінің басшысы Әлия Әлімбаева, аудандық білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаев қатысты. Семинардың ашылуында сөз алған аудандық білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаев барлық жағдай жасалған мұндай магниттік мектептерде білім алған оқушылардың оқу көрсеткіштері де жоғары болу керектігін айта келе, семинарға қатысушы ұстаздарға сәттілік тіледі.
Бұдан кейін әр пәннің ұстаздары өз кабинеттеріне барып, коучинг өткізді. Бастауыш сынып оқушыларының пәндік дағдыларын дамытуға бағытталған оқу мақсаттарын жүзеге асыружолдары мен әдістәсілдері тақырыбында ұстаздар С.Иетаева, Г.Балтабекова, Ф.Жұмахметтер бастауыш пән кабинетінде, биология, география пәндері бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру тақырыбында М.Қалмұрзаева, Қ.Оршыбековалар биология пәнкабинетінде, ал «Сабақтыжоспарлаужәне ресурстарды тиімді қолдану» тақырыбында Л.Момынқұлова, Ж.Көпбосыновалар қазақ тілі пән кабинетінде коучинг өткізді.
Мұнан соң модераторлар А.Қасымбаева, М.Аралбай, Қ.Әзімханова биология, физика, химиялық эксперименттерді жүргізу әдістері бойынша зертханалық жұмыс, Н.Джандарова информатика кабинетінде ЕХСЕL - ді мектеп қабырғасында тиімді қолдану панельді талқылау, А.Жақсылық, Ә.Байділдаева мәжіліс залында Verbatik.comдыбысталуы) Genmi.aic бағдарламалары арқылы бейнеролик құрастыру, мектеп педагогтерінің БЖБ, ТЖБ-ға аналитикалық талдау дағдыларын жетілдіру туралы кейссессия өткізсе, Ұ.Әмірәліқызы «STEAM» технологиясы–баланың дамуындағы инновациялық тәсіл тақырыбында презентация, Г.Бейсентаева, Қ.Келесбаев технология кабинеттерінде көркем еңбек сабақтарында шығармашылық жобаларды жасауға бағытталған зерттеушілік қызмет тақырыбында, ал М.Егембердиева, Л.Маншеева өмірлік жағдайдағы оқушыларға және олардың отбасыларына көмек көрсету және дағдарыстың алдын алу тақырыптарында кейс-сессиялар өткізді.
Сонымен қатар модераторлар шеберлік сабақтарын ұйымдастырды. Атап айтқанда, Н.Кенжебекова, А.Жұмажан, М.Ердосова, А.Алпысбаева қазақ тілі мен әдебиеті сабағында заманауи білім платформаларының тиімділігі тақырыбында, Т.Қожахмет, А.Келдібаева, М.Айтжанова, Г.Томарбай математика сабақтарында жаңа платформаларды қолдану, А.Қасымбаева, М.Қалмұрзаева, Қ.Әзімханова электронды платформалардың көмегімен кіріктірілген сабақ көрсету, Н.Жақасбаева, А.Өмірбекова, Т.Әбсаттар, С.Байжанова, Р.Бокошова, А.Дүйсенқұловалар орыс тілі, шет тілі «Білім беру аясында заманауи платформалардың рөлі: Жаңа технологиялар ағылшын тілі, орыс тілі сабағында» тақырыбында сабақ өтті. Г.Балтабекова, Ф.Жұмахмет бастауыш сынып сабақтарындағы әдіс-тәсілдердің заманауи платформаларды қолданудағы тиімділігі тақырыбында, Қ.Оршыбекова, Н.Әбдіраш, Ж.Алпысбаева география сабақтарында жаңа инновациялық және креативті АКТ платформаларын пайдаланып, оқушы белсенділігін арттыру, А.Жақсылық, С.Дүйсебаева, М.Күлдіманас, А.Бекниязова тарих пәні сабақтарында деректі талдау арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту, платформаларды орынды пайдалану жолдары тақырыбында шеберлік сабақтар өткізді.
Нәтижесінде ұстаздар оқыту мен оқудағы білім платформаларының тәжірибелік маңыздылығын түсінді. Оқушының жеке тұлғалық дамуына, яғни оның өзінөзі тануға және өзіндік өсу бағытында, мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігін жетілдіруде білім платформаларының маңызды екендігі туралы түсініктері қалыптасты.
Алуа ҮМБЕТҚҰЛОВА, «Мойынқұм таңы».
26.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 168
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 172
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 388
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 353
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 970

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9048
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8444
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11671
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9435
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10652