Шылым шегу өміріңізге қауіпті

Шылым шегу   өміріңізге қауіпті

Салауатты өмір салты дегеніміз – ең бірінші  денсаулықты сақтап, нығайтуға негізделген сауықтыру жолындағы белсенді әрекет. Қазіргі мәліметтер бойынша деннің сау болуының  53-55%-ы, мәліметтерге қарағанда, салауатты өмір салтына байланысты болады екен. Осыдан-ақ  салауатты өмір салтын ұстанудың біздер үшін  маңызы бар екендігін көруге болады. Ол үшін шылым  шегуден, ішімдіктен, есірткі, басқа да улы нәрселерден  аулақ жүру керек. Бұл зиянды әдеттер организмге әсер етіп, денсаулыққа зиян келтіреді. Салауатты өмір  сүруге  ішкіліктен, есірткі, шылым шегуден  бас тарту, тән мен жан тазалығын сақтау, сонымен қатар оған  адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де байланысты болмақ.

 Енді осы зиянды әдеттердің бірі – шылым шегу туралы айтсақ. Әдетте шылым сатып аларда сыртына неше түрлі жан түршігерлік аурудың суреттері салынған және «Шылым шегу өміріңізге қауіп төндіреді!» деп жазылған ескертпеге көпшілік жандар назар аудара бермейді. Оның ағзаға және айналасындағы адамдарға зияндығын ескермейді. Иә,  күнделікті шылым шегіп жүрген адамға одан  бас тарту оңай емес. Дегенмен де бұл  зиянды әдетті қоюға болады екен. 

Шылым шегудің зиянын азайтатын 7 әдіс:

1. Ұйқыдан тұрған соң бірден шылым шегуге болмайды. Кем дегенде бір сағаттан кейін шылым шегетіндерге қарағанда, ояна салып шегетіндерде  өкпе обырын дамыту қаупі бар.  Бір сағат ішінде шылым шегуден бас тартқандарды  салыстырғанда оларда обыр дамуының қаупі екі есеге артады екен. 

2.  Шылымды  аш қарынға шегуге болмайды. Никотин асқазан шырынын көп өндіреді.  Асқазанда қорытуға арналған өнімдер болмаған уақта асқазан мен ішектің шырышты қабығы бұзылады.  Осыдан қышқыл балансы бұзылып, гастрит, асқазан жарасы және 12 ұлтабар жарасы пайда болады.

3. Суды  күні бойы көп ішу пайдалы. Яғни бүйректің жұмысын жақсартып, ағзадан уыттарды тез шығаруға, несептегі никотин концентрациясының көбеюіне жол бермейді.

4. Жоғарыда айтқанымыздай, шылымды аш кезде  шегуге болмайды. Ол гастрит, ойық жара, колит немесе іш ауруларын қоздырады.

5.  Шылым шегушілер үшін спортпен жүйелі айналысу,  ауыр дене күші қауіпті. Яғни ол жүрек жұмысын тездетеді, ал никотин артерияны тарылтып, қанның жүректен кетуіне бөгет болады.

6.  Өкпеде жақсы газ алмасу болу үшін саябақта, көшеде, демалыс орындарында  жылдам қарқынмен жүру керек. Содан  олардың ішінен ӨСОА (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы) тудыруға қабілетті улы заттар шығарылады.  Ол үшін таза ауада жиі-жиі болып,   серуендеген абзал. 

7.  Темекіні қыздырудың электрондық жүйелеріне өту. Никотиннен мүлдем бас тарту қиын болса, электрондық темекі немесе темекіні қыздыру жүйесі сияқты түтінсіз баламаларды пайдалануға тура келеді. Шылымды  электронды қыздыру жүйесі арқылы қолдану онымен  салыстырғанда 95%-ға  зияны аз екен. 

Шаргүл Қасымханқызы
24.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 145
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 140
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 145
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 332
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 325
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 948

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9023
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8419
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11647
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9403
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10629