Қала күніндегі бала күлкісі

Қала күніндегі бала күлкісі

Алматыда Қала күніне орай, «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты Қазақ мемлекеттік циркі мен Ж.Елебеков атындағы цирк және эстрада колледжі бірігіп, балаларға қойылым қойды.

«Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж 1,5 және 18 жас аралығындағы балаларға арналған. Денсаулығында ақауы бар балақайлардың екінші үйі десек те болады. Қазіргі күні Алматы қаласы бойынша орталықтың бірнеше бөлімше жұмыс істеп тұр. Барлық бөлімшелерде 178 мүмкіндігі шектеулі бала арнаулы               әлеуметтік қызмет алып жатыр. «Шапағат» әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетіп жүр. Бір сөзбен айтқанда, мүмкіндігі шектеулі балалар жүгіне алатын, сене алатын бірден-бір орталық. Бұны біз өз көзімізбен көрдік.

Орталық балалардың физикалық жағдайына қарамай, рухани дүниесіне де көп көңіл бөлуге тырысады. Оған мысал, бүгінгі қойылым. Мемлекеттік цирк пен Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжі балаларға көңілді қойылым қойды. Сайқымазақпен бірге ойнап, әншілермен билеген балақайлардың шын қуанғаны, олардың өмірге құштар жанарлары адамды елжіретпей қоймайды. Көңілді ән, түрлі қойылымдар мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мекеме басшысы Нұрзия Алимбекова цирк әртістеріне рахметін айтып, Алғыс хат табыстады.

Қазақ мемлекеттік циркі директорының орынбасары Жаликов Мақсат Маратбекұлы сөз алып:

– Қала күніне орай Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты Қазақ мемлекеттік циркі мен Ж.Елебеков атындағы цирк және эстрада колледжі бірігіп, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мәдени іс-шарамен келіп отырмыз. Біздің цирк үнемі бұндай шараларға атсалысып, қатысып тұрады. Осындай күн жылыда, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлағымыз келеді. Балақайлар ауырмасын, бәрі тек жақсылықта болсын! – деді.

Расында, сары күздің жайма шуақ күндері көңілге кірбің ұялатпайтын таза бала жүрекке тек жақсылықтан басқа ештеңе тілей алмаспыз...

 

 

Абзал СҮЛЕЙМЕН
23.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 13
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 21
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 27
 ШАРДАРАЛЫҚ 9 ОҚУШЫ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ИСПАНИЯДАҒЫ ЖАРЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.04.2024 25

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 997
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7046
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10891
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7115
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7257