«Qazaqstan dauiri» газеті Тәуелсіздіктің төл құрдасы

«Qazaqstan dauiri»  газеті  Тәуелсіздіктің төл құрдасы

Қазір қоғам арасында беделі артып, зиялы қауымның сүйіп оқитын басылымының біріне айналған «Qazaqstan dauiri» (Қазақстан – Zaman) газеті Қазақстан Тәуелсіздігінің төл құрдасы саналады. Өйткені ол Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы 17 қаңтарда ашылған-ды. Аталған газет сол тұста  Қазақстанда ашылған тұңғыш шетелдік еларалық еркін басылым болды. Содан бергі уақыт кеңістігінде біздің басылым түркі руханиятын көтеруге және осы елдің байырғы халқы – қазақ ұлтының сөзін сөйлеп, қазақ мүддесіне қызмет ету жолынан айныған емес. Қазақстан мен Түркияның арасындағы екiжақты ресми байланыстың орнағанына да биыл 30 жыл толды.  

1998 жылы елдің бас қаласы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.  ҚР Астанасының тұсаукесер құрметіне «Астана» естелік медалі тағайындалды. 10 маусым күні Астананың Халықаралық тұсаукесері өткізілді. Бұл оқиғалардың бәрі газет бетінен орын алды. Бұл жылы да газет өзінің халықаралық мәртебесіне сай, саясат пен экономика, әлеуметтік, халықаралық қатынас, ынтымақтастық тақырыптарына баса назар аударды. Мәселен, «Сенім дағдарысы және тәуелсіздік тағдыры» (Айтан Нүсіпхан), «Ғасырды шығарып саларда» (Камал Смайылов), «ХХ ғасыр жеті жылдан тұрмайды» (С.Ақатай), Каир университетінің профессоры Хасан Нефаемен сұхбат «Таяу Шығысқа тыным бола ма?» (Ерхан Башиурт), «Қазақстан жаңа ғасырға Астанамен барады» (Жұмабай Шаштайұлы), «Бай, кедей һәм орташа» (Сәтжан Төлеумағанбет), Қазақ поэзиясында не жаңалық?» (Сәтжан Төлеумағанбет), «Біз неге ауыра береміз?» (Ш.Төлегенұлы), т.б. бірқатар материалдар жарық көрді. Бұл жылы көптеген мақалалар «XXI ғасыр: табалдырықтан биік тау жоқ» айдарымен берілген екен. Үздік мақала – «Қытаймен қатынас ұлттық тәуелсіздігімізге қатер төндірмеуі шарт» (Әкім Ысқақ). 2000 жыл.

2001 жылғы газетте де сұхбаттасуға кең орын берілген. Мәселен, «Ағайын арасы» деген айдармен берілген «Енді 10 жылдан кейін Қазақстан бай өлкеге айналады» атты мақаланы Ахмет Аляз Али Токулдан сұхбат алу арқылы беріпті. Тағы да осы автордың «Түркияның 10-шы президенті – Ахмет Неждет Сезер» мақаласы саяси бейнепортрет стилінде жазылған. Ал И.Жанұлының «Рухани сорбұлақтар көбейді» мақаласы белгілі қаламгер Герольд Бельгермен сұхбат ретінде берілген. Басылым халықаралық газет болғандықтан, саяси бағытынан жаңылмаған. Ондағы «АҚШ-Қытай жанжалында қайсысын жақтау керек?» (Марат Әнденов), «Оңтүстік шекара тыныштығы алаңдатса...», «Көршіңмен қалайсың?» «Әскердегі «ақсақалдық», «жерлестік» және «ұлтшылдық» (Бейбіт Төлегенұлы), «Таразының екі басы тең бе?» (Ғ.Ақсейіт), «Қазақ пен казак арасы» (Нәзира Сәрсекова), «Көгілдір отын Қазақстан үшін қат па?» (Ғ.Ақөсейіт), «Ауылдың ақ пен қарасы» (Б.Мүрсәлім), Дүкен Мәсімхан: «Біз, қазақтар, ал, қытайлар...» (салыстырмалы сараптама, әзірлеген Ғ.Ақсейіт),  «Адамзатты алаңдатып отырған Ауғанстан» (Х.Гүлерже), «Күнгей Әзірбайжан қасіреті» (Наурыз Қожахметұлы), «Ауғанстанға көзқарас: кеше және бүгін» (М.Әбдікәрімов), «Каспий мәртебесі қалай анықталады?» (Әділбек Ыбырайымұлы), «Экономикалық дербестік болмай...» (Г.Бекжанова), «АҚШ-тағы террористік актілердің психологиялық себептері» (Мұхит Асанбаев), «Батыс пен Шығыс тайталасынан сақтасын» (М.Әнденов), «Өзбекстан-Қазақстан: шекаралық бітім» (Сұлтан Хан Аққұлұлы), Әскер Бақаевпен сұхбат «Соғыс өнерінде қазақтың рухы басым» (Ғ.Ақсейіт), «Астананың әлеуметтік-демографиялық бейнесі» (С.Аққұлұлы). Бұл жылы газетте Әзімбай Ғали әр жылдары Қазақстанды басқарған саяси және қоғам қайраткерлері туралы мақалалар жариялап, сонау 1920 жылы елді басқарған Сейітқали Меңдешевтен бастап 1986-1989 жылдары елді басқарған Г.В.Колбинге дейінгі республика басшылары туралы материалдар беріп тұрған. Үздік материал – «Қазақтың жері қанша тұрады?» (Дархан Халықұлы).

 

Ермек САХАРИЕВ, Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
03.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 78
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 600
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 717
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 629
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 639

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8775
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8175
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11404
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9158
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10389