Қоғам дертімен күресу – басты міндет

Қоғам дертімен  күресу – басты міндет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары моральдық, құқықтық, саяси және басқа да мәдениеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін білдіреді.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі мақсаты - қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Қоғам дертімен  күресу - елімізде бүгінгі күннің күрделі де өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.
Әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүргізу» тақырыбына арналған форум ұйымдастырылды.
Аудан әкімінің орынбасары Талғат Жамаловтың кіріспе сөзімен ашылған форум жұмысына аудан ардагерлері, аналар кеңесінің мүшелері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, мемлекеттік қызметкерлер, ауыл, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, олардың тәрбие және тәрбие құқықтық ісі жөніндегі орынбасарлары, ауданның белсенді жастары қатысты.
Форумда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті Превенция басқармасының бас маманы Айбек Әжібаев, «Аmanat» партиясы Байзақ аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева, «Нығмет Нұры» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сүйімқұл Шарапат сөз алып,  күн тәртібіндегі қаралып отырған мәселеге байланысты өз ойларын ортаға салды.
Аудан көлемінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс атқарып жүрген бірнеше азаматқа марапаттау рәсімі жүргізілді. «Шахан» халық театры әртістерінің  сахналық көрінісі тамашаланып, патриоттық бағытта әндер шырқалған форум соңында белсенді жастар атынан Үндеу жарияланды.

Жалпы, мұндай іс-шаралар әр мемлекеттік салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын нәтижелі жүргізуге, әр азаматтың құқықтық мүддесін қорғауға, алдын ала жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын алуға, мемлекеттің жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау мен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - баршамызға ортақ іс. Сондықтанда бүгінгі форум шеңберінде айтылғандарды  негізге ала отырып,  жемқорлықтың алдын алуға бәрімізде атсалысайық.

Мұхтар Манекеев,

аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Мұхтар Манекеев, Байзақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
12.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

«Мешіт – имандылықтың ұясы»
Ұлбике Әлібекқызы, Сарысу ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы - 15.09.2024 67
БҮГІН ЖАҢАТАЛАП АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ  ТҰРҒЫНДАРЫ ӘКІМІН САЙЛАЙДЫ
✅Сарысу ауданы әкімдігінің Баспасөз қызметі - 15.09.2024 11
«ТҮРКІСТАН АРЕНАҒА» ОРАЛҒАН «ТҰРАН»  КОМАНДАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 15.09.2024 5
СОЗАҚТЫҚ ҰСТАЗ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА РЕКОРД ОРНАТУҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.09.2024 106
Сыбайлас жемқорлық
Бибітгүл Аманжоловна - 13.09.2024 156
ҚАЗАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ
Асқар Жұмаділдаев - 13.09.2024 169
28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 619
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 726
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 725

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4546
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3990
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6439
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4949
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 6151