Құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде

Құрылыс  жұмыстары қызу жүргізілуде

Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігінде аудан басшысы Ернар Есіркеповтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.

Кеңес барысында аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы  Қаблет Әбдірахманов пен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айхан Назарбековтің баяндамалары тыңдалып, аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының жай-күйі мен өзекті мәселелері талқыланды.

Құрылыс саласы бойынша бөлім басшысы Қабілет Әбдірахманов ең әуелі спорт нысандарының жай-күйіне тоқталды. Оның сөзінше жуырда ауданға қарасты Р.Сабденов ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Жаңатұрмыс ауылына денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Келісімшарт құны 294,8 миллион теңге. 2023 жылы 81,0 млн теңге бөлініп, толығымен игерілген. Мердігер «НұрТұрсын» ЖШС салып жатқан нысан ағымдағы жылы пайдалануға береді деп күтіліп отыр. Аталмыш кешенге биыл 204 000 миллион теңге бөлінген.

Бұдан бөлек ауданда төрт бірдей спорт нысанының жобалау-сметалық құжаттары толық рәсімделген. Олар: құны 435,820 миллион теңге тұратын Құлан ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешені, 456,590 миллион теңгеге қайта құрылып жатқан «К.Бекебаев» атындағы орталық стадион, сметалық құны 734,935 теңгені құрайтын Тереңөзек ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешені, 639 000 миллион теңгеге бой көтеріп жатқан Көкдөнен ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешені.

Ауыл тұрғындары үшін мәдениет ошақтарының маңызы зор. Бұл ретте Қаблет Қанатұлы жыл басынан бері бой көтерген мәдениет нысандарына да айрықша тоқталды. 

– Ақыртөбе ауылында 140 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталды. 2023 жылдан өтпелі 81,0 миллион теңге қаралып, толығымен игерілді. 2024 жылға 232,6 миллион теңге бөлінді. Мердігер – «AKM Group» ЖШС. Келісімшарт құны 315,1 миллион теңгені құрайды. Балансқа беру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Жаңатұрмыс ауылында 90 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде. Бұл нысанның құрылысына 121,8 миллион теңге қаражат бөлінді. Мердігер –  «Лидер НС» ЖШС. Сметалық құны – 148,2 млн теңге. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі. Қазіргі таңда қазандықты қатты отыннан газға ауыстыру бойынша жобаға өзгерістер енгізілуде. Еңбекші ауылында 140 орындық мәдениет үйінің жобасы дайын. Сметалық құны – 333,750 миллион теңге. Сараптама қорытындысы 2022 жылы 16 желтоқсанында алынған. Бюджетті өтінім құрылыс басқармасына өткізілді. Қызылшаруа ауылында 140 орындық мәдениет үйінің жобасы дайын. Оның сметалық құны – 464 миллион теңге, – деді сала маманы. 

Халықтың қолайлы ортада өмір сүруі үшін инженерлік инфрақұрылым сапасының жақсы болуы аса маңызды. Бұл ретте Тұрар Рысқұлов ауданында биыл қыруар жұмыс атқарылған. Мәселен, Құлан ауылы «Арай» тұрғын алқабындағы тұрғын үй кешенінде ішкі алаңның инженерлік желілері мен абаттандыру жұмыстары 75 пайызға (асфальт төсеу, брусчатка төсеу, инженерлік желілерге қосылу, тротуар және лоток қою жұмыстары) орындалыпты. Бұл жұмыстарға асфальт, брусчатка төсеу, инженерлік желілерге қосылу, тротуар және лоток қою жұмыстары жатады.  Бүгінгі күні келісімшарттың  8 тармағы 8.3 тармақшасын негізге ала отырып, мерзімі өткен әрбір күн үшін міндеттемелерін тиісінше орындамаған соманың 0,1 пайыз мөлшерінде тұрақсыздық айыбы есептеле отырып, келісімшартты орындауды міндеттеу туралы сотқа талап арыз беріліп, толық қанағаттандырылған. 

Ауданды асыраушы саланың бірі – ауылшаруашылығы. Бұл бағытта ауданда мал сою, мал дәрігерлік пунктерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Сала маманының баяндауынша, Қарақыстақ және Қайынды елді мекендерінен мал өлекселеріне арналған биотермиялық шұңқырдың құрылысы аяқталған. Құмарық ауылындағы Беккер шұңқырының жобасы дайын. Көкдөнен ауылындағы мал дәрігерлік пунктінің жобасы сараптама қарауында. Көгершін ауылында мал дәрігерлік пунктің жобасы дайын. Луговой ауылына мал дәрігерлік пунктің жобасын аяқталған. Сонымен қатар, жобалары дайындалған нысандар бойынша тиісті мекемелерге бюджеттік өтінім жолданған. Атап айтқанда, Луговой ауылы тұрғын алқаптарына ауызсу жүйесінің құрылысын салу» жобасының құны 634,9 миллион теңгені құрайды. Құлан ауылы «Арай» алқабына 5 қабатты 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысын салу жоспарланған.

Биылғы жыл еліміз үшін су саласында ауқымды жұмыстар жүргізу керектігін айқындап берді. Елімізде әсіресе су қоймалары мен  канал құрылыстарын жүргізудің маңызы артқаны баршаға мәлім. Бұл мәселенің әсіресе көктем мезгілінде өзектілігі артады. Тұрар Рысқұлов ауданында осы бағыт бойынша да ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нақтыласақ, Абай ауылдың округінде Қарақат каналының құрылысы жүргізілуде. Келісімшарт құны 983742,0 мың теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарына ағымдағы жылы 555,5 миллион теңге қаражат бөлінген. Нысан 2025 жылға өтпелі. Жалпы жүргізілетін құбырдың ұзындығы – 12,3 шақырым,  оның ішінде: лоток арқылы – 3,2 шақырым, қалғаны темірбетон құбыры арқылы – 9,1 шақырым. Одан бөлек 4 су қойманың жобасы дайындалуда. Атап айтқанда: Көкдөнен ауылы округі жерінен көлемі 1000,0 шаршы метр «Көкдөнен» су қоймасының, Құлан ауылы округынан көлемі 1500,0 шаршы метрді құрайтын «Шөңгер» су қоймасының, Тереңөзек ауылы округынан көлемі 800,0 шаршы метр болатын «Мақпал» су қоймасының құрылысы, Өрнек ауылы округі жерінен көлемі 800,0 шаршы метр болатын «Сұлутөр су қоймасының құрылысын бастау жоспарлану үстінде. 

– Биылғы жылдың сегіз айлық қорытындысы бойынша негізгі екі көрсеткіш, атап айтқанда, құрылыс жұмыстары 2548,0 миллиард теңгеге 35,9 пайызға, тұрғын үй 8076 шаршы метр 107,0 пайызға орындалып отыр. Құрылыс басқармасы және басқа да бөлімдер тапсырыс беруші болып табылатын Ақыртөбе ауылдық округіндегі Малдыбай ауылынан 120 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде. Құлан ауыл округі Қарақат ауылындағы №2 мектебіне жапсарлас спорт зал құрылысы соттың анықтамасына сәйкес тоқтап тұр. Қайынды ауылындағы 15 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пунк құрылысы аяқталған. Қорағаты ауылындағы 15 келушіге фельдшерлік-акушерлік пунк құрылысы жоспарлы жүргізілуде. Р.Сабденов ауылындағы 15 келушіге фельдшерлік-акушерлік пунк құрылысы қарқынды жүруде. Қонаев ауылдық мәдениет үйінде де күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, – деді Қаблет Қанатұлы. 

Баяндамадан соң Ернар Есіркепұлы бөлім басшысына атқарылған жұмыстар бойынша сұрақ қойып, келесі жылға өтпелі жобалар жайын пысықтады. Сонымен қатар жиынға қатысқан өзге сала мамандарына жылу маусымына дайындық барысын тиянақты жүргізуді тапсырды. 

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы Рысқұлов ауданы
25.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

СӘБИДІҢ ОБАЛЫ КІМГЕ?
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 11.10.2024 199
Алаш жұрты  Ғарифолласынан айырылды
«Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы - 25.09.2024 1070
13 жасар оқушы  бес түрлі қамшы өреді
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 1109
Ұстаздар 8 перзент  тәрбиелеп отыр
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 1090

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6083
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 5525
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 8712
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 6516
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 7723