Халықтың құқықтық мәдениетін көтеру, толеранттылығы мен құқықтық санасын қалыптастыру – заман талабы. Құқықтық қоғам әділдіктің орнауына, адам баласының жікке бөлінбей ортақ диалог орнатуына таптырмас мүмкіндік туғызады. Қазақ халқы ежелден құқықтық мәдениет пен толеранттылықты өмір өзегіне айналдыра білген. Оған қазақ жеріндегі билер соты мен дала заңдары, әз Тәукенің «Жеті жарғысы» дәлел. Тарихта ізі қалған «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» біле білгенге құқықтық мәдениеттің, толеранттылықтың асқар шыңы!
Қазақ даласында құқықтық мәдениет, толеранттылық жоғары деңгейде болғанын тарихтың сары беттерінен де оқып жатырмыз. Әріге бармай-ақ, бір ғана билер кеңесінің шешімдерін ешкім бұза алмаған, хан да, қара да оны орындауға міндетті болған. Тәуке хан қалыптастырған осы демократиялық-құқықтық қағиданы қазақ даласын билеген кейінгі хандар да қатаң ұстанған. Билер кеңесінің шешімдері хан беделінен жоғары қойылғанымен, орталықтандырылған билік пен басқару ісіне қайшы келмеген. Ханның ұсынуымен мемлекеттік маңызы бар мәселелерді талқылаған кезде «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген моральдік принципке сүйенген.
Ертедегі әйгілі ғұламалар да құқықтық мәселелерді үнемі көтеріп отырған. Әйгілі ұстаз Аристотель адамдардың құқықтық жағдайларын жақсарту мақсатында азаматтық қоғам құру құқықтық мемлекеттің негізгі нысаны екендігіне өзіндік бағыт-бағдар берген. Ежелгі Римнің саяси қайраткері Марк Тулли Цицерон мемлекет барлық еркін адамдардың келісімінен және құқықтық қатынастан тұрады деп түсіндіреді жазбаларында. Ежелгі дәуір ойшылдарының осындай тұжырымдарынан олардың азаматтардың құқықтық жағдайларын жақсартуға әрі демократиялық құқықтық мемлекет құруға талпыныс жасағанына көз жеткізуге болады.
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру процесінде құқықтық тәрбие мәселелері үлкен маңызға ие. Азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтар бойындағы Заңға құрмет сезімін ояту мәселелері барлық мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда мемлекет жүргізіліп жатқан құқықтық түсіндіру жұмыстарына, сондай-ақ оны жаңа сапалық деңгейге көтеру үшін нормативтік-құқықтық актілерге ерекше назар аударады. Осыған байланысты, конституциялық, азаматтық және өзге де адам және азаматтық құқықтардың іске асырылуын қамтамасыз ету, халықтың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Қазақстанның барлық аймақтарында түрлі шаралар жүргізіліп келеді.
Құқықтық білім мен құқықтық сананың қалыптасуы қазір адамға да, қоғамға да қажет. Өйткені, Қазақстан құқықтық мемлекет ретінде орнықтырылған, сондықтан біздің қоғамымызға жан-жақты білімді, халықтың мүддесін қорғай алатын, егеменді елімізге өз үлестерін қосатын нағыз отансүйгіш, ұлтжанды азаматтар қажет. Мұндай азаматтарды тәлім-тәрбие беретін, кәсіби бағыт-бағдар беретін оқу орындары, дәлірек айтсақ, ұстаз тәрбиелейді.
Құқықтық мәдениет – белгілі бір мемлекеттік діни, этникалық қауым мүшелері қабылдаған, олардың қызметін реттеу үшін пайдаланылатын құндылықтар, құқықтық идеялар, сенім-нанымдар, мінез-құлық қалыптары, құқықтық дәстүрлер жүйесі.
Қоғамдағы құқықты дамыту үшін, заңдылықты, тәртіпті қатаң сақтау үшін құқықтық сана-сезімнің маңызы өте зор. Бұл сана-сезімді қоғам көлемінде дамыту керек, әсіресе заңгерлердің, органда қызмет атқаратын азаматтардың білімі, тәжірибесін, сана-сезімін көтеруді қажет етеді. Сонда ғана қоғамда заңдылық, құқықтық тәртіп болады.
Қоғамдық сананың бір формасы құқықтық сана екендігі белгілі. Жалпы, құқықтық сана дегеніміз – адамның өзі өмір сүретін мемлекеттегі құқықтың жүзеге асырылуы мен заңдардың сапасына байланысты ойдың, сезімнің, ұстаным мен көзқарастың жиынтығы. Азаматтарының құқықтық санасы жоғары деңгейде қалыптасқан мемлекетте құқықбұзушылық болмайды, керісінше, қоғамда тұрақтылық пен бейбітшілік орнайды.
Әр азаматтың құқықтық санасын арттыруда ел Конституциясының рөлі өте зор.
6-4. Бұқаралық спортты және мәдениетті дамыту
ч1.Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік маңызы бар мерекелерді ақпараттық қамтамасыз ету