Қазақстан араағайындыққа дайын

Қазақстан   араағайындыққа дайын

Ғаламтор беттерінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Ресей-Украина шиеленісі туралы пікірі жарық көрді. inbusiness.kz сайтының хабарлауынша, Мұхтар Бескенұлы «Қазақстан Ресей мен Украина келіссөздері үшін алаң ұсынуға дайын», – деп мәлімдеген. «Орыс және украин халықтары біз үшін бауырлас халықтар, сондықтан біз, әрине, алаңдаймыз. Оларды татуластыру үшін көмек көрсетуге дайынбыз. Егер екі тарап қаласа, біз келіссөздер алаңын ұсынуға дайынбыз», – депті Мұхтар Тілеуберді мырза. 

Жауласқан екі тараптың өкілдері 28 ақпан күні Белоруссияның Гомель қаласына келді. Келіссөз туралы ең алдымен сөз қозғаған Украина басшысы еді. Әу бастан бұған қатаң позиция білдірген Ресей үкіметі бірер күн өткенде келіссөз мәселесін өздері қозғады. Екі тараптың делегациясының кездесетін орны туралы біраз тақылаулар жүргені белгілі. Ресей жағы Минскіде кездесуді ұсынғанымен бұған Украина тарапы қосылған жоқ. Украина президенті Владимир Зеленский келіссөз алаңы ретінде Варшава мен Будапешт қалаларының атын атады. Алайда НАТО-ға мүше елдердің аумағында кездесуге орыстар көнген жоқ. Сөйтіп біраз ырғаса келе Украина шекарасына жақын жерге орналасқан Гомель қаласына таңдау түсті. Гомель облысы Беларусьтің оңтүстік-шығыс бөлігінде, Беларуссия мен Украинаның шекарасында орналасқан. Оның әкімшілік орталығы Гомель Минсктен кейінгі екінші үлкен қала, Минсктен 302 шақырым, Мәскеуден 567 шақырым және Киевтен 222 шақырым қашықтықта орналасқан.

Екі тараптың ортасындағы сұрапыл соғыстың соңы бір келіссөздермен бітпесі анық. Қазақстан соғыс басталғалы алғаш рет Украина-Ресей ортасында араағайындық танытуға ниетті екендігін ашық аңғартты. Сондықтан алдағы уақытта, бауырлас екі елдің арасын жалғайтын «Нұр-Сұлтан келісімі» өмірге келуі де ғажап емес. 

 

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
03.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 110
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 110
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 626
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 744
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 656
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 667

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8804
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8203
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11429
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9183
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10414