Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір

Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір

      «Ауыл аманаты – ел аманаты» атты «АMANAT» партиясы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Ардагерлер кеңесі» РҚБ, «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайты, «Qazaqstan dauiri» газеті, «Мөлдір бұлақ» журналының бірлескен экспедициясы Шымкент қаласында

 

            Шымкент қаласына аптаның жексенбісі күні табаны тиген экспедиция мүшелері, яғни «Qazagstan dauiri» газетінің Бас директоры Сәуле Мешітбайқызы мен «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлы және осы жолдардың авторы демалысты да тиімді пайдаланып, «өлі разы болмай, тірі байымас» деген ұстаныммен Қ.А.Ясауи бабамыздың ата-анасы, топырағы сансыз бабтар мекені – Сайрам ауылынан бұйырған Ибрагим баба мен Қарашаш ананың басына барып, зиярат етті. Содан кейін Төлеби ауданының тау бөктеріндегі Бекасыл әулие мен Мыңшейіт қорымына да арнайы ат басын бұрып, құран бағыштады.

Соңғы аталған екі әулиеге қысқаша тоқталып өтер болсақ, бүгінде Кеңесарық деп аталатын ауылда 1822 жылы кіндік қаны тамып, Алла берген табиғи дарыны мен ынта-ықыласының арқасында сонау Бұқарадағы атақты Көкілташ медресесін, Сайрам, Қарнақ, Ташкент, Самарқант, Шам (Сирия) еліндегі білім ордаларын түгел меңгеріп, көзінің тірісінде-ақ Бекасыл әулие атанған бабамыз теолог, астролог, астроном, математик, философ, шипагер, бақ қонған, кие дары­ған кісі болған. Бекасыл Биболатұлы туған жерінде мед­ресе ашып, сол аймақтың балаларын оқыт­қан, шығармашылықпен айналысып, көптеген кітап жазған. Әулие жайында оның еңбегіне ерекше зейін қойған Мырзатай Жолдасбеков былай дейді: «Бүгінгі ұрпаққа Бекасыл Биболатұлынан әзірге жеткені «Зикзал» атты ғибрат кітабы – халқымыздың тəуелсіздік жыл­дарында тап­қан асыл қа­зы­наларының бірі. Тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың қымбат жау­һарларының бірінен санала­тын бұл шығармада Ислам­ның асыл қасиеттері, адамзат­тың байтақ тәжірибесі, салт-дәстүрі, замананың ой санасы, ғылымның сан-саласы қам­тылған, қазақ топырағында бұрын кездес­пеген, өмір тыл­сымдарының сырлары мен құпияларын ашатын, адамның күнделікті өмі­ріне керекті пайдалы кеңестер, ғылыми мәлі­меттер мен басқа да тұ­жырымдар бар.

Қазақ руханиятындағы алып тұлғалар­дың бірі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының Оңтүстік­ке сапарын баяндайтын, «Қазақ баласы оқы­дым, тоқыдым десе де, Бекасыл хазрет бола ма?» деп аталатын мақаласында Бек­асыл әулиені аса құрметпен хазрет, ұстаз деп атайды және пір тұтады, ғұламаның қадір-қасиетін айшықты аша түседі, оның «Зикзал» атты еңбегін аса құнды, баға жетпес туынды деп бағалайды. Отандық ғалымдардың пі­кі­рінше, «Зикзал» – кез келген қазақтың төрінде тұратын қасиетті кітап. Қазақстан мұсылмандары діни басқар­ма­сы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, белгілі дін­танушы, араб, парсы және шағатай тілдерінде жазыл­ған «Зикзалды» қазақ тіліне аударған Зәріпбай Оразбай бұл еңбекті әлемдік деңгейдегі Ханафи мазһабын дәріптейтін бірден-бір ғы­лыми кітаптардың қатарына жатқызады».

 

          

  1915 жылы қайтыс болған Бекасыл әулиенің есімі қазір өзінің туған ауылындағы мектепке беріліп, сол білім ордасының қарама-қарсы тұсында сәулетті ескерткіші бой көтерген. Ауыл қорымындағы қабірі мен кесенесі, қара шаңырағының басындағы бірнеше бұлақ әулие әруағына құран бағыштап, зиярат етушілер жиі табан тірейтін қасиетті мекенге айналған.

            «Мыңшейіт» қорымының да ұзақ ғасыр бұрынғы тарихы бар. Ол туралы көнекөз әңгіме, құлақтан-құлаққа жеткен бағзы аңыз былай дейді: VIII-ІХ ғасырларда араб халифаты Орта Азияға Ислам дінін тарату үшін жорыққа шыққаны белгілі. Олар осы Сайрам аймағына келгенде, мұндағы көк Тәңірге жалбарынатын жергілікті түркілердің зор қарсылығына тап болады. Алайда, күші басым араб әскерлері біртұтас бірікпеген түркі жа­уын­герлерінен үстем түседі. Амал­дары таусылған түркілер арабтардың осал тұстарын іздеуге кіріседі. Ойлары іске асып, жаудың жанды жерлерін біледі: Аллаға бас иетін арабтар күнде бес рет намазға жығылады екен. Намаз кезінде олар қаруларын қалдырып, аттарын байлап, сапқа тізіліп, құ­былаға қарап жығылады екен. Осы сәтті аңдыған түркілер мұсылмандар намазға жығылғанда лап қояды. Намазын бұзбаған күйі шейіт болған мыңға жуық адамның мәйіті беткейге жерленген екен. Содан бері бұл жер Мыңшейіт аталады. Мұның «Мың» дегені мың адамды білдірсе, «шейіт» сөзі дін жолында құрбан болған деген ұғымды айғақтайды.

            Аптаның алғашқы күнінде Сәуле Мешітбайқызы мегаполисте биылғы оқу жылының басында ашылған «Қазбілім» Шымкент ұлттық лицейінде қонақта болып, ұрпақ аманаты тақырыбында оқушы, ұстаздармен ашық-жарқын кездесу болып өтті. Лицей директорының аты-жөні – Роман Байбатша. Кездесуді ашып, жүргізіп отырған директордың Оқу ісі жөніндегі орынбасары Жұлдызай Юнусова жалпы мектептің бүгінгі жай-күйі мен алға қойған мақсаттарын таныстырып, Сәуле Мешітбайқызына сөз берді. Ұлттық лицейдің ерекшелігін айрықша атап өткен Сәуле Мешітбайқызы сапалы біліммен қатар саналы тәрбие алудың маңызына тоқталып, ұлттық құндылығымыз төңірегінде тереңінен сөз қозғады. Әсіресе, әлеуметтік желінің жастар тәрбиесіне тигізер кері әсерін көбірек әңгімеледі. Оқушылар тарапынан да лицей қонағына ұлт болашағы үшін өте маңызды, ойлы сауалдар қойылды.

            Сәуле Мешітбайқызы бастаған экспедиция мүшелері келесі кезекте «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының және қалалық мәслихаттың төрағасы Бахадыр Нарымбетовпен, Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы Әйгерім Жұмағұловамен  жолығып, ортақ іс-әрекет, ортақ мәселе төңірегінде әңгімелесті.

            Жалпы, Шымкент мегаполис мәртебесін иеленгенімен, қала аумағының үлкендігі ауылшаруашылығымен де айналысуға мүмкіндік береді. Шымкент қаласында ауылшаруашылығы, оның ішінде мал, егін, әсіресе жылыжай шаруашылығы жақсы дамып келеді. Мәселен, сүтті бағыттағы сиыр бағатын «Эгамназаров» ЖК-ның фермасында 200 бас ірі қара бар. Жеті адамды жұмыспен қамтып отыр. Ал, «BIO Food kz», «Izmir Trade» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер сүттен ірімшік, сыр, чечил секілді өнімдерді өндірумен айналысады. Мұның алғашқысы тәулігіне 25 тонна, кейінгісі жылына 700 тонна сүтті қайта өңдеуге қауқарлы. Әрқайсысында 15-25 адам аралығында жұмыс істейді. «Аймар құс» ЖК-ның құс фабрикасында жылына 72 миллион данаға дейін жұмыртқа өндіріледі. Мұндағы тұрақты жұмыс орнының саны 40-70 аралығында. Жылыжай шаруашылығымен айналысатын «TRADE AGRO INVEST» жылыжай кешенінде жылына 600-700 тонна қияр мен қызанақ өсірілсе, «IGM Corporation» ЖШС-ның жылыжай кешенінде 800 тоннаға дейін өнім өндіріледі. Әр кешенде 20-40 аралығында жұмысшы жұмыс істейді. Жалпы, жазы ұзақ әрі ыстық, қысы қысқа, жайдары Шымкент жылыжай шаруашылығын дамытуға қолайлы өңір есептеледі.

            Шымкенттің тыныс-тіршілігімен, бірқатар шаруашылықтармен танысқан экспедиция мүшелері кестеге сай көрші Жамбыл облысына жол тартты.

Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы
08.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЗИЯНКЕСТЕРМЕН КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 11.12.2024 62
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ЖОЛДАРДЫ ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.12.2024 38
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЗЕРДЕЛЕНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.12.2024 39
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАЛУАНДАРЫ ҚОС ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.12.2024 27
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ДӘРІГЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.12.2024 143
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 437
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 450
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 435
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 384
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 378
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 453
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 430
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 438

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10700
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9665
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12900
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11867
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16879