Қаржылық сауаттылық – заман талабы

Қаржылық сауаттылық – заман талабы

12 мың алматылық қаржылық сауаттылық бойынша оқудан өтуге мүмкіндік алады. «Қарызсыз қоғам» жобасы басталғаннан бері мегаполистің 3500 тұрғыны өз қаржысын басқаруды үйренді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қуаныш Төлепов айтты. «AMANAT» партиясы іске қосқан «Қарызсыз қоғам» жобасы – қазақстандықтардың қаржылық мәдениеті мен кредиттік тәртібін арттыруға арналған пәрменді құрал.

Алматыда аталған жоба 2024 жылдың 5 ақпанынан бастап қалалық әкімшілікпен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. «Amanat» партиясы іске қосқан «Қарызсыз қоғам» жобасы проблемалық кредиттер мен қарыздар салдарынан қиындықтарға тап болған қазақстандықтарды қолдауға бағытталған. 2020 жылы 30 мамырда «Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілген болатын. Қаржылық көрсетілетін қызметтердің серпінді дамуының, бөлшек өнімдердің онлайн-форматқа және жаңа цифрлық технологияларға ауысуының, неғұрлым күрделі әрі сонымен бірге тәуекелді қаржы құралдарына деген сұраныстың өсуінің қазіргі заманғы жағдайында халықтың қаржылық сауаттылығы мәселелері жандандыруды талап етеді. Халықтың қаржылық білімін арттыру қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің негізгі элементі, халық пен бизнестің қаржылық көрсетілетін қызметтерге үздіксіз қол жеткізуінің, қаржылық орнықтылықты және қоғамның әл-ауқатын қамтамасыз етудің шарты болып табылады. Қаржылық сауаттылық қаржылық білім берудің үздіксіз процесі арқылы іске асырылады, ол халықтың хабардар болуын, қаржылық білімі мен дағдысын, жеке немесе отбасылық бюджетті басқару бойынша дұрыс әрі сараланған шешімдер қабылдауға көмектесетін әрекет ету модельдерін жақсартуға бағытталған. Ата-анасы балаға ерте жастан ақшаны дұрыс ұстаудың жолдарын, оның қайдан алынатынын және қалай дұрыс жұмсау керектігін түсіндіре отырып үйретуі қажет. Отбасылық бюджет үйге келетін барлық кіріс пен отбасының толық шығынынан құралады. Кіріс, бұл –отбасы мүшелерінің жалақылары, зейнетақы, жәрдемақы, ақшалай сыйлықтар, материалдық көмек. Отбасының шығыны – тамаққа, киімге, тұрмыстық химияға, коммуналдық төлемге, егер бар болса, кредит төлеуге, сонымен қатар демалысқа, оқуға, ойын-сауық пен тағы басқаға жұмсалған қаражат.

«Биыл жоба бойынша еліміздің барлық өңірінде 200 мың адамды, оның ішінде Алматы қаласының 12 мың тұрғынын оқыту жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта қала әкімдігімен бірлесе қаламыздың 6 мекенжайы бойынша оқыту өткізілуде. Алматы қаласына 6 қаржы сарапшысы бекітілген. Олар түске дейін жалпы бағдарлама, түстен кейін қатысушының қалауы бойынша жеке кеңестер береді. Жоба қаланың 8 ауданын қамтиды. Оқыту 5 күн болады. Осы уақыт ішінде қатысушылар отбасылық бюджетті жүргізуді, шығындарын басқаруды, несиелік қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу бойынша ұсыныстар алуды, тиімді шарттармен несие таңдауды, депозиттердің әртүрлі шарттарымен танысуды, ірі сатып алуларды жоспарлауды үйренеді», – деді Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қуаныш Төлепов.

Айтуынша, оқыту шеңберінде қаржы сарапшылары мен жеке кеңесшілер қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік грант пен кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі.

Жоба аясында қатысушылар шоттарына тыйым салынған, қарыздары коллекторлық компанияға сатылған жағдайда немесе несиелік қарызды қайта құрылымдау бойынша білікті заңгерлерден көмек ала алады.

Бұл оқудан офлайн форматта бір топта 100 адамға дейін өтеді.

«Қарызсыз қоғам» жобасы қарызға белшеден батып, үмітін үзгендерге нақты қолдау көрсетеді. Жоба қолда бар қаражатқа өмір сүруге, қажетсіз несиеден бас тартуға үйретеді. Бәрін осы жобаға қатысып, өзінің қаржылай сауаттылығын арттыруға шақырамын», – деді спикер.

Тегін курстар мен оқудан өтуге ниет білдірушілер тұрғылықты жері бойынша «Amanat» партиясының аудандық филиалына немесе аудан әкімдіктеріне жүгіне алады. Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін qogamfin.kz онлайн-платформасы да іске қосылды, ол арқылы оқу курстарына жазылып, пайдалы материалдар мен бейне сабақтарды жүктеп алуға болады.

ГАУҺАР ТҰРСЫНҚОЖА
18.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 244
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 314
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 267
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 303

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4132
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3561
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 5776
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4536
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 5721