Қорғаныс-өнеркәсібі кешенін нығайту – өмір талабы

Қорғаныс-өнеркәсібі кешенін нығайту – өмір талабы

Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені 47 мемлекеттік және жеке кәсіпорыннан құралады.  Жыл сайын 200 млрд теңгедей өнім өндіріледі. Алдағы уақытта әскери техниканы жөндеу технологиясын игерудің үлесін арттыру мәселесі  қарастырылуда.  Қару-жарақ пен оқ-дәрілердің заманауи үлгілерін шығаратын кезде  ағымдағы геосаяси ахуалды, санкциялық шектеулерді ескерген жөн. 

Әскери салада қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу технологиясын және  заманауи өндірістерді  өркендету  міндеті тұр.  Өнеркәсіп және құрылыс министрі осы туралы ведомствоаралық кеңесте айтты. Қорғаныс ведомствосында өткен кеңесте Қорғаныс және Өнеркәсіп пен құрылыс министрліктерінің, Қорғаныс Өнеркәсіп Кешендері кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Қару-жарақ шығару жарыстарын тоқтатып, бейбіт өмір сүруге  күресіп жатқан  Қазақстанның дүниежүзіндегі  қауіп-қатерлерден  айналып кете алмасы анық.  Осыған орай  мемлекетіміздің ғылыми-зерттеу әлеуетін бағалауға, әскери және қос мақсаттағы өнім (ӘҚМӨ) саласындағы ғылыми-зерттеулер мен эксперименталдық әзірлемелерді талдап, жинақтауға, елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін (ҚӨК) жаңғыртуға, технологиялық және техникалық қайта жарақтандыруға күш-жігерді бағыттауға ұмтылады. Ел экономикасында Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің елеулі  орны бар. Қазақстан экономикасының азаматтық секторын дамытудың өзіндік қозғаушы күшіне ғылымды араластыра отырып дамытқанда мемлекеттің әскери қуатына айналмақ. 

Осыған орай  Қауіпсіздік Кеңесі Үкіметке ғылымды дамыту үшін  «Ұлттық қауіпсіздік және қорғанысты» енгізу туралы  тапсырма берді. «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы» заңына   Мемлекет басшысы 2019 жылғы 18 наурызда қол қойған еді. Бұл заңда мемлекеттік қорғаныс тапсырысы (МҚТ) туралы ғылыми-зерттеулер және  әзірлемелер  іріктеліп, қаржыландырудың жаңа тетігі қарастырылған. 

Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның баламасы – Қорғаныс ғылыми-техникалық комиссиясын (ҚҒТК)   Үкімет жанынан құру заңда бағытталған.  Қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің ғылыми-технологиялық базасын өркендетудің  стратегиялық бағыттарын қалыптастыру мен ғылыми-техникалық жобаларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға рұқсат беру ҚҒТК негізгі міндеті болып табылады.  Ғылыми-зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін тәжірибелік үлгілер және  оларды сынап,  қарулануға қабылдау сатысына жеткізуді қамтамасыз етуге осы тетік мүмкіндік бермек. 

Алайда министрліктердің құрылымының өзгеруі  тетікті пайдалануда қиыншылықтар туғызып отыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құзырына қорғаныс өнеркәсібінің қызметі және оны реттеу мәселелері бекітілген.  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құзырына  ғылыми-технологиялық даму мәселелері кіреді. Қазіргі уақытта  өндірістік базасы мен қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің бір-бірімен тығыз байланыста болуы тиіс ғылыми-технологиялық базасы  екі жаққа ажырап кетті. Алдағы атқарылар жұмыстарға бұл жағдайдың бөгет болуы да  мүмкін.

 

24.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 241
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 308
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 262
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 299

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4129
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3556
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 5770
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4533
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 5717