Қордың сатылуы алаңдатып отыр

Қордың сатылуы алаңдатып отыр

Қаңтар оқиғасынан кейін жеке компанияға сатылып кеткен Қазақстанның инвестициялық қорына (ҚИҚ) мемлекет өз назарын қайта тігіп, осы жекешелендіру фактісі бойынша тексеру басталған көрінеді. Осы мәселеге қатысты пікір білдірген қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов: «Елдегі «Қазақстанның инвестициялық қоры» өткен жылы 10,6 миллиард теңгеге сатылды. Сонда Қордың шоттарында 9 миллиард теңге жатты, ал бағалы қағаздарының құны 4 миллиард теңге болды. Қордың жалпы құны 13+ миллиард теңге боған. Бірақ ол 10 миллиардқа сатылды. Қазақстан инвестициялық қорының нарықтық құны 100 миллион доллардан артық бағаланған. Инвестқорды сатып алу барысында жеке инвестор төлеген 10,6 миллиард теңге Ұлттық қорға аударылған. Енді ол ақшаны Ұлттық қордан кері қайтару мүмкін емес. Себебі, оған заңдық негіз жоқ. Ал мемлекет инвестициялық қорды өзіне қайтарғысы келсе, жекеменшік компанияның төлеген қаржысын орнына қоюы тиіс. Осындай қиындықтар бар. Егер Қазақстанның инвестициялық қорының барлық активтерін сараласақ, оның балансынан құны 50 миллиард теңгеден асатын активтерді де табуға болады. «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары аясында электронды сауда платформасында 2021 жылы сатылған болатын. Бұл операция «Қаңтар оқиғасына» бір жыл қалғанда жүзеге асты. Стрессті, проблемалық активтерді балансында ұстап отырған, «Бәйтерек» холдингіне, яғни мемлекетке қарасты осы қорды НДС төлемейтін, ақша айналымы да тым қарапайым түркістандық «D-Personnel» фирмасы 10,6 миллиард теңгеге сатып алды. Сарапшылар, сол кездің өзінде мұнда бір шикіліктің бар екенін аңғарған. 2021 жылғы ақпарат бойынша, «D-Personnel» фирмасына Ильмурат Ахметов атты кәсіпкер жетекшілік ететін. Компания 2017 жылы 11,8 млн теңге, 2018 жылы 10,7 миллион теңге, 2019 жылы 10 миллион теңге, 2020 жылы 5 миллион теңге, ал Инвестициялық қорды бәленбай миллиард теңгеге сатып алған 2021 жылы бар-жоғы 344 мың теңге салық төлеген. Әңгіме ҚИҚтің кімге өткенінде емес. Кім алса да өзі біледі. Әңгіме, мемлекет меншігінің тым арзанға сатылғанында болып тұр. «Қазақстан инвестициялық қорының» құны ресми түрде 19 миллиард теңгеге бағаланды. Тәуелсіз бағалаушы 48 пайыз дисконт, яғни ҚИҚ-ті жарты бағасына сату туралы шешім шығарып, оны «Бәйтерек» холдингінің басшылығы қолдаған. Неге мұндай шешім қабылданды? Оның астарында әлдекімдердің бизнес мүддесі жоқ па деген сұрақтар туындайды», – дейді. 

Ермек Сахариев
12.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 33
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 72
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 25
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 31
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 37
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 32
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 66
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 72
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 268
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 264
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 885

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8961
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8355
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11581
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9339
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10565