ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері марапатталды

ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері марапатталды

ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері марапатталды

 0

 

Үстіміздегі жылдың 4-наурызында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің салтанатты жиыны мен «Бақытты ана-бақытты бала» іс-шарасы өтті.

Ұйымдастырушылар — Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесі.  Қатысқандар — ҚХА Аналар кеңесінің  үлкендері мен жастары.

Мерекелік шараның шымылдығын Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедова ашты. Өзінің алғы сөзінде Парида Иманжанқызы түрлі этнос өкілдерінен құралған облыстық ассамблея Аналар кеңесінің үлкенді-жас мүшелерін  аталмыш мейраммен құттықтап, алдағы күндері мен іс-қызметтеріне сәттілік, әдемі жүздеріне қуаныш, дендеріне саулық, қажымас қайрат, сембес күш-қуат тіледі.  Сонымен бірге, Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Сайдуллақызы да этномәдени бірлестік өкілдері мен кеңес мүшелерін 8-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтады.  Осыдан соң,  өңірлік ассамблеяның іс-қимылдарына, яғни, мәдени-қоғамдық іс-шараларына аянбай атсалысқан  кеңес өкілдерін Алғысхаттармен  марапаттады. Атап айтсақ,  марапатталушылар қатарында — ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Миражапова Мухабатхон, Кинжеханова Диляфруз — ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі, Изъятова Роза — «АХЫСКА» түрік этномәдени бірлестігінің  Аналар кеңесі төрайымы, Хуртуева Раиса — қарашай-балқар ЭМБ Аналар кеңесінің төрайымы, Ниязова Расима — еңбек ардагері, «Айнұры» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Мурадова Гульнара — «Низами» Әзірбайжан ЭМБ Аналар кеңесінің төрайымы, Плетнева Аракси — Поляк тілі мен мәдениеті этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесінің төрайымы, Куненова Пайза — Әулиета Қазақ мәдени  орталығының ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы, Беляева Антонина – «Радонеж» орыс қауымдастығы Аналар кеңесінің төрайымы, Давлатова Гуьхумор- Тәжік ЭМБ Аналар кеңесінің төрайымы, Гаюпова Лобар — ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі, Худайбергенова Сабохат —  Қалалық Өзбек ЭМБ аналар кеңесінің төрайымы, Перфильева Наталья – «Шиват Цион» еврей ЭМБ Аналар кеңесінің төрайымы, Черняковская Олеся — заңгер, Жамбыл облысы  «Радонеж» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Фризен Юля — Тараз қалалық № 7 мектеп-гимназиясының  директоры, Жамбыл облысы  «Радонеж қоғамдық бірлестігінің мүшесі», Серікбаева Рахат -Тараз қалалық №34-жалпы білім беретін мектептің  математика пәнінің мұғалімі, Нуралиева Динара — Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі, ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі, № 34 орта мектеп директоры, Нұрмолдаева Айсұлу -Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері, Аширова Ольга — әлеуметтік жобалардың үйлестірушісі, «Жамбыл облысының немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігі мүшесі, Дадабаева Иноят -өзбек этномәдени орталығы,  ЖК «Дадабаева» директоры, Досматова Гульмира — Өзбек этномәдени орталығы, ЖК «ТИМ»  директор, Туншанло Амине – Масаншы  «Вынхуа» дүнгендер этномәдени орталықтары» қоғамдық бірлестігі жетекшісі, Джумабаева Хабиба — Жалпақ төбе «Вынхуа» ЭМБ, аналар кеңесінің мүшесі, Махмудова Булбул — ҚР «Барбанг» күрділер ассоциациясының  Жамбыл облысындағы республикалық  филиалы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Умурзакова Саламат — «Жамбыл облыстық Махмұт Қашғари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі мүшесі, Умбеталиева Амантур — «Жамбыл облыстық «Манас Ата» қырғыз этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Новрузова Джахан — «Жамбыл облыстық әзірбайжан этномәдени орталығы «Хазар» қоғамдық бірлестігі Аналар кеңесінің мүшесі, Даузова Кулсара Манкизовна-ҚХА аймақтық аналар кеңесі төрайымының орынбасары, Осипова Татьяна Ивановна — Неміс ЭМБ Аналар кеңесінің төрайымы бар.

Іс-шара Аналар кеңесі өкілдерінің қатысуымен этностардың қолөнер шығармашылықтарын халыққа, болашақ ұрпаққа дәріптеу және насихаттау мақсатында «Бақытты ана-бақытты бала» атты шеберлік кластарын өткізумен жалғасты. Шеберлік сағаттарында    Әлия Махашева — жиналған жұртшылыққа  Қазақ халқының әйелдер бас киімі кимешектің қалай жасалатындығы мен тігу әдістерін көрсетсе,  Бейбосынова Нұрхан — нәзік жандылар әшекей ретінде тағатын киізден түйіншектеліп жасалған жаңа үлгідегі моншақтардың  дайындалу әдістерімен таныстырды. Сондай-ақ, Динара Тілендиева – шеберлік дәрістеріне қатысушыларға әр алуан маталар құрақтарынан ұлттық нақышта жасалған өз авторлық картиналарын тамашалатып, оның жасалу жолдарын көрсетті. Шеберлік сыныбының ең таңқалдырған  шарықтау шегі де осы  атлас матасынан жасалған қабырға картиналары болды.  Барлық қолөнер жұмыстары да жиналған қауымды рухани азық алып, көркемдік баға беру жағынан бей-жай қалдырмады.

Жиын соңы шараға қатысушы барлық мейрам иелерінің фото-сессиясымен аяқталды

 
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы
05.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 138
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 174
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 172
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 138
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 282
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 284
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 500
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 458

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9155
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8554
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11781
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9549
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10762