Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің тапсырмасымен «Шу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылып, департаментпен бірлескен жұмыстар атқарылуда. «Шу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде «Адал көмек» жобасы аясында бекітілген жоспарға сәйкес 48 тікелей эфир ұйымдастырылды. Аталған эфирде мемлекеттік орган басшылары, ауыл әкімдері, заңгерлер, нотариустар, адвокаттар, сот орындаушылар, мекеме басшылары тұрғындарды жиі мазалайтын сұрақтар бойынша консультативтік кеңестер беріп, әлеуметтік желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар аудан тұрғындары арасында 5 рет блиц сауалнама жүргізіліп, жобалық кеңсенің әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланды. 2021 жылдың сәуір айында «адалдық елшілері» еріктілер тобы құрылып, тиісті чат ашылды. «Парасат жолы» жобасы бойынша әр аптаның жұма күндері белсенді қауым, жастар және қоғам қайраткелері мен мектеп педагогтерінің қатысуымен 12 кездесу өткізілді.

«Шу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары саналатын салаларға арнайы зерделеу жүргізіп, жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында жүйелі жұмыстарды ұйымдастыруда. Атап айтқанда жобалық кеңсенің қызметкерлері ҰБТ жұмысына тұрақты бақылаушы ретінде енгізілді, коронавирус індетінің алдын алу бағытында құрылған мониторинг топтың құрамына кірді. Сондай-ақ, «Сапалы жол» жобасы аясында жөндеуден өткен 11 автомобиль жолдарына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, 6 көше жолынан кемшіліктер анықтап, ұсыныстар енгізді.

Қазіргі уақытта аудандағы 18 ауылдық округ әкімі аппараттары «Ашық әкімдік» фронт кеңсесінің форматында жұмыс жасауда. 2019 жылдың сәуір айында Шу қаласында «Сервистік әкімдік» ашылған болатын. Ағымдағы жылдың маусым айында Шу ауданы әкімі аппараты ғимаратынан заманауи үлгіде жабдықталған «Сервистік әкімдік» кеңсесі іске қосылып, аудан орталығы тұрғындарына қажетті қызметтерді Дулат, Қонаев, Ескі-Шу, Жаңақоғам ауылдық округ әкімі аппараттарынан «Сервистік әкімдік» ашуға қаржы бөлініп, бүгінгі күнге құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Ауданда 79 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасауда. Оның ішінде: 47-і мектептерде, 12-і кітапханаларда, 20-ы аудандық және ауылдық округ әкімі аппараттарының ғимараттарында орналасқан. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы тұрғындарға электронды қызметтерді кез келген уақытта алуға мүмкіндік бар

Ағымдағы жылға «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бағытында Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа жергілікті бюджет есебінен 800 мың теңге қарастырылып, үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен іс-шаралар жүргізілуде.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудан аумағында 12 көрнекі ақпарат құралдары орналастырылып, 2000 данадан астам брошюралар таратылды.

Аудан әкімдігіне бағынысты барлық мекемелердің «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы аясында 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттері интерактивті картаға орналастырылды.

Жалпы алғанда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптасыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

 

Жасұлан СЕЙІЛХАН, Жамбыл облысы
02.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 75
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 78
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 181
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 181
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 324
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 546
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 492

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9196
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8593
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11821
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9590
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10804