Қ.Тоқаев Ермек Сағымбаевты қабылдады

Қ.Тоқаев Ермек Сағымбаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Ермек Сағымбаевты қабылдады. Президентке ұлттық қауіпсіздік органдарында жүргізіліп жатқан жүйелі трансформациялар мен жұмыстың негізгі нәтижелері туралы баяндаған ол: «Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес ҰҚК құрылымы оңтайландырылып, бөлімшелердің қызметтері мен міндеттері нақтыланды. Жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету, сондай-ақ дағдарысқа қарсы басқару жүйесіне жаңа тәсілдер енгізілді. Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмысы қайта құрылып, лаңкестік қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруші рөлі күшейтілді. Жыл басынан бері ТҚО мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарын тарта отырып, 400-ден астам оқу-жаттығу өткізген. Алдын алу шараларының арқасында мемлекетке 900 млрд теңге көлемінде залал келтіруі мүмкін оқиғаға тосқауыл қойылды. 37 миллиардтан астам қаржы бюджетке қайтарылды. ҰҚК материалдарының негізінде 791 қылмыстық іс, соның ішінде 49-ы жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша қозғалды. Мемлекеттік шекараны қорғауды ұйымдастыру күшейтіліп, жаңа технологиялар қарқынды түрде енгізіліп келеді. Шекара арнаулы күштері құрылды. Биыл қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тасымалдаудың 203 заңсыз әрекетінің жолы кесілді. 9 мыңнан астам шекара тәртібін бұзғандар ұсталды. Сомасы 3,5 млрд теңгеден астам валютаның, құны 10 млрд теңге болатын тауарлардың заңсыз тасымалдануына жол берілген жоқ. Елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі жетілдіріліп жатыр. Жыл басынан бері ҰҚК техникалық қызметтері инфрақұрылым объектілеріне жасалған 295 млн кибершабуыл мен 2 мың DDoS шабуылдың жолын кесті. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп, қару іздеу, қоғамға қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтардың және есірткі контрабандасы арналарының жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізіліп келеді. 900 келіден астам есірткі және 11 тонна прекурсорлар алынып, 16 есірткі зертханасы, 24 халықаралық және 45 өңірлік есірткі арнасы жойылды. Заңсыз айналымдағы 773 бірлік қару мен 20 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді», – деп мәлімдеді.  Мемлекет басшысы ҰҚК органдары қызметінің бағыттары бойынша өзекті сын-қатерлер мен қауіптерді ескере отырып, бірқатар нақты тапсырма берді.

 

«AMANAT» партиясы көмекті күшейтуді ұсынды 

Тоқаев AMANAT партиясынан шығу туралы: Президент саяси тұрғыдан бейтарап  болуы қажет | Kazakhstan Today

«AMANAT» партиясының мүшелері ел аумағындағы 2 мыңға жуық сауда нысандарын тексерді. Кезектен тыс отырыста «AMANAT» партиясы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшелері азық-түлік бағасының өсімі проблемасын талқылады. 29 шілде мен 5 тамыз аралығында баға өзгерісін бақылап жүрген партияның мониторинг топтары 1747 нысанда 1126 рейд жүргізді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесі бойынша бағаның ең жоғары өсімі 5 өңірде: Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында, Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында байқалады. Атап айтқанда, «аманаттықтар» Маңғыстау облысында Үкімет бекіткен шекті бағадан қырыққабат – 117%-ға, сәбіз – 60%-ға, пияз 35%-ға қымбаттағанын анықтады. Қарағанды облысында қант бағасы орта есеппен 30%-ға өсті. Батыс Қазақстан облысында қарақұмық жармасы 38,7%-ға қымбаттады.

Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков: «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсімін тежеу үшін әкімдіктер сауда нысандарына «айналым схемасы»  арқылы жеңілдікпен қарыз беріп жатыр. Несиелеу мақсатында жалпы сомасы 86,4 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, әр облыста тұрақтандыру қорлары құрылды. «Тұрақтандыру қорларына 18 млрд теңге бөлінді. Өңірлердің жедел ақпараты бойынша, жыл басынан бері тұрақтандыру қорларына 18,3 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, соның ішінде ұн – 10,2 мың тонна, қант – 3,1 мың тонна, күріш – 0,6 мың тонна және т. б. сатып алынды. Бұған қоса, елімізде әр апта сайын ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып келеді. Жыл басынан бері барлық өңірде 4133 жәрмеңке ұйымдастырылды. Яғни әр апта сайын орта есеппен 207 жәрмеңке өтеді. Онда тауарлар нарықтан 15-20%-ға төмен бағамен сатылады», – деді.

Алайда партия мүшелері баға өсімімен күрес мәселесінде «айналым схемасының» тиімділігі байқалмай отырғанын айтып жатыр. Бұл ретте, Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов: «Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы «айналым схемасының» тиімділігіне күмән келтірді. Сондықтан тиімді шешім табуды тапсырды. Соған қарамастан, «айналым схемасы» жұмысын жалғастырып жатыр. Ешқандай жаңа шешім естіген жоқпыз. Президент тапсырмасын естімеген немесе түсінбеген сияқтысыз. Жақында елорда әкімдігі әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін азық-түлік карточкаларын енгізетінін мәлімдеді. Бұл шара шамамен 160 мың адамды қамтиды. Карточкалар аз қамтылған азаматтарға азық-түлікті төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Бақыланбайтын инфляция жағдайында мұндай шара өте тиімді болуы мүмкін. Себебі көмек атаулы болған соң, мемлекет қолдау оған аса мұқтаж адамдарға жасалады. Өзге өңірлер де Нұр-Сұлтан қаласының тәжірибесі бойынша азық-түлік карточкаларын енгізуді ойластыруы тиіс», – деді. 

Мұрат Мұқаев жаңа қызметке тағайындалдыПартияның Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Мұқаев: «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және сату тізбегіндегі делдалдар санын заң жүзінде екіге дейін шектеуді және көтерме жеткізушілер үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең жоғары сауда үстемесін 15% мөлшерінде бекітуді ұсынамын. Партия тәжірибесі азық-түлік картасын енгізуге көмектесетінін көрсетіп отыр. Пандемия ушығып тұрған кезеңде партия мұқтаж отбасыларға азық-түлік себетін тарату, 50 мың теңге көлемінде атаулы көмек бөлу сынды игі істерді қамтыған«Biz birgemiz» акциясын өткізді. Сол тұста осындай отбасылардың тізімін дайындап, оның анық-қанығын тексердік. Енді осы тізімді жандандыру қажет. Сонда азаматтар арнайы карта бойынша жеңілдікпен азық-түлік сатып ала алады. Өйткені қазіргі уақытта еліміздегі әлеуметтік дүкендерде кез келген адам тауар сатып ала алады»,– десе, негізгі азық-түлік өнімдерінің қымбаттауын түсіндіруге тырысқан Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов: «Қазақстандағы азық-түлік қымбатшылығының бір себебі – жаһандық жеткізу тізбегінің бұзылуымен, әлемдегі баға өсімімен және сыртқы инфляциялық жағдайдың нашарлауымен байланысты»,– деп ақталды. Бұған Аманжан Жамалов: «Егер әлемдегі баға өсімі туралы айтатын болсаңыз, онда халықтың жалақысы мен табысын да дәл солай арттыруды қамтамасыз етіңіз. Бағаның әлі де көтеріле беретінін, бірақ табыс мөлшері артпайтынын айтқан кезде, алдағы уақытта адамдар тойып тамақ жей алмайды деген ойды жеткізесіз. Сіз министрлікте сол үшін отырсыз ба? Себеп туралы айтатын болсаңыз, онымен күрес жүргізетін әдісі туралы да айтуыңыз керек. Орнаған жағдайды қайталап айтып берудің қажет жоқ», – деп атап өтті.  Өз кезегінде, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов: «Елімізде азық-түлік тапшылығы жоқ. Мемлекеттің азық-түлік қоры жеткілікті. Ішкі нарықтың қантқа қажеттілігі толық қамтамасыз етіледі. Тамыз айының басында қор 31,6 мың тоннаны құрады. Зауыттар 40,7 мың тонна қант өндіруді жоспарлап отыр. Импорт 42,2 мың тоннаны құрайды. Тек белгілі бір аймақтарда ғана тапшылық бар. Жалпы республика бойынша оң теңгерім байқалады. Ақтөбе, Абай, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдіктері тапшылықтың алдын алу үшін Азық-түлік корпорациясымен қант жеткізу жөнінде келісімшарт жасасуы тиіс», – деп сендірді. Отырыс барысында кеңес мүшелері әуе және теміржол билеттерінің қымбаттауына, сондай-ақ дәрі-дәрмек бағасының өсуіне байланысты пайда болған мәселелерді талқылады. Партиялықтар мониторинг топтарының дәріханаларға рейд жүргізу тәжірибесін жандандыруды ұсынды.

Отырысты қорытындылай келе, мемлекеттік органдардың іс-шараға дайындығын сынға алған кеңес төрағасы: «Мемлекеттік органдардың баяндамалары алдыңғы отырыстарда айтылған ойды қайталайды. Геосаяси жағдайды және тағы басқаны айтып ақталып келеді. Барлық мәселені жаһандық инфляцияға аудара салуды доғару қажет. Қазақстан халқы үшін аса маңызды мәселеге деген осындай көзқарас бізді қатты алаңдатады. Егер жақын арада жұмысқа деген көзқарас өзгермесе, ілгерілеу байқалмайтын болса, онда «AMANAT» фракциясы тарапынан Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында баға өсімі мәселесін қарауға бастамашылық ететін боламыз», – деп сөзін түйіндеді.

«Тұрақтандыру қорларына 18 млрд теңге бөлінді. Өңірлердің жедел ақпараты бойынша, жыл басынан бері тұрақтандыру қорларына 18,3 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, соның ішінде ұн – 10,2 мың тонна, қант – 3,1 мың тонна, күріш – 0,6 мың тонна және т. б. сатып алынды. Бұған қоса, елімізде әр апта сайын ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып келеді. Жыл басынан бері барлық өңірде 4133 жәрмеңке ұйымдастырылды. Яғни әр апта сайын орта есеппен 207 жәрмеңке өтеді. Онда тауарлар нарықтан 15-20%-ға төмен бағамен сатылады», – деді.

 

Құқықтық сауатты арттырмай, заңбұзушылық қайталана береді 

Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Әсем Болатқызы Шәукенова: «Өңірде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша қаралып жатқан істердің статистикасы көңіл көншітпейді. Жыл басынан бері 85-тен астам іс келіп түсті, 79-ы қаралды. Оның ішінде 25-і медиативтік рәсімдерді қолдана отырып тоқтатылды. Барлық істердің арасында әдепсіз тіл тигізу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру сияқты әрекеттер басым.  Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабы бойынша ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау бойынша істер қаралды. Егер адам отбасылық-тұрмыстық қатынастар жағдайында заңсыз әрекеттер жасаса, сот оған ескерту жасайды. Заңның осы нормаларын қайталап бұзған жағдайда жауапкершілікке тартылады. Бұл жағдайда әкімшілік айыппұл және қамауға алу қарастырылған. Отбасылық-тұрмыстық жанжалдарда сот отбасылық бюджетті сақтау үшін айыппұл мен материалдық жаза қолданбауға тырысады. Негізінен жазалау шарасы қамауға алу және ескерту түрінде тағайындалады. Ұрып-соғу және денсаулыққа орташа зиян келтірілген жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ, сотта жол-көлік оқиғалары бойынша көлікті мас күйінде басқару, қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішу, ұсақ бұзақылық жасауға байланысты істер қаралады. Соңғы жылдары жол-көлік оқиғаларына қатысты істер қаралымы артқан. Көлікті мас күйінде басқарудың көптеген фактілері кездеседі. Заңсыз әрекет қайталанған жағдайда қылмыстық жаза енгізіледі. Өңір тұрғындары мен басқа өңір көліктерімен жол-көлік оқиғалары жиі орын алады. Бұл жағдайда камералар жақсы көмектеседі. Менің ойымша, әр жүргізушіде өзін-өзі қорғау үшін бейнебақылау түсіру құрылғысы болуы керек. Менің тәжірибемде жол ережесін бұзған, жүргізуші куәлігі жоқ адамдар жазаланды. Бұл жағдайда кінәліге 20 күнге дейін қамауға алу, ал егер ол заңсыз әрекетті қайталаса, бірнеше тәулікке қамауға алу тағайындалады. Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша әкімшілік жазаны қылмыстық жазаға ауыстыру туралы мәселе көтеріліп жатыр. Мас күйінде көлік жүргізгендер және қайталап заң бұзғандар қатаң жаза алуы керек. Рөлге бөгде адамды отырғызғаны үшін жүргізушіге жауапкершілік қарастырылған. Бізде 4 құрама сот жұмыс істейді, кейде күніне 25 іс қаралады. Дүкен, асхана ашу кезінде жер мәселелері, атом энергетикасы, СЭС қорытындысының болмауына байланысты даулы істер келіп түседі. Жол-көлік оқиғасында бір жылға жүргізуші куәлігінен айыру қарастырылған. Жазаны жеңілдететін мән-жайлар болса, айыппұл 50 АЕК-ке алмастырылады. Мысалы, мынадай іс қаралды: жүргізуші үлкен көлікпен дүкенге жүк түсіріп жатып, байқамай жеңіл көлікті қағып кеткен. Судья оны құқығынан айырмауды шешті. Өйткені жүргізуші бұл жағдайда жұмыссыз қалады және отбасы табыс көзінен айырылады. Оның басқа көлікке әдейі зиян келтірмегенін ескеріп, 30 пайызға дейін төмендетілген айыппұл тағайындалды. Заңға енгізілген өзгерістер басқа жол ережелеріне де әсер етті. Мәселен, қарсы жолаққа шыққаны үшін бұрын бір жылға, қазір 6 айға құқығынан айыру жазасы қолданылған. Алимент төлемейтіндер 669-бап бойынша да жауапқа тартылады. Парадокс мынада: жауапсыз адамдар алимент бойынша қарыздарын жабу үшін ақшаны тез табады, төлем жасамағаны үшін жаза ретінде 5 күнге қамауға алынса дейміз. Көп жағдайда сот орындаушылары әлеуметтік қызметтермен бірге алимент төлемейтіндерді жұмысқа орналастыруға тырысады. Ал олар жұмыс істеуден бас тартады. Айта кету керек, биыл кәмелетке толмағандарға қатысты бірде-бір іс қаралған жоқ. Кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық мекемесіне жіберген жеке кәсіпкер ғана жауапқа тартылды. Жасөспірімдердің заңсыз әрекеттері анықталған жағдайда ата-аналарға жаза қолданылады. Мен «БАҚ туралы» Заң, атап айтқанда, блогерлік қызмет жетілдіруді талап етеді деп санаймын. Кейбіреулер әлеуметтік желілерде біржақты ақпарат береді. Адамдарға жала жабады, оның жеке басының қадір-қасиетін қорлайды және ешқандай жаза алмайды. Осы ретте сотта бірнеше іс қаралды. Бірақ олардың барлығы тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды. 73-баптың 3-тармағында көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдары немесе әлеуметтік желілерді пайдалана отырып жасалған жалған ақпарат тарату жала жабу болып саналады. Мысалы, әлеуметтік желілердегі бизнес-қоғамдастық топтарының бірінде кәсіпкер қызмет көрсету туралы жарнама берген. Ал екінші адам басқаларға оның келісімшарт талаптарын сақтамайтынын ескерткісі келетінін жазады. Белгілі болғандай, жарнама беруші шынымен сенімсіз болып шықты. Оның арам пиғылы туралы айтқан адам өз сөзін құжаттармен растады. Бұл жағдайда оның ескертуі жала деп саналмайды. Жала жапқаны үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 20 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған. Мен тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру маңызды деп ойлаймын.  Себебі құқықтық сауатты арттырмай, заңбұзушылық қайталана береді. Азаматтар құқықтарын біліп, өздерінің заңды мүдделерін сақтауға жауапкершілікпен қарауы тиіс. Құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға соттардың құқық қорғау және мемлекеттік органдармен халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бірлесіп жүргізуі ықпал етеді»,– дейді. Судьяның бұл уәжіне толық қосылуға болады. 

 

Тағы 5,5 млн га жер мемлекет меншігіне қайтарылады 

Пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізген   Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр: «Жыл басынан бері комиссия шешімімен мемлекетке 1 млн 119 мың гектар жер қайтарылған.  Қазіргі уақытта жалпы аумағы 2 млн 94 мың га жерді пайдаланушыларға қатысты 724 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр, 698,4 мың га жерді тексеру бойынша 48 өтініш прокуратура органдарында тіркеу сатысында тұр. Жалпы комиссия аумағы 7,45 млн га жерде 2 584 субъектіге қатысты тексеру жүргізуді жоспарлап отыр, оның ішінде егістік алаңы – 585,2 мың га, жайылым жер – 6,86 млн гектар»,– деп атап өтті. Айта кетейік, осы жылдың 9 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Жер заңнамасының сақталуына тексеру жүргізуге мораторийдің күшін жоюды көздейтін жарлыққа қол қойды. Жоғарыда аталған шараларды ескере отырып, жыл соңына дейін пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерінің кем дегенде 5 млн гектарын мемлекетке қайтару көзделген. 

 

 

Ермек Сахариев
16.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 352
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6457
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8166
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6537
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6673