Қазақтың бір аруын бақытты етпеген жігіт – қазақ емес!

Қазақтың бір аруын бақытты етпеген жігіт – қазақ емес!

Мұхтар Әуезов:

 «Өз жұртыңның аруымен бас қосудың 

аса қажеттігін кеш сезіп, сан соғып жүрміз».

 

Ахмет Байтұрсынов (ұлт көсемі) Александра Иванова деген орыс қызына үйленген. Тұрмысқа шыққаннан кейін ислам дінін қабылдап, Бадрисапа Мұхамедсадыққызы атанған.

 Әлихан Бөкейхановтың жұбайы – Елена Севостьянова. Екеуінен Қанипа (куәлік бойынша Елизавета) есімді қызы, Оқтай (ресми Сергей) есімді ұлы бар.

 Бөкейханов Петр – Әлиханның жалғыз ізбасары, таза орыс болып кеткен. Суреті әлеуметтік желіде тұр.

 Бақытжан Байқадамовтың  (Қазақ музыка хорының негізін қалаушы) жұбайы – Валентина Панфилова. Атақты генерал Панфиловтың  үлкен қызы.

 Батырхан Шүкенов пен Екатерина Шелякова. 20 жыл бірге тұрған. Мақсұт есімді жалғыз ұлы болған.

 Владимир Рысқұлов – Тұрар Рысқұловтың немересі. Таза орыс болып кеткен. Суреті әлеуметтік желіде тұр.

 Дінмұхамбет Қонаев та (Қазақстан Орталық партия комитетінің бірінші хатшысы) Зухра деген татар қызына үйленген. Зухраның әкесі Шарип Ялымов татардың белгілі байы, қала басшысы болған.  Өмірден ұрпақсыз өткен.

 Денис Кенесарин (Иеромонах Серафим әкей). Кенесары ханның ұлы Сұлтан Ахметтің үшінші буын ұрпағы.  Таза орыс болып кеткен. Православ шіркеуінде поп болып жүр. Суреті желіде тұр.

 Ермек Серкебаевтың бірінші жұбайы Тамара Ефимовна Лебедевадан екі ұлы, екінші жұбайы Лидия Сергеевна Ивановадан Ирина Серкебаева деген қызы бар.

 Жүсіпбек Аймауытов пен Евгения Карабатыровна (жартылай орыс, жартылай қазақ) Муза есімді қызы болған. Бірінші жұбайы Вера Волковадан Бектұр мен Жанақ атты екі ұлы бар.

 Жұмабай Шаяхметовтың да  (Қазақстанның Орталық партия комитетінің бірінші хатшысы) жұбайы  Майнур Галиевна Чокабаева татардың  қызы. Некеден Равиль, Ноэль, Алма және Тарғын есімді үш ұл, бір қызы болған.

 Қаныш Сәтбаев пен Тайсия Кошкиновадан Мейіз, Мариям есімді екі қызы және бір ұлы болған. Ер бала жас кезінде қайтыс болған. Артында қарашаңырағын ұстап қалатын ешкім қалмаған.

 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Надежда Тоқаева. Некеден Тимур есімді бір ұлы бар. Президент болардың алдында ажырасқан. Жұбайы мен ұлы Ресейде тұрады, ірі бизнесмендер, қазақ тілін мүлдем білмейді. 

 Мажит Бегалин (кинорежиссер) Людмила деген актрисаға үйленген. Некеден Нартай Бегалин деген ұлы бар.

 Ораз Жандосовтың жұбайы Фатима Аскаровна Сутюшова, Ташкенттік татар комерсантының қызы. Балалары Эдге, Санджар, Али.

 Олжас Сүлейменовтің  жұбайы –  Маргарита Владимировна. Динара, Мадина және Лейла атты үш қызы бар. Артында қарашаңыраққа ие болып қалатын ұл бала жоқ. Әйелінің ықпалымен жаттың тілінде сөйлейді. Өмір бойы Ресей тілінің мүддесін қорғап, қазақтың Ана тіліне қарсы шығумен келеді.

 Тұрар Рысқұловтың бірінші жұбайы Татьяна Колосовская бұрынғы генерал-губернатордың қызы. Ескендер (Александр) есімді ұлы бар.

 Тоқтар Әубәкіров (ұшқыш-космонавт) пен Татьяна Малышева. Тимур мен Михаил есімді екі ұлдары бар. Кешегі «Қаңтар ұлт-азаттық көтерілісі» кезінде «Қазақ әскерлері Қазаққа қарай оқ атпайды» деп, Тоқаевқа Ресейден әскер шақыруға кеңес берген.

 Мұхтар Әуезовтің жұбайы – Валентина Кузмина. Лейла есімді бір қызды болған. «Өз жұртыңның аруымен бас қосудың аса қажеттігін кеш сезіп, сан соғып жүрміз» (Өз сөзі). 

 Ілияс Жансүгіровтің жұбайы – Фатима Зайнуллиновна Габитова. Некеден Умут, Ильфа есімді екі қыз бен Булат есімді бір ұл көрген.

 Қазіргі орыстілді билікте жүргендердің көбінің жұбайлары орыс қыздары. Балалары Қазақтың Ана тілінде емес, Ресей тілінде шығып, Ресей тіліндегі мектептерге барып жүр.

Данияр Ақылбаев – Абайдың соңғы ұрпағы. Бар білімін орыс тілінде алған, орыс қызына үйленген. Қазақтың Ана тілінде бір ауыз сөз білмеді. Даниярдың ұл балалары жоқ. Сонымен Абай ұрпақтары орысшыл атасының сөзіне еремін деп, тұқымы таусылды. 

 

 Өздеріңіз көріп отырғандай, бұлардың бәрінің орыс пен татар қыздарына үйленгендері Қазақтың ұлттық мүддесіне қызмет етпеген. Көбінің балалары өзге ұлтқа (орысқа) айналып кеткен. Жат жұрттың қызына үйленгендіктен, әбден ұсақталған. Іштерінен текті (даңқты) ата-бабаларына сай қазақтың келер ұрпағына үлгі болатындай бірде-бір ұлы тұлғалар шықпаған. Іштерінде Қазақтың ата салтына сай көпбалалы бірде-бір ана жоқ. Ұрпақсыз өткендері қаншама. Ұрпағымен ұлтқа үлгі бола алмаған, қайран ерлер-ай!

Сөзімнің соңында көзге көрініп тұрған айқын дүниені айтпасқа ылажым жоқ. Сіздердің Қазақ аруларын менсінбей, жаттың қызына үйленгендеріңізбен қаншама аруларымыздың обалына қалдыңыздар!

Бәрі де Мұхтар Әуезов айтқандай, бұл өмірден өкінішпен өткен, артында қалған біздер де өкініштен өзегіміз өртеніп жүрміз. Келер ұрпағымызға сабақ болса екен деген ниетпен жариялап отырмын. 

Әңгіменің әділін айтар болсам: Қазақтың бір ару қызын бақытты ете алмаған жігіт – жігіт емес! Қазақтың бір жігітін бақытты ете алмаған қыз, қазақтың қызы деген ардақты атқа лайық емес. 

Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 49
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 577
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 691
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 606
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 615

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8752
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8152
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11381
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9135
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10366