Қаратау қаласы қоқыс өңдеуге көшеді
Кезінде өндірісі өркендегенмен, 90-жылдары кетеуі кетіп, жабылуға шақ қалған Қаратау қаласы да қоқыс өңдеуге кіріседі.
Бұл үшін арнайы карта жасалады. Жаңа жоба ескі полигонды қоқыстан арылтудың да бір амалы. Қазір тазартса ұзатып ат шаптыратындай аумақта біраз істің беті қайырылды. Жұрт та жиылып, осы маңға сенбілік жүргізіп жатыр.
Көктемнің алғашқы күнін қаратаулықтар Тамды өзенінің бойын тазалаудан бастады. Сенбілікке ардагерлер, спортшылар, студент жастар шығып шашылған күл-қоқысты жинады.
Қала көркін бұзып тұрған ескі ғимараттардың орны, топырақ, тас, құм үйінділері сияқты қалдықтарды жинауға арнайы техникалар мен жұмысшылар тартылды.
Құрал Нұрпейісов, Қаратау қаласының тұрғыны: – Қоқысты басқа жақтан әкеп ешкім тасмайды.
Осы Қаратаудың жергілікті адамдары тастайтын. Контейнер қойылмаған ба?
Контейнерлер бар. Көп жерде бар. Бірақ соны да түсінбейді да. Контейнердің ішіне тастамайды. Тура сырта тастап кететін жағдай бар.
Жиналған күл-қоқыс полигонға тасталады. Есеп бойынша қаладан аптасына шамамен 20 тонна қалдық шығады.
Алаң 10 гектар болғанымен соңғы 30 жылда аумағы 20 гектарға дейін жайылып кеткен. Қоршаған ортаның одан әрі ластануының алдын алу бағытында арнайы карта әзірленіп жатыр.
Енді сырты қоршалып, кіреберісі бір жерден болады. Бірнеше жерге күзет қойылып цех салатын орын дайындалуда.
Дархан Байымбетов, Қаратау қаласының әкімі:
– Проблеманы аудан басшысы қолға алды. Карта жасалып жатыр. Картаға байланысты мынаның барлығын қоршатамыз. Мусордың бәрі осы 10 гектар жпердің ішінде өздеріңіз көріп тұрғандай осының бәрін жинақтап обработка жасасақ деген жоспар бар. Цех болады. Осында светі тартылады. Жол қойылады. Цехта 5-6 адам жұмыспен қамтылады. Қала әкімдігінің балансындағы қоқыс алаңы жекеге сенімгерлік басқаруға берілмек. Ал оны алған кәсіпкер өңдеу цехын орнатып жұмысты жүргізуге міндеттеледі. Қазірдің өзінде пластик, шыны, қағаз сияқты қалдықтарды бірден сұрыптау үшін қала ішіне жаңа контейнерлер орнатылып жатыр. Техника да жаңадан сатып алынды. Енді қала билігі бақылауды күшейтіп рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастағандарға аямай айыппұл салуға бекініп отыр.
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/531826-aratau-alasy-o-ys-deuge-k-shedi
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz