Студенттер мен жас ғалымдар арасында Шерхан Мұртаза, Камал Смайылов, Сағат Әшімбаев және Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы телевизиялық «Таңшолпан» жастар байқауы

Студенттер мен жас ғалымдар арасында Шерхан Мұртаза, Камал Смайылов, Сағат Әшімбаев және Нұртілеу Иманғалиұлы  атындағы  телевизиялық «Таңшолпан» жастар  байқауы

Қазақстан Республикасының  Ақпарат  және қоғамдық даму министрлігінің ақпараттық қолдауымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы жазушы-публицист, өнертанушы, телевизия қайраткері Шерхан Мұртаза, Камал Смайыловтың 90 жылдығына және  тележурналист, жазушыСағат Әшімбаевтың 75 жылдығына, ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына орай «ТАҢШОЛПАН» телевизиялық жастар байқауын жариялайды.

Конкурсқа  жоғары оқу орындарының студенттері мен 30 жасқа дейінгі жас  ғалымдар қатыса алады. 

 

Байқаудың мақсаты   жоғары оқу орындарының студенттері түсіретін телефильмдер мен телебағдарламалар өндірісіне қолдау білдіру, телемамандар арасындағы мәдени және шығармашылық байланыстарды нығайту әрі дамыту, ұлттық телевизиялық мектептің жетістіктерін дәріптеу арқылы Қазақ телевизиясының қайраткерлері Шерхан Мұртаза, Камал Смайылов, Сағат Әшімбаев, Нұртілеу Иманғалиұлының есімін ұлықтау. 

 

Байқау шарттары:

Байқауға 2022 жылы түсірілген қазақ тіліндегі авторлық шығармашылық жұмыстар қабылданады. Байқау жұмыстары 2022 жылдың 30 қарашасына дейін mediaschoolalmaty2020@gmail.com  жолдануы тиіс. 

 

Байқау аталымдары:

• Үздік бейне материал (Шерхан МұртазаКамалСмайылов, Сағат Әшімбаев, Нұртілеу Иманғалиұлыатындағы жүлде)
• Журналистік зерттеу жұмысы (Шерхан МұртазаКамал Смайылов, Сағат Әшімбаев, Нұртілеу Иманғалиұлыатындағы жүлде)
• Үздік мультимедиалық жоба (Шерхан МұртазаКамал Смайылов, Сағат Әшімбаев, Нұртілеу Иманғалиұлыатындағы жүлде)

 

Жеңімпаздарды ұйымдастырушылар мен арнайықұрылған комиссия анықтайдыҮздік шыққан жобаиегерлері қаржылай сыйлықтармен марапатталыпжұмыстарҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Қазақстан» РТРК» АҚ«Хабар» АҚ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУресми сайттарында жарияланады.

 

Телевизиялық «Таңшолпан» жастар конкурсы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жәнеЖурналистика факультетінің бастамасымен алғаш ретұйымдастырылып отыр.  Бүгінде «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Алтын қорында» Шерхан Мұртаза, Камал СмайыловСағат Әшімбаев, Нұртілеу Иманғалиұлының жетекшілігімен ашылған ұлттық телевизияжауһары саналатын «Асыл мұра», «Көкпар», «Қымызхана», «Алтыбақан» «Айтыс», «Терме», «Тамаша», «Парыз бен қарыз», «Жүректен» қозғайық»«Құрдастар», «Бетпе-бет»«Nur Tiley» бағдарламалары сақтаулы.

 

Марапаттау: 

Байқау жеңімпаздары 1, 2, 3-дәрежелі дипломдармен марапатталып, шәкіртақы тағайындалады. 

Байқауға жолданған жұмыстар мен жобаларға қойылатын техникалық талаптар:

Жұмыстар электронды түрде, ал тележобалар ютуб арнасына жазылып, сілтемелері  ұсынылуы тиіс.   

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.д., профессор                Г.С. Султанбаева тел.: +77272211492, моб.: +77011527488, +77073777049

Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD  А.Б.Ақынбекова, тел.: +77272211351, моб.: +77772750861

 

12.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

Абысын-ажындар сахнада сайысты
Кәмила САПАРХАЙЫР, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы облысы Іле ауданы филиалының төрайымы - 25.09.2024 776
Алаш жұрты  Ғарифолласынан айырылды
«Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы - 25.09.2024 621
13 жасар оқушы  бес түрлі қамшы өреді
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 666
530 өлең жолынан  тұратын кітап
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 25.09.2024 599
Ұстаздар 8 перзент  тәрбиелеп отыр
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 624

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 5598
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 5043
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 8210
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 6023
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 7236