Көкшетауда Қазақ театрының қадасы қағылды

Көкшетауда Қазақ театрының қадасы қағылды

Көкшетау қаласының жаңа бой көтеріп жатқан Сарыарқа ауданында 300 орындық Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының ірге тасын қалау жиын театр ұжымының өнер көрсетуімен салтанаты жағдайда өтті. 

Салтанатты шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, алғашқы қадасын қадауға пәрмен берді.  «Мемлекет басшысының Жолдауында ауқымды Халықтық құрылыс бастамасы жарияланғаннан кейін көп ұзамай жаңа театр құрылысының қолға алынуының өзіндік мәні бар. Театр салу – өңірдің рухани және мәдени дамуына салынған маңызды инвестиция.

Болашақ өнер ордасының орны да кездейсоқ таңдалған жоқ. Бүгінде «Сарыарқа» шағынауданы жаңа нысандар мен ғимараттар шоғырланған орталыққа айналып келеді. Мұнда медициналық, білім беру, спорт және басқа да әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Енді олардың қатары тағы бір маңызды мәдениет ошағымен толығады. Бүгін біз осы нысанның құрылысын бастаймыз» – деген өңір басшысының құттықтау сөзінен соң, Көкшетау қаласының әкімі Ә.Күмпекеев ғимараттың алғашқы қадасын қадауға әкім  Марат Мұратұлын шақырды. Жаңа театрдың құрылысы «Сарыарқа» шағын ауданында орналасқан. Жобаны әзірлеу кезінде заманауи сәулеттік шешімдерге, көрермендерге қолайлы жағдай жасауға және әртістердің кәсіби қызметіне қажетті материалдық-техникалық базаны қалыптастыру ерекше назарға алынғаны белгілі болды. Жоба аясында заманауи сәулеттік келбеті бар, кең әрі қолайлы бөлмелермен және театрдың толыққанды жұмыс істеуіне қажетті инфрақұрылымдар, заманауи сахналық технологиялармен жабдықталған. Олар түрлі деңгейдегі қойылымдарды сахналауға қолайлы. Сонымен қатар репетиция залдары, грим бөлмелері, театр труппасы мен шығармашылық ұжымдарға арналған арнайы бөлмелер де қарастырылған.

Жаңа театр құрылысы Инфрақұрылымды дамыту қорының қаражаты есебінен бой көтеріп, құрылыс жұмыстарын «кілт тапсыру» қағидаты бойынша пайдаға беріледі. 

 

11.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29384
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28944
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46205
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41804
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46515