Қостанайда Білім басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Меңдігүл Әлжанова қызметкерлерге екі лауазымдық айлық көлемінде сыйақы аударған деп хабарлады turkystan.kz.
Сот материалдарына сәйкес, жалпы сома мөлшері – 45 миллион теңге. Ол кейбір қызметкерлерден жалақының жартысын қайтаруды сұраған. Сөйтіп 769 мың теңгені өз қалтасына басқан көрінеді.
Сот барысында Меңдігүл Әлжанова кінәсін мойындамай қойған. Тек соңғы отырыста істеген ісіне өкініп, процессуальдық шешім жасауға өтініш білдіріпті.
«Меңдігүл Зәмзатқызы Әлжанованы ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі, 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, ұрланған мүліктің 10 еселенген мөлшері, яғни 7 191 340 теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындалсын. Ол өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады», – деді Қостанай қалалық №2 сотының судьясы Сатыбалды Оразбай.