«СУ ИЕСІ – СҮЛЕЙМЕННЕН» ҚАШҚАН ЕКЕУ…

«СУ ИЕСІ – СҮЛЕЙМЕННЕН» ҚАШҚАН ЕКЕУ…

Бала кезімде әжем түнде құдықтан су әкелу керек болса маған былай деп айтуды үйрететін. «Балам, алдымен құдыққа тас лақтыр, сосын «Су иесі – Сүлеймен, су алайын деп едім» деп айт. Содан кейін ғана қауғаны суға түсір» дейтін. Бұл менің санамда жаңғырып тұр. Солай өстік.

Бәлкім, сізде солай айтқан шығарсыз, ә?

Осы орайда ауылда болған қызықты бір оқиға еске түсіп тұрғаны.

Біздің (Қостанай облысы (Бұрынғы Торғай облысы Жангелдин ауданы) Жаркөл ауылында Тәуіш атты өзен бар. Бейнелеп айтсам, сол өзен белден түсіп қалған күміс белдіктей ауылдың іргесімен ирелеңдеп өтеді.

Ертеректе бір ағамыз күндіз «оттай» жанып жүріп, түн батқанда «іштегі жалынды басу үшін» іргеде жатқан өзенге келіп шомылады екен. Тынық өзеннің тынышын алмай ортасына жүзіп барып рахатқа батып, шалқасынан жатады екен жайылып.

Бірде ағамыз сол әдетімен өзеннің ортасында жатса, «махаббаттан басы айналған» ауылдың екі жасы, өзеннің жиегіне келіп шешініп, құлақтарына сіңісті болған «Су атасы – Сүлеймен, суға түссек бола ма?» деп өзенге тас лақтырып «Рұқсат» сұраған ғой өздерінше. Сөйтіп енді суға қойып кеткелі жатқанда, өзеннің ортасында жатқан «Су атасы – Сүлеймен» дауысын жуандатып: (Түн ішінде өзеннің үсті қалай жаңғырығады десеңізші!) «Жоқ, болмайды қарақтарым!» деп үн қатады. Шошып кеткен екі жас, киімдерін тастап ауылға жалаңаш қашыпты…

Өмірде не болмайды… 

Нағашыбай Қабылбек
13.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 111
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 302
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 925

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8998
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8393
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11618
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9376
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10602