Өздеріңіз білетіндей, екі жылдан астам уақыт бойы интернеталаяқтық мәселесі біздің еліміз үшін өзекті мәселе. Жүздеген азаматтар алаяқтардың құрбаны болып отыр. Облыс прокуратурасы ең көп жасалатын интернет-алаяқтықтар мен қаржы пирамидалары бойынша жадынамаларды әзірледі, олар әлеуметтік желілерде сондай-ақ WhatsApp топтарда жарияланған. Ағымдағы жылы қабылданған шаралармен тіркеудің жалпы санының төмендеуіне қол жеткізілді.
Сонымен бірге, алаяқтықтың «фишинг» сияқты түрі қарқын алуда, атап айтқанда, қылмыскерлер телефон арқылы сөйлесіп, банк қызметкерінің рөлін ойнап, әртүрлі сылтаулармен құпия ақпаратты алады немесе карточкалық шотпен іс-әрекеттер жасауға ынталандырады. Мысалы, Көкшетау қаласының тұрғыны оған белгісіз адамдар несие рәсімдегенін хабарлаған банк қызметкері ретінде таныстырған тұлғаға 1 млн теңге аударды. Қоңырау шалушының нұсқауы бойынша соманы «сақтау» мақсатында ол онлайн-несие ресімдеп, оларды «қауіпсіз» шотқа аударды. Келесі күні алданғанын түсінді, өйткені несие есептен жойылмаған.
Сондай-ақ, тауарларды «ОЛХ», «Крыша», «Колеса» электрондық алаңдарында сату және сатып алу туралы жалған хабарландырулар алаяқтықтың өзекті түрі болып қала береді. Мысалы, біздің облысымыздың тұрғыны теледидарды сату туралы хабарландыру жариялап, «ойдан шығарылған сатып алушымен» әңгімелесу барысында, сатып алушы тауарды пошта арқылы жеткізу туралы жолдаған сілтеме бойынша өтіп, өзінің банктік картасының деректемелерін толтырды. Әңгімеден кейін, оның банктік картасынан барлық ақша қаражаттары алынып тасталғанын, сондай-ақ ақшалай несие рәсімделгенін білді.
Көбінесе, азаматтардың өздері түсінбей, қолда бар қаражатты сақтауға немесе көбейтуге уәде берген, сенімге кіретін алаяқтардың құрбаны болады.
Бұл адамның ақшасын бейтаныс адамға сенуіне әсер ететін және ықпал ететін негізгі фактор. Осындай фактілердің жолын кесу мақсатында облыс прокуратурасы қырағылық танытуды және өзінің жеке және банктік мәліметтерін үшінші тұлғаларға бермеуді сұрайды. Егер сізге банк қызметкерлері қоңырау шалып, өздерін таныстырса, әңгімені үзіп, байланыс орталығының нөміріне қайта қоңырау шалыңыз.