2023 жылғы 12 шілдеде Алматыда тұңғыш рет ОңтүстікКорея астанасы мэриясының қолдауымен олардыңтуризм ұйымының ұйымдастыруымен (Seoul TourismOrganization, STO) Сеул қаласының туристік жәнемедициналық мүмкіндіктерінін таныстырылымы өтті.
Іс-шара ақпараттық сессия және көрме форматында өтті,оған Корея мен Қазақстаннан 100-ге жуық туристікиндустрия өкілдері қатысты.
Қазақстаннан келген туристер арасында Сеулдіңтанымалдығы жыл сайын артып келеді. Корея астанасыныңтарих пен инновацияны үйлестірген бірегей ерекшелігіненбөлек, бұл қала сонымен бірге сауда және гастрономия орталығы ретінде де танымал. Сондай-ақ, қазақстандықтарСеулге жасайтын сапарын демалыспен және ем алуменұштастырғанды жөн көреді, өйткені Корея Республикасыныңастанасы өзінің жоғары сапалы медициналық сервисіменәйгілі. Сөйтіп, STO мәліметтері бойынша, медициналыққызмет алу мақсатында Орталық Азиядан Сеулге келетінкелген туристердің 63% - ы қазақстандықтар.
Іс-шара екі бөлімнен тұрды. Біріншісінде – «B2B TravelMart» көрмесі өтті, онда Сеулдің жаңа туристік өнімдері мен медициналық ресурстары ұсынылды. Екінші бөлім ОңтүстікКорея астанасының тартымды туристік инфрақұрылымыныңтаныстырылымына арналып, қазақстандықтарға Сеулдіңбірегей, ерекше тұстары көрсетілді.
Қазақстандық туризм өкілдері медициналықбағдарламаларға, сондай-ақ сауықтыру мен жасартурәсімдеріне айрықша назар аударды.
Сеулден 12 компания қатысты, олар мынадай салалардытаныстырды:
- туроператорлар (Golden Tour Korea DMC, One Korea Tour, Premium Pass International),
- қонақүйлер (Crescendo Hotel),
- ойын-сауық және сауда (Lotte Duty-Free, Shinsegae Duty-Free),
- медициналық мекемелер (Korea University Anam Hospital, View Plastic Surgery, Soon Chun Hyuang University HospitalSeoul),
- медициналық орталықтар (Good Medi Korea, Medical Avenue, EMS).
Іс-шараға қазақстандық жетекші туристік компаниялардың100-ге жуық өкілі қатысты, олардың ішінде All Good Travel, We Vacation, Next Station Travel және басқалары бар. Сеул туризм өкілдерімен іскерлік кездесулер өткізіліп, келіссөздержүргізілді, маңызды келісімдерге қол жеткізілді. Осылайша, Сеул қаласының Туризм ұйымы JCI аккредитациясынқатарынан бес рет алған Кореядағы алғашқы ауруханаKOREA UNIVERSITY Anam Hospital мен KazIOR (Қазақонкология және радиология ғылыми-зерттеу институты) жетекші онкологиялық клиникасы арасында іскерлікынтымақтастық туралы келісім жасады. Бұл келісіммедицина саласындағы тұрақты ынтымақтастықты одан әрідамытуға мүмкіндік береді.
Іс-шараға төрт халықаралық дәрежеде танылған Сеулауруханасы және бес дәрігер қатысып, Қазақстандағыпациенттерге түрлі медициналық бағыттар бойыншаконсультациялар өткізгенін айта кету керек:
Іс-шара күні – 12 шілдеде – Kyung Hee University KoreanMedicine Hospital, Seoul National University Dental Hospitalжәне Soon Chun Hyang University Hospital Seoulауруханаларынан шығыс медицинасы, стоматология жәнежеңіл аурулармен ауыратын науқастарды медициналықтексеру бағыттары бойынша консультациялар өткізілді.
Сондай-ақ 13 шілдеде Корея Мемлекеттік университетігоспиталінің дәрігерлері COVID-19 салдарлары мен асқазан-ішек жолдарының онкологиялық ауруларын қоса алғанда, ауыр аурулармен ауыратын науқастарға кеңес берді.
Киль Ки Ён, Сеул қ. Туризм ұйымының бас директоры:
«Корея Республикасы мен Қазақстан туризм саласындамаңызды ынтымақтастыққа ие. Бұл іс-шарада бізқазақстандықтардың Сеулге, әсіресе медициналық қызметкедеген үлкен қызығушылығын көрдік. Сонымен қатар, бізшетелдік туристер үшін әртүрлі қызықты фестивальдардайындаймыз, мысалы, «Seoul Lantern Festival», онда сізКорей мәдениетіне – K-Pop, K-Beauty және K-Foodжақынырақ келіп, таныса аласыз. Біз Сеулге келетінҚазақстан азаматтары зор қызығушылық танытып, белсендіқатысады деп үміттенеміз. Бұл іс-шара Қазақстаннан келгентуристер мен пациенттердің біздің қалаға келіп, көріп, оны жақсы көруі үшін Сеулдің бұдан да зор мүмкіндіктерітуралы білуіне септігін тигізеді деп үміттенеміз.
Біз, өз тарапымыздан, біздің Ұйым Сеулге медициналықмақсатпен келетін шетелдік туристерді қолдау бойыншабелсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өткіміз келеді. Мысалы, биыл біздің ұйым медициналық туризм бағытыбойынша 99 ресми аудармашы-үйлестірушілердіңбіліктілігін арттыру шарасын өткізеді, сондай-ақ Сеулдетуризм үшін сенімді жағдайлар жасау үшін басқа да іс-шаралар жоспарлануда.
Сонымен қатар, Сеул қаласының Туризм ұйымы біздің іс-шарамызға қатысатын Корей университетінің Анамауруханасына және Қазақстандағы тамаша онкологиялықаурухана – Қазақ онкология және радиология институтына(ҚАЗОРИ) болашақта Сеул мен Қазақстан арасындамедициналық туризмнің белсенді алмасуына үміт арта отырып, демеушілік жасады.
Ынтымақтастық медициналық және туристік желілер алмасусияқты мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізіндегімедициналық туризмді қолдауды қамтиды».
Анықтама: Американдық Newsweek басылымыныңхабарлауынша, 18 корей ауруханасы «Әлемдегі ең үздікауруханалар 2023» тізіміне енгізілген, ал Оңтүстік Корея тізімде АҚШ пен Германиядан кейінгі ауруханалар саны бойынша 3-ші орында. Осы 18 аурухананың 13-і Сеулдеорналасқан, бұл Сеулдің медициналық туризм үшінтартымды қала ретіндегі халықаралық мәртебесін растайды.