Ақмола диқандары астық жинауда Республикада бірінші орынға шықты

Ақмола диқандары астық жинауда  Республикада бірінші орынға шықты

Ақмола облысының диқандары  2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша  6,3 млн тонна астық бастырып республикада  бірінші орынға ие болды.  

Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған  ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында Көкшетау қаласында  «Қазақ музыкалық-драма театры», Бурабайда Хонгрес орталығы, Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының үшінші кезеңінің  құрылысы басталды. Құрылыстар жайлы біртіндеп  тарқатсақ. Сөздің басын «Ас атасы – наннан»  бастайын. 

Ақмола облысының диқандары  2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша  6,3 млн тонна астық бастырып республикада  бірінші орынға ие болды. 

Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған  ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында Көкшетау қаласында  «Қазақ музыкалық-драма театры», Бурабайда Хонгрес орталығы, Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының үшінші кезеңінің  құрылысы басталды. Құрылыстар жайлы біртіндеп  тарқатсақ. Сөздің басын «Ас атасы – наннан»  бастайын. 

Ақмола облысының диқандары  2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша  6,3 млн тонна астық бастырып республикада  бірінші орынға ие болды. Биылғы егіннің  ерекшелігі – өнім көлемімен қатар оның сапасыда жоғары болды. Жиналған астықтың шамамен 90 пайызы үшінші сұрыпты бидай болса, оның басым бөлігі ақуыз мөлшері жоғары Hi-Pro санатына жатады. Мұндай астықтағы ақуыз мөлшері 17,6 пайызға дейін жетсе, желімше көрсеткіші 30-38 пайызды құрайды. Өңірдің  ауылшаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 5,6 млн гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 110,8 мың гектарға артты. Дәнді және бұршақ дақылдары  4,5 млн гектар алқапқа себіліп, ол толық көлеміде жиналды. Орташа өнім гектарына 14 центнер болды.

Бұл көрсеткіштер ақмолалық астықтың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, нарықтағы сұранысын күшейтеді. Еліміздің жетекші астықты өңірлеріне  саналатын Ақмола облысы биылғы нәтижесімен аграрлық әлеуетінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Басқа ауылшаруашылығы дақылдары бойынша да жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Майлы дақылдар 837,9 мың гектар алқаптан жиналып, жалпы түсім 839,1 мың тоннаны құрады. Орташа өнімділік гектарына 10 центнерден айналды. Сонымен қатар 168 мың тонна картоп және 21,4 мың тонна көкөніс жиналды.

Бұл табыстардың  артында ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердің, механизаторлардың, агрономдар мен егін жинау науқанына қатысқан барлық мамандардың еселі еңбегі жатыр. Науқанды уақтылы әрі сапалы өткізу үшін 14,5 мыңнан астам ауылшаруашылығы техникасы жұмылдырылды. Оның ішінде шамамен 7 мың астық жинайтын комбайн болса, 4,8 мыңы – жоғары өнімді техника. Диқандарды жанар-жағармаймен үздіксіз қамтамасыз етуге де ерекше көңіл бөлінді. Облысқа 81,2 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Бұдан бөлек, дәнді және майлы дақылдарды кептіру жұмыстарына қосымша 8,5 мың тонна дизель отыны қарастырылды.

Егін жинау науқанының сәтті аяқталуына өнімді қабылдау және сақтау инфрақұрылымының дайын болуы да ықпал етті. Қазіргі таңда облыста жалпы сыйымдылығы 4,4 млн тонна болатын 67 астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. Бұдан бөлек, ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге тиесілі 1,5 мыңға жуық қойма бар. Өңірдегі астық сақтау қоймаларының жалпы сыйымдылығы 7,3 млн тоннаны құрайды. Бұл биыл жиналған өнімді қабылдап, сақтауға жеткілікті мүмкіндік береді.

Бүгінде облыстың астық қабылдау кәсіпорындарына 2,7 млн тонна астық жеткізілген. Оның ішінде 1,9 млн тоннасы – бидай. Ал қабылданған бидайдың 1,6 млн тоннасы үшінші сұрыпқа жатады.

Қол жеткізілген нәтижелер агроөнеркәсіптік кешенге көрсетіліп отырған жүйелі қолдаудың да жемісі. 2026 жылы Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға шамамен 324,8 млрд теңге қарастырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үштен бір есеге  көп.

Егін жинау науқанының аяқталуы – бір маусымның қорытындысы ғана емес, келесі жылдың қамына кірісудің де бастамасы. Қазірдің өзінде 2027 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына қажетті дәнді дақылдар тұқымының 539,8 мың тоннасы құйылып, өңірдің сұранысы толық қамтамасыз етілді.

 

Осылайша, Ақмола облысы 2026 жылғы егін жинау науқанын жоғары нәтижемен қорытындылап, 6,3 млн тонна астық жинап, астықтың жалпы түсімі бойынша Қазақстанда бірінші орынға шығуы өңірдің ауылшаруашылығын одан әрі дамытуға және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға берік негіз болды.

 

11.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29384
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28944
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46205
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41804
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46515