Шетелдік кадрларды отандық кадрлармен алмастырудың «Жол картасы» таныстырылды

Шетелдік кадрларды отандық кадрлармен  алмастырудың  «Жол картасы»  таныстырылды

«Теңіз кен орнында өз қызметін жүзеге асыратын мердігер және қосалқы мердігер ұйымдарға шетелдік қызметкерлерді кейіннен ауыстыру үшін қазақстандық мамандарды жоспарлы даярлаудың жол картасы ұсынылды», – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кездесуге Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «Теңізшевройл» кәсіпорны және 100-ден астам жеке мердігер ұйымның өкілдері қатысты.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтің айтуынша, «Жол картасы» екі жыл ішінде жүзеге асырылады.

– Бағдарлама шетелдік жұмыс күшін алға қарай алмастыру үшін азаматтарды өзекті мамандықтар бойынша оқыту мен қайта даярлауға, бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізуге, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Шетелдік мамандардың қазақстандық жұмысшыларға тәлімгерлік қызметі де белсенді түрде жүргізілуде, – дейді Азамат Мәмбетов.

Кездесу барысында тараптар жұмысшы мамандықтарын оқыту және қайта оқыту бойынша қысқа мерзімді курстардың рөлін атап өтті. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының айтуынша, 2019-2023 жылдар аралығында оқудан өткендердің 80%-ы жұмысқа орналастырылған.

«ТШО штатында қазір қызметкерлердің 95%-дан астамы – Қазақстан азаматтары. Түрлі бағдарламалардың нәтижесінде қазақстандықтардың көбі басшылық лауазымдарды иеленеді. Жоғары және орта буын басшылары арасындағы қазақстандықтардың үлесі – 88%. Жалпы, 2007 жылдан бастап 460-тан астам отандық қызметкер шетелдік әріптестерін негізгі басшылық және техникалық қызметтерде алмастырды», – деп атап өтті ТШО бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов.

Айта кетейік, компания келешегі зор қазақстандық қызметкерлерге отандық және халықаралық тәжірибе алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ олардың жоғары басшылық және техникалық лауазымдарды атқаруы үшін біліктілігін дамытуға, халықаралық стандарттарды, технологияларды және озық тәжірибелерді білуіне көмектеседі.

КҮМІС ҚАЛТЫКЕЙ
21.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 22
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 36
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 13
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 18
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 23
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 20
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 36
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 253
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 249
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 872

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8946
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8339
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11566
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9324
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10550