➤ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзінен:

➤ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзінен:
Мемлекет басшысы «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысты
➤ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзінен:
▪️Орталық Азия – планетадағы климат өзгерістеріне ең осал өңірлердің бірі
✔️Мұнда жаһандық жылыну әлемдегі орташа көрсеткіштен екі есе жылдам жүріп жатыр. Аймақ тосын табиғат құбылыстарымен, атап айтқанда, мұздықтардың еруі, шөлейттену және су тапшылығы секілді сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр.
▪️Бірлесіп әрекет етудің қажеттілігі
Орталық Азия елдерінің орнықты дамуы үшін экономикалық өсім мен климаттық саясат арасындағы тепе-теңдікті қатаң сақтау керек.
▪️Қазақстан және «жасыл» экономика
Жасыл сутегі өндірісі бойынша дүние жүзіндегі ең ірі жобалардың бірін, соның ішінде, жаңартылатын энергия көздерін дамыту.
- Әлемнің жетекші корпорацияларымен бірлесіп жел, күн энергиясын өндіру жобаларын іске қостық.
- Уран өндірісінің 40 пайызға жуығы Қазақстанға тиесілі. Қазіргі кезде еліміз зиянды шығарындыларды азайтып, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту үшін алғашқы атом электр стансасын салуды жоспарлап отыр.
▪️Су ресурстары – өңірге ортақ сын-қатер
- Соңғы жиырма жылда жан басына шаққандағы сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 30 пайызға кеміді.
- Аймақтағы су ресурстарының 70 пайызы – трансшекаралық.
- Қазақстан бұрыннан айтылып келе жатқан Орталық Азия су-энергетика серіктестігін құру бастамасын ілгерілетуге әзір.
- Су үнемдеу технологияларын және smart суару мен гидрологиялық мониторинг жүйелерін дамыту ісінде халықаралық қоғамдастықтың қолдауы қажет.
▪️Биоалуантүрлілік және экожүйе
- Аймақтың биоалуантүрлілігі мен экожүйесін сақтау маңызды.
- Қазақстан Халықаралық биоалуантүрлілікті қорғау қорын құрады.
- Елімізде ормандарды қорғау және сақтау бойынша арнайы бағдарлама жүзеге асырылып жатыр.
- Жас ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізіліп келеді.
- Қазақстан мен Өзбекстан Арал теңізінің құрғаған табанын көгалдандыру ісін бірлесіп атқаруда.
▪️Жаһандық климат
- Климаттық мақсаттағы мемлекеттік және жекеменшік қаржыландыру көлемі де соған сай болуы керек.
- Елдеріміз бірлескен күш-жігерді еселеп, серіктестік аясын кеңейту арқылы ғана орнықты және экологиялық экономика құра алады.
Aqorda
05.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 66
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 62
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 66
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 61

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25145
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24664
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42087
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37949
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42418