Астана қаласында апта сайын жәрмеңке! Апта сайын әр облыстың креаторлары бас қосуда. Сән, өнер, музыка мен ұлттық қолөнер бір алаңда тоғысуда! Осы аптада 17–18 қазан күндері Creative Aimaq жәрмеңкесінде Қарағанды креаторлары авторлық сән топтамаларын, жанды джаз, ерекше туындылар мен қызықты шеберлік сабақтарын ұсынды. Астаналықтар жаңа есімдермен танысып, қарағандылық креаторлардың шығармашылығына куә болды!
Сарыарқаның өнері мен шығармашылық рухы елорда төрінде екі күн бойы қалықтап тұрды. Арқаның бай мұрасы мен заманауи жетістіктерін тоғыстырған шараға 80-нен астам креатор қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Көмірден жасалған көркем бұйымдар, инновациялық 3D-технологиялардың жөні бөлек. Әсіресе, жәрмеңкенің ерекше әсерлі сәттерінің бірі – Амантай Жұмашұлы мен Ақтоғай ауданының «Тоқырауын толқындары» халықтық ән-би ансамблінің өнері десек, қателеспеспіз. Арқаның асқақ әнін, Сарыарқаның дарқан мінезін, ұлттық өнердің текті болмысын паш еткен өнерпаздар көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Тағы бір маңызды оқиға – әлемге танылған қазақстандық суретші Кәріпбек Күйіковтің «Қайсар рух» және «Жизнь без рук» кітаптарының таныстырылымы. Қайсар тұлғаның өмір жолы мен шығармашылығы адам рухының беріктігін, өнердің шексіз құдіретін айғақтайды.
Креативті индустрияларды дамыту қорының өңірлік даму жөніндегі басқарушы директоры Ерлан Каналимов:
«Ерекше айтар дүние – Қарағанды креаторлары Астанада 10 млн теңгенің өнімін сатты. 4 500 келуші соның айғағы. Қарағанды креаторлары өнердің табысты кәсіпке айнала алатынын көрсетті! Бұл үлкен жетістік. Қарағандының өнері мен шығармашылығы Астанада таныстырылады! Кәріпбек Күйіковтің кітаптары, дизайнер Гүлнұр Жарылханованың сән топтамалары, джаз әуендері, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің өнерпаздары мен қарағандылық қолөнершілердің туындылары елордада өтетін креативті жәрмеңкеде көпшілік назарына ұсынылды.
17-18 қазан күні Qazaq Creative Hub алаңында Қарағанды облысының креаторлары бас қосты. Екі күн бойы өңірдің қолөнері, сәні, әдебиеті мен музыкасы таныстырылып, «Алтын жіп» сән көрсетілімі, концерттер мен шеберлік сабақтары өтті. Жәрмеңке «Creative Aimaq» республикалық жобасы аясында ұйымдастырылды. Жоба өңір креаторларының еңбегін танытуға, отандық брендтерді қолдауға және шығармашылық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Қарағандылық шеберлердің еңбегін тамашалап, авторлық туындыларымен жақыннан танысу үшін 17-18 қазан күндері Астана қаласы, Жошы хан көшесі, 16/2 мекенжайындағы Qazaq Creative Hub орталығына халық көп жиналды.
Кітап оқу мәдениетін дамытуда креативті индустрияның мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану маңызды. Әдебиетті заманауи медиа, анимация және цифрлық технологиялар арқылы насихаттау оқырман қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте Президенттің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы аясында жүзеге асырылып жатқан «Кітап оқитын ұлт» марафоны талқыланды.
Кеңесте Қор атынан кітап дүкендерінде арнайы сөрелер орналастыру, қаламгерлермен кездесулер өткізу, әдеби шығармалар негізінде комикстер, анимациялар, кітап трейлерлері мен қысқа бейнероликтер әзірлеу жөнінде ұсыныстарымды білдірдім. Сондай-ақ Kitap Club, Kitap Talks, Kitap Quiz жобаларын дамыту, мәдениет мекемелерінің электрондық билеттеріне марафонның QR-кодтарын орналастыру ұсынылды. Бұл жұмысқа өңірлік креативті хаб пен Қордың өңірлік үйлестірушісі жұмылдырылады. Олар кітапханалармен, оқу орындарымен және шығармашылық қауымдастықтармен бірлесіп, жергілікті бастамаларды жандандырады.













