РУХАНИ ДАҒДАРЫС –ҚОҒАМ ДЕРТІ

РУХАНИ ДАҒДАРЫС –ҚОҒАМ ДЕРТІ

 

Күні кеше қаракөз қазақ келіншегінің үш сәбиін терезеден лақтырып, өзі де секіріп өлген жантүршігерлік оқиғаны естіп, есеңгіреп қалдық. Әлеуметтік желіде әркім сан-саққа жүгіртіп, біреулер әйелді кінәлап, біреулер оны аяп, енді біреулер кінәліні іздеп жатты.

Аштықты да, жоқтықты да көрген, баласын бауырына қысып, тастамай, шөп тамырын қорек етіп, ашаршылықтан ұрпағын сақтап, мың өліп, мың тірілген, «сенің табаныңа кірген тікен, менің маңдайыма қадалсын»,-деп баласы үшін отқа да күйіп, суға да түскен, сөйтіп қазақ ұлтын сақтап қалған Ұлы аналарымыздың бүгінгі ізбасарлары адамның санасына сыймайтын қатігездікке қалай барып, жүрегі шімірікпей, тоғыз ай, тоғыз күн көтеріп, дүниеге әкелген, бір емес, үш сәбиін өз қолымен өлтіретіндей жағдайға қалай жетті?,-деген ой санамды сілкіледі. Ұйқым қашты.

Хайуан екеш хайуан да баласына қауіп төнсе, қорғап, өзін құрбандыққа шалуға даяр. Ал саналы адам баласының мұндай әрекетке баруы ақылға сыймайтын іс.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, Қазақстан суицид деңгейі жоғары бес елдің қатарына кіреді. Сұмдық! Бұл қоғамның ащы дерті. Руханияттың құлдырау шегі.

Адамның өмірінен қымбат еш нәрсе жоқ. Өмір – әр пендеге берілген Алланың аманаты. Адам өмірі – қоғамның құндылығы, мемлекеттің қазынасы.

Әрине, өз-өзіне қол жұмсаудың бір себебі - әлеуметтік қиыншылық, қаражат жетіспеушілігі, қиындықтар, жұмыссыздық, қарыз қыспағы, баспананың болмауы. Қиындыққа ұшырағандар осы тәрізді кездескен сынаққа шыдамай, жігері құм болып, күреспей, оңай жолы – өмірден кету деп ойлайды. Бірақ, өмірдің сан қилы соқпағына кезіксе де, екі аяғы, екі қолы жоқ, болмаса зағип жандар, өмірдің ауыртпалығын көргендердің бәрі өліп жатқан жоқ. Керісінше, ондай жанның көбінің өмірге деген құлшынысы басым болады.

Мәселен, экономикалық әлеуеті жоғары, әлеуметтік тұрмыс деңгейі жақсы АҚШ, Германия, Швейцария тәрізді елдерде суицид көп болса, Африка сияқты дамымаған елдерде көрсеткіш нөлдік деңгейге жақын екен.

Әлеуметтік мәселе – өз-өзіне қол салудың басты себебі емес. Ең негізгі себебі бұл – рухани дерт.

«Өзіне-өзі қол жұмсайтын адам өлімнен қорықпайтын, өмір сүруден қорқатындар»,-деген екен Виктор Франкл.

Рухы биік адамдар ешқашан өзін-өзі өлімге итермелемейді. Олар өмірдің әр сәтінен ләззат алып, көкірегіне рухани ілім дарытып, өмірінің мәнін іздеуден жалықпайтын, Жаратқанның берген қандай қиындығы мен сынағына қасқая қарсы тұрып, жеңе алатын күрескер жандар.

Біздің қоғамымыздың айтарлықтай деңгейде рухани деградацияға ұшрағаны ащы да болса шындық. Жегідей жеген жемқорлық пен «ұраншылдық», ұрпақ тамырына балта шабар жағымпаздық жайлаған елде сананы тұрмыс билеп, қоғамда рухани дағдарыс басталды.

Тоқырау жылдары аналары күнкөріс деп, “алақап арқалап” жүріп, бала тәрбиесі сырт қалған заманның ұрпағы -тұтас бір буын рухани деградацияға ұшырады, ұрпақаралық сабақтастық жоғалды, ұлт тамырынан ажырады.

Бүгінде «Қалай баю керек?», «Өмірде қалай табысқа жету керек?» деген ақша табудың көзі, дүние байлық сияқты дүниәуи нәрсе бәрінен маңызды болып, қоғамның санасын тұрмыс билеп кетті. Халықтың осындай руханиятқа сусап жүрген жағдайын “ пайдаланып” кейбір пысықайлар, түрлі тренингтер өткізіп, онсыз да рухани құлазып жүргендерді адастырып, қалталарын қағып жатыр.

Салдарынан ұлттық құндылықтарымыз құнсызданып, қажетсіз болды. Көкірек көзіміз жабылып, руханияттан жұрдай, көр болдық. Қоғамда материалдық құндылықтар рухани құндылықтардан алға шықса, ол қоғам рухани дағдарыстың ең қатерлі түріне ұшырайтыны хақ. Ол шындық!

Ұлт зиялысы Әлихан Бөкейхан: «Рухани мәдениеттің бір белгісі жұрт баласына жалпы оқу, газет, кітап оқып, ғылым жолын тану, қол жеткені ғылым жолында ізденіп адам баласына жақсылық жол ашу» деген екен. Қазір кітап оқитындар аз. Баласына ертегі оқитын ата-ана да аз. Бесіктен белі шықпаған бала да, үлкеннің де телміргені телефон. Салдарынан қоғам рухани азғындыққа ұшырап, күнде бір сұмдық жағдайға куә боламыз.

Ұлтымыз болмысынан ажырап, ұлттық мінез, ар-ұят дегенді ұмыттық. Ұлттық ерекшеліктен ажырап, жаһандануға қарсы тұрмақ түгілі, «тұяқ серіппей» жұтылып барамыз.

Бұрын өзге ұлттың сорақы, жантүршігерлік әрекеттеріне қарап, жағамызды ұстап, «тәрбие көрмеген, ар-ұяттан безген»,-деуші едік. Енді өзіміз де осындай арсыз әрекеттерді күнде көріп, тіпті көзіміз де, құлағымыз да үйреніп барады.

Азғындық, бала зорлау, жезөкшелік, еркектің қызға айналуы, қызтекелер шеруі, ажырасу, жан түршігерлік қылмыс, некесіз бала туу, баланы далаға тастау, 5 мың теңгелік азық-түлік алу үшін дүкенге жалаңаш келу, той-томалақтардағы түрлі анайы әрекеттер, ТВ кейбір ток-шоулардағы ұлтты масқаралайтын әрекеттер тәрізді сұмдықтар күннен күнге көбейіп барады. Тіпті адамға да, хайуанға жаны ашымайтындар көбейіп, небір сұмдық әрекеттер жасап, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге тарататындар да аз емес. Бір сұмдығы – осының бәрін жасап жатқан, өз ұлтыңнан екенін көргенде, жаныңды қоярға жер таппай кетесің.

Қазақ қызын қарындас деп сыйлайтын ер-азамат азайып, қызындай, немересіндей бойжеткендерге көз салып, қырындап, төсекке сүйрейтін, еркек-сымақтар көбейді.

Осының барлығы ұлтқа тән құндылықтарымыздан айырылып қалғандығымыздың ауыр салдары. ТВ тәрбие құралы болудан қалды, рейтинг қуған телеарналар мән-мағынасы жоқ, адамгершілік-өнегелік құндылықтан жұрдай дүниелерді қаптатты.

ТВ балаларға арналған рухани-танымдық бағдарламалар жоқ. Қолындағы ұялы телефоны арқылы ғаламторға еркін шыға алатын балалар одан көретіні атыс-шабыс, қырып-жою. Теледидарлар да сол бағыттағы дүниелерді таңертеңнен кешке дейін көрсетеді. Қайсысын қарасаң да жаман істерге бағыттаудың барлығын да баланың көзіне көрсетіп, санасына құйып береді. Өз-өзіне қол жұмсауды да көрсетіп жатыр. Мұны көрген қоғам қалай рухани азбайды?

Адалдық, адамгершілік, парасаттылық деген ұғым сән болмай бара жатыр. Кейде жемқорлардың жемқорлықпен «күресеміз» деп жүргенін көріп, не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің.

Сонда Конфуцийдің «Адал кісіні адал еместерден биік қойсаң, адал еместерді адалдыққа тартасың» дегім келеді. Жоғары жақта ары таза, саналы, адамгершілік қасиеті биік адамдар отырса, «жемқорлықпен күресудің де» қажеті бола қоймас еді.

Жақында жас жігітпен сөйлестім. Апай, елордадағы бір мектепті бітірдім. Мектеп директоры жемқордың жемқоры еді. Мектепті кезді ойласам, сол жемқор директор есіме түседі, қолымнан келсе, осындай жемқорларды қолынан ұстап, түрмеге шірітер едім дейді.

Мектеп – балаға білім беретін, алтын ұясы. Бірақ осындай баланың жүрегінде осындай рухани азғындығымен мәңгілік есінде қалған мектеп директорын кім деуге болады? Өкініштісі, мұндай арсыздар қоғамның әр саласында бар.

Адамның хайуаннан қандай айырмашылығы бар? Адам да су ішіп, нан жейді, хайуан да, шөп жеп, су ішеді. Жалғыз айырмашылығы бар, адамға рухани азық қажет. Рухани азық адамды хайуаннан биік етеді. Рухани бай, саналы адам ешқашан арсыздыққа, жамандыққа бармайды.

Шетелде «бір еркек министр басқа бір еркек министрге күйеуге шығыпты»,-деген жаңалықты оқыдық. Жағамызды ұстадық. Бұл Батыс елдерінің қанша құрдымға бара жатқанының көрінісі. Бірақ олар ондай жағдайға таңғалмайды. Гей-парад, ЛГБТ дегендер әдеттегі көрініске айналған. Олар бұл жағынан хайуаннан да асып кеткен сияқты. Өйткені хайуан екеш хайуан да өз жыныстысымен шағылыспайды. Бұл азғындықтың нағыз шегі. Рухани азған, құлдыраған қоғамның көрінісі. Алла өзі сақтасын, бірақ күні ертең осындай арсыздық, имансыздық бізде орын алмасына кім кепіл?

Руханият оянбаса, тығырықтан шығар жол жоқ. Рухымызды азықтандырмасақ, қоғамымыздағы рухани аштық шегіне жетеді. Экономикалық дағдарысты қалпына келтіруге болады, ал рухани дағдарыстың орнын толтыру қиын. Аш қарынды тойдыруға болады, бірақ адамның рухани қазынасы болмаса, қуыс кеуде пенде болып қалады. Ал қоғам үшін осындай қуыс кеуделер қауіпті!

Қазір жастарымыз интернет желісіндегі әр түрлі ағымдағы дін уағызшыларының кесірінен адасып жүр. Көргеніне имандай сеніп, ата-анасына «сендер кәпірсіңдер»,-деп әке-шешесімен сөзге келіп, жатқан жастарымыз да бар.

Осы тұрғыда орта білім беретін мектептер мен арнаулы және жоғары оқу орындарында асыл дінімізді ұлттық құндылықтарымызбен ұштастырып, рухани тәрбие бағытында білікті мамандарымен бірлескен жұмыстар ұдайы жүргізілуі керек.

Өскелең ұрпаққа ауыз әдебиетіміздің мол қазынасын, ертегі, жыр-дастан, фольклор, ұлттық өнер сынды құндылықтарымызбен тәрбиелеу жұмысын қолға алуымыз керек. Телеарналардан өнегелік-адамгершілік тақырыптағы балалар хабарларын көбейтіп, мейірімділік, ізгілікті насихаттайтын ертегілер көрсету керек.

Ертегі, батырлар жырымен күрескерлік рухта тәрбиеленіп, жүрегіне рухани нәр барып, ұлттық қайнардан сусындаған қазақтың ұрпағы жолында кездескен барлық қиындық, сәтсіздікті сынақ деп қабылдап, боркеміктенбей, ақылға салып, кедергілерді жарып өтіп, ұлт мұратына жетері хақ.

Айтарым осы…

 

 

 

«Qazaqstan dauiri» газеті мен республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының Нұр-Сұлтан қаласындағы үйлестіруші-тілшісі Шәкен Тұрар Сәттарқызы
24.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 165
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 171
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 386
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 351
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 968

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9046
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8442
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11669
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9432
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10650