Секірген вагондар, мұз қатқан терезел

Секірген вагондар, мұз қатқан терезел

Әркім өз міндетін, өз қызметін адал атқарса, жауапкершілікті сезінсе деп армандаймыз. Ал олай болмай, үнемі бақылауды қажет етіп, қалай болса солай атқарған жұмыстарына ел налиды. Айтпағым халықтың барыс-келіс шаруасын атқаруға тиісті теміржол саласындағы, оның ішінде жолаушылар тасымалындағы олқылықтарға тоқталмақпын. 

Алматы мен Ақтөбені жалғайтын, Қазақстанның бес облысын басып өтіп, сол арадағы халыққа қызмет жасайтын пойыздың қызметі көңіл көншітпейді. 

Атап айтқанда, менің көзіммен көрген, куә болған нөмірі 23 жүрдек пойыздың талапқа сай емес жайлары толғандырды. Қазалы-Арал аралығына нөмірі 4 вагон, 27 орынға билет алдым. Вагондағы көзге көрінген кемшіліктердің бірі – көп орындар бос екен, ал былайғы жұртқа іздесе билет таптырмайды. Мені таңғалдырғаны вагон суық, терезелерден соққан желден ит байласа тұрғысыз. Вагонның жолсерігі Мұхаммеджанов Нұрлан деген азамат:

– Сыртта суық, іш жылы, сондықтан мұз қатқан, – деп түсіндірмек болды. Солай ма? Жалпы вагон қысқа дайын емес. Жылуды сөндіргендіктен жолаушылардың бүрсеңдеп отырғанын көрдім. Неге билет жиі-жиі қымбаттайды? Олай болса қымбатшылыққа жауап беретін себеп болуы керек қой. «Қымбатшылық келді деп» басқалардан қалмай өре түрегелгендері қалай. Тағы бір қауіпті жағдай, вагон әлсін-әлсін секіріп, өзінен-өзі асау аттай бұлқынады. Ол кезде тұруға, жүруге өте қауіпті. Осындай секіргеннің кесірінен мен қолжуғышқа соғылып, қолымды қатты жарақаттап алдым. Мұның себебі неде: шойын жолдың кемшілігінен бе, болмаса машинистің біліктілігі төмен бе? Осылай жалғаса беретін болса, бір күні пойызды аударып алмасына кім кепіл? Жол дұрыс емес дейін десем, «Тұлпар – Тальго» жүрдек пойызы бұлай туламайды. Қайталап айтқанда, вагондар бос келеді, жолаушылар аз, кассада билет жоқ. 

– Билетті жолсеріктер артығымен сатып алады, – деген сөз бар ел арасында. Қалай болғанда да халыққа қызмет ететін теміржол саласының кемшілігі көп. Жолсеріктің қызметі, тапшы билеттің жайы, жол қауіпсіздігіне қарайтын, қадағалайтын жан бар ма, сірә? Неге біз өзіміздің қызметімізді дұрыс атқармаймыз? Амалы таусылған ел жеке такси қызметін пайдаланады. Бұл сапарда өте қауіпті. Таксистке ескерту берер жан жоқ, өзі би, өзі қожа. Жол бойы аузы мен құлағы телефонда, жүйткіп жылдамдығын асырады. Жол бойы жол сақшысы деген қызметкерлерді көрмейсің. Адамдардың қауіпсіздігіне, азаматтарымыздың діттеген жеріне аман жетуіне көңіл бөлетін уақыт жетті емес пе? 

 

ҚҰРАЛАЙ ЕСҚҰЛОВА
10.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 18
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 24
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 7
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 11
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 15
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 13
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 26
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 24
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 251
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 246
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 870

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8943
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8335
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11563
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9321
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10547