Президентті «көктен түсірген» жол

Президентті «көктен түсірген» жол

Менің білетінім, әлемді шарламасам да еш жерде Қазақстандағыдай жол жоқ шығар. Мақтанышпен айтып отырғам жоқ. Тіпті Нұр-Сұлтаннан бастап облыс орталығындағы жолдар сын көтермейді. Бұл айтқанымды алдымен жол азабын тартқандар біледі. Жол мәселесіне осыдан тура 16 жыл бұрын қалам тартып, алдымен ауылдармен қатынас жолдарының нашар екенін тілге тиек етіп едім. Енді әлеуметтік желілерді қарап отырсам «Плохие дороги в Казахстане вызвали недавольство Токаева» деп жазады. Ойпырмай, біздің журналист ағайындар да жазады-ау, Тоқаев көктен жерге түсіп, Қазақстанда жолдың жаман екенін жаңа байқағандай…

Енді Тоқаевтың өз сөзіне келсек: «Низкое качество дорог требует ежегодного ремонта, который выполняется некачественно и приводит к неэффективному расходованию государственных средств» – дейді. Президенттің кеш болса да жағдайды білгеніне тәуба. Кейбіреулердей «бізде бәрі тамаша» деп жүре бермей…

Ақмола облысында автомобиль жолдарының жалпы қашықтығы 7886,5 шақырым, оның 2260,5 шақырымы республикалық маңыздағы жолдар да, 5626 мың шақырымы жергілікті маңыздағы жолдар. Республикалық маңыздағы жолдар біршама жақсы болғанымен, олар облыстағы барлық жолдың 28,7 пайызын ғана құрайтынын естен шығармайық. Мен бұл цифрларды өзім тұратын облыс болған соң келтіріп отырмын. Жалпы Қазақстандағы жолдар осыдан нашар болмаса жақсы емес екендігіне сенімім мол. Өйткені, әлеуметтік желілерде, газеттерде жолдардың сапасының төмендігі үзбей жазылып жатады.

Көптеген ауылдардың қазіргі мүсәпір күйге жеткендігінің бір себебі аудан орталығы, қалалармен қатынасатын жолдардың нашарлығы, тіпті жоқтығы десе де болады. Мен экономист ретінде әрбір жазғаныма талдау жасап отырамын. Ауылдағылардың көбінде жеңіл автокөлігі бар, биылғыдай қар көп жылдары олар гараждарының есігін де ашпайды. Өйткені жол жоқ. Жазда жауын көп болса тағы да қозғалыс жоқ. Аяғы ауыр әйелдердің үйде босанғанын, қатты ауырғандардың ауруханаға жете алмай, үйде қайтқандарын да білеміз. Ал мына газет «В прошлом 2020 году, когда в стране свирепствовала эпидемия коронавируса и от нехватки препаратов и кислородных аппаратов сотни людей умирали в больницах, управление делами президента Казахстана приобрело Airbus за 110 миллионов долларов для обслуживания «лидера нации» Нурсултана Назарбаева» деп жазады. «Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды» дегендей, бұл жерде бір шындықтың бар екенінде дау жоқ. Бірақ, осындай іс-қимылдарды көбіне Елбасының төңірегіндегі жағымпаздар жасайды. Мұны келтіріп отырғаным, ұшақпен ұшып жүргендер ауылдар арасындағы жолдан бейхабар болатыны шындық. Облыстарға барса ең жақсы жолдармен қарсы алып, шығарып салады. Сондықтан тәуелсіз болған 30 жылдың ішінде Елбасы да, бұрынғы Сенат басшысы, қазіргі Президенттің Қазақстанда өздері жүретін жолдардан басқа жерде жөні түзу жол жоқ екенін білмеуі де сөзсіз ғой.

Осы жерде тағы бір айта кететін маңызды мәселе – автожолдардың енінің тарлығы. Қазақстанда жер жетпегендей екі автокөлік әзер сығылысып өтетін жолдар далада да, қалада да жеткілікті. Мұндай жолдар жиі болып жатқан жол-көлік оқиғасының орын алуына себепші екендігінде дау жоқ.

Қазақта «Жол азабы, көр азабы деген» сөз бар. Бұл нақыл тегін айтылмаған, жол азабын тартқан біледі. Көкшетаудан өзіміздің туып-өскен Қарағаш ауылы онша алыс емес, 75 шақырым, соның 50 шақырымын қазіргі ойнақы әсем әндермен ыңылдап болса да айтып барсаң, Аймақ ауылы мен Қарағаштың арасында бір мұңды «Елім-ай» сияқты әнге көшесің. Олай дейтінім, екі аралықтағы 25 шақырым жерді қыста қардан, жазда саздан өте алмай әзер жетуші едік. Қыста кешке қарай Қарағаштан шығып, жолдағы Аймаққа қонып, Көкшетауға әзер жетіп жүрген күндер де болды. Жағың түспей жамандық көрме, елім деген азаматтардың бірі өткен шақырылымдағы Мәжіліс депутаты Сергей Звольскийдің ықпалымен былтыр жол асфальтталынып, рахатқа баттық. Міне, «жол азабын тартқан біледі» деген осы. Мұндай мысалдарды тек Ақмола облысы бойынша ғана ондап-жүздеп келтіруге болады…

Бурабай курорты аймағындағы Щучинск қаласында жылына екі-үш рет болып тұрам, өйткені онда ағайын-туыстар бар. Басқа-басқа, жер-жерден келген туристердің, демалушылардың алдымен ат басын тірейтін осы қалашықта жөні бүтін көше жолдарын көре алмадым…

Дәл бүгін Қазақстан халқының 41 пайызы ауылда тұратынын ескерсек, ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуда жолдың маңызы зор. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 30 мың шақырымдай жергілікті жолдар жөндеуді қажет етеді деп хабарлайды. Менімше, бұдан екі есе көп болмаса аз емес, жобалап айтылған сөз ғой. Ұшақпен ұшқан жақсы, бір уақыт жерге де түсейік, ой-шұқырды санап қазақтың алтын бесігі ауылға да бет бұрайық, биліктегі ағайындар демекпіз.

Ермек Сахариев
02.07.2021

Ұқсас жаңалықтар

Абысын-ажындар сахнада сайысты
Кәмила САПАРХАЙЫР, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы облысы Іле ауданы филиалының төрайымы - 25.09.2024 772
Алаш жұрты  Ғарифолласынан айырылды
«Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы - 25.09.2024 618
13 жасар оқушы  бес түрлі қамшы өреді
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 663
530 өлең жолынан  тұратын кітап
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 25.09.2024 596
Ұстаздар 8 перзент  тәрбиелеп отыр
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 621

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 5595
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 5039
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 8207
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 6020
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 7233