Сарысуым, туған өлкем

Сарысуым, туған өлкем
Сарысуым, туған өлкем, құтты далам,
Шежіре тарихың бар сыр сақтаған.
Өзіңде туып өскен мен бір ұлың,
Сенің ыстық мейіріміңе құндақталған.
Уа, далам, неткен сымбат, көркем едің!
Тасы асыл, шөбі шүйгін, өлкем едің!
Көк шалғынға ойнақтап асыр салып,
Еркелегім кеп тұрады, еркелегім.
Құшағын кеңге ашып, дархан далам,
Қарсы алады Шоқай датқа, Ысты бабам.
Арқаның самал желі ескен кезде,
Ықылас күй тартқандай, абыз бабам.
Батысыңды жатыр мына күнгей бөліп,
Теріскей тебіренеді өрлей келіп.
Батысың таулы, шығысың құмақты боп,
Жатыр ғой, нарға артылған теңдей болып.
Бөленіп сәбиің боп құндағыңа,
Тербелгем бесігіңе ырғатыла.
Киелі, қасиетті қарт Қаратау,
Асыр салып жүгіргем, қыратыңда.
Гүлің ұқсап, сұлу қыздың сырғасына,
Тербелген "Жайлау көлдің" ырғағына.
Табанымды күйдіріп жалаң аяқ,
Із салғам бұйрат-бұйрат құматыңа.
Сарысуым, ұлан байтақ атырабым,
Құрметпен мен өзіңе бас ұрамын.
Қазақтың қасқаларын әйгілі еткен,
Киелі сенің мынау топырағың.
Қызды ауылға мен барып жасырына,
Кездескен киелі жер ғашығыма.
Осындай ардақ тұтқан туған жерді,
Айырбастамаймын дүниенің асылына.
Мен үшін баға жетпес асылымсың,
Ойнаған бала күнгі асығымсың.
Киелі Сарысуым, туған өлкем,
Бас тігем сенің титтәй тасың үшін.
Мойныма анам таққан тұмар едің,
Көліңе шомылғанға құмар едім.
Дүниенің билігі менде болса,
Сарысуым, сені "Жұмақ" қылар едім.?!
Талғат Құсайынов
27.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6593
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 6026
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 9230
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 7015
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 8228