ҚАЗАҚ ҮШІН ШАМ ҚЫЛҒАН ЖҮРЕК МАЙЫН...

ҚАЗАҚ ҮШІН ШАМ ҚЫЛҒАН ЖҮРЕК МАЙЫН...

Алаш қайраткерлері ұлт тағдырын жеке бас өмірінен жоғары қойып, осы қасиетті жолда шейіт кетті. Бірақ олардың есімі халық жадынан, тарих бетінен әсте өшкен жоқ, өшпейді де. Себебі,  туған халқы үшін жанын пида еткен асыл жандарды ұлттың өзі де ешуақытта ұмытпайды.

Себебі, бұлар алаш жұрты үшін алдаспан намыстың өзі, адастырмас рухтың Темірқазығы еді. 

«Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов,

Білемін бұл үш ердің айтпай жайын.

Кешегі қара күнде болмап па еді,

Бірі күн, бірі шолпан, бірі айым.

Солардан басқа кеше кім бар еді,

Қазақ үшін шам қылған жүрек майын»  деп толғады Сұлтанмахмұттың өлең жолдарын оқи отырып, ақын жүрегінің соншалықты сезімталдығына бір жағынан қайран қаласың, ал екінші жағынан Алаш арыстарына деген қалың жұрттың  сүйіспеншілігіне куә боласың. 

 

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының Қарқаралыда іздері сайрап жатыр. Ақтерек ауылында Ахаң сабақ берген мектеп әлі күнге дейін тұр. «Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса» - дейтін Ахаң осы мектепте қыр балаларына сабақ беріп, тәлім үйреткен. Бұл мектеп түгел атырапқа шуағын шашты, Ахаңның ағартушылық қызметінің елеулі кезеңі осы Қарқаралыда өтті. 

 

Бір ескеретін дүние,  Ахаң тек Ақтеректе ғана емес, күллі Қарқаралы өңірінде мектептер ашып, ағарту ісімен айналысты. Бұл жағын тарихшыларымыз тереңірек зерттей түсуі тиіс. 

 

Ахметтің ұстаздық тәлімімен қоса, саяси күресі де Қарқаралымен тығыз байланыста екені анық. Әйгілі «Қарқаралы петициясын» айтсақ та жеткілікті. Әлихан, Әлімхан, Жақыптармен бірге қала көшелерінде алшаң басып жүрді, Қоянды жәрмеңкесінде қалың елдің алдына шығып тәуелсіздік, қазақтың жеке ел болуы, оқу-білім сынды мәселелерді қозғағаны көз алдыма келеді. 

 

Қарқаралы кіреберісіндегі Әлихан, Ахмет, Әлімхандардың келелі кеңесін сипаттайтын ескерткіш те олардың сол қастерлі күресінің бір көрінісіндей. 

 

Ахаңның қай қырын алып қарасаң да, оның ерекше болмыс-бітіміне көз жеткізесіз. Осынша терең білім, түпсіз түйсік, нәзік талғам қалайша бір адамның бойынан табылған деп таңданасыз... 

Ахаңның мектебі, арыстардың ескерткіші, қала орталығындағы алаш қайраткерлерінің муралы – жиып қарағанда, бәрінің де айтар ойы, сананы селт еткізер салмағы бар. Ол - ұлтқа қалтқысыз қызметтің биік үлгісін паш еткен Алаш қайраткерлеріне деген құрмет, өлке тарихының айқын таңбасы, жас ұрпаққа ұлағат. 

 

«Мен өлсем де өлемін жөнімменен,

Тәннен басқа немді алар өлім менен.

Өлген күні апарып тығары – көр,

Мен жоқ болам көміліп тәнімменен.

 

Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.

Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын,

Ел – бүгіншіл, менікі ертең үшін»  дейді Ахаңның өзі. 

 

Ұлттың ұлы ұстазының ардақты есімі, атқарған еңбегі, үлгі-өнегесі ұлтпен бірге жасай бермек.

Ерлан ҚҰСАЙЫН ФБ парақшасынан
05.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 123
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 50
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 118
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 123
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 314
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 308
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 931

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9004
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8399
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11625
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9382
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10609