Талант – табиғаттан, талап – ұстаздан

Талант – табиғаттан,  талап  – ұстаздан

«Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек», –деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «ұстаз – ұлы есім».  Бүгінгі таңда үлгілі ұстаз оқушылардың бойына адамгершілік, парасаттылық, мәдениеттілік сынды ізгі қасиеттерді сіңіріп қана қоймай, білім мен біліктілікті қатар ұстап келеді.

Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім. Сіздердің табанды еңбектеріңіз бен тынымсыз ізденістеріңіздің арқасында оқушыларымыз облыстық, республикалық сайыстарда үздік нәтиже көрсетіп, ауданның мәртебесін өсіруде. Біздің ауданда білім беру саласына барынша жағдай жасалынған. 

Ауданымызда 187 мектепке дейінгі қызмет көрсететін мекемелерде барлығы 15752 бала, оның ішінде 10468 бала кезекші топтарда тәрбиеленсе, 845 кезекші топта барлығы 1421 тәрбиеші мен 983 басқа жұмыскерлер жұмыс істейді. (9 мемлекеттік,  175 жекеменшік балабақша, 2 мемлекеттік, 1 жекеменшік шағын орталық). 2021 жылдың 1 тамызында мемлекеттік тапсырыспен 2665 бүлдіршінге арналған 32 жекеменшік балабақшалар ашылды. 

Ауданда 50 мемлекеттік (1 лицей, 1 гимназия, 2 мектеп-гимназия), 5 жекеменшік, 1 кешкі ауысымдық мектеп бар. 2021 – 2022 оқу жылының басында 64 759 оқушы, 3001 сынып комплектісі, оның ішінде мектеп алды даярлықта -2640, 1-сыныпта – 7041, 1-11-сыныптарда жалпы – 62 119 оқушы, сынып комплектісі – 2850. 

2020 – 2021 оқу жылында  11-сыныпты 2329 оқушы бітірсе, оның 265-і «Алтын белгі»,  181-і «Үздік аттестат» иегерлері» атанды. ҰБТ – ға 1803 оқушы қатысып, 818 білім алушы тегін білім грантына ие болды

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» – деген ұлы Абай бабамыз. Жас ұрпақтың санасына енгізетін тәлім-тәрбие мен үлгі-өнегені барлық күш жігерімен ұғындыратын ерекше тұлға ұстаз алдында адамзаттың бәрі бас иеді. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Бұл салада білімді де іскер мектеп басшыларының ерен еңбектері мен ұйымдастырушылық қабілеттері өте маңызды.

2020-2021  оқу  жылында  мектеп  басшылары  облыстық  байқауларға  қатысып жүлделі  орындарға  ие  болды. Атап  айтсақ: «Үздік  ауыл  мектебі»   №20 ОМ, Куткельдиева  Мейрамгуль  Бекбатыровна  ІІ орын,  «Ең  үздік  мектеп  басшысы»    №6  ОМ, Касымова  Алия  Срымовна ІІІ  орын,  «Үздік   оқу-тәрбие  жоспары»,  № 18 ОМ, Уалибаева  Айгуль  Сагинбаевна  ІІ орын, «Жас  менеджер»,  №38МГ, Аскарбаева  Гульнар  Кульжановна ІІІ  орынға ие  болды.

Облыстық гуманитарлық пәндер олимпиадасына 35 мектеп қатысып №8 ОМ орыс тілі пәні мұғалімі Чиникбаева Гульнар І орын; №19, 18, 35 ОМ ағылшын, Қазақстан тарихы, қазақ тілі пәні мұғалімдері: Бақберген Ернұр, Малгаждарова Гулмира, Еменов Сабир ІІ орын, №22,4,14 ОМ орыс тілі, қазақ тілі, Құқық негіздері пәндерінің мұғалімдері Сарсембаева Ирина, Абдуллаева Замира, Жунусова Каиржамал ІІІ орын иегерлері атанса, «Талант – табиғаттан, талап –  ұстаздан» тақырыбындағы бейне сабақтар байқауында №40 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Алгожаева Булбул Исмайловна 2-ші жүлделі орынды, «Әл-Фараби тағлымы-мәңгілік азық» облыстық сырттай  үздік ықшам сабақтар байқауында №13 ОМ мұғалімі                Мустафиярова Баглан Токтаркуловна ІІ орынды жеңіп алды.   

Д.Қонаев атындағы «Адалдық пен ізгілік жолы» тақырыбындағы облыстық жобада №40, №15 ОМ-нің  қазақ тілі пәні мұғалімдері Адильбеков Алмас 2-орын, Дуйсенова Нургул 3-орын, ал № 40 ОМ-нің орыс тілі пәні мұғалімі Маханбетова      Гульзат 1-орындарды жеңіп алды. Математика пән мұғалімдерінің облыстық қашықтық олимпиадасында №40,44,30,47,26,4,2 ОМ, № 28, 38 МГ, №39 гимназия мұғалімдері 1,2,3-орын жеңімпаздары атанды. 

Жаратылыстану-математика бағыты бойынша пәндерінің мұғалімдері арасында облыстық қашықтық жарыстарына 6 физика пәні мұғалімі, 14 математика мұғалімдері қатысып, жүлделі орындарға ие болды. №1 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Керімова Жаңыл, №6 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жекенова Ақерке, №29 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Хашабай Қайрат және №44 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Тәуекел Хуанған облыстық «Математикалық регата» байқауына қатысып, командалық есепте ІІ орынды жеңіп алса, №14 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Тажимбетова Кумисай қашықтықтан өткен республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 

№20 орта мектептің биология пәні мұғалімі Тусупжанова Арай облыстық    әдістемелік орталық тарапынан ұйымдастырылған іс-шараларға белсене қатысып, қашықтық форматында ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде жүргізу бойынша ашық сабақ өткізіп, Алғыс хатпен марапатталды. 

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқу марафонына» ағылшын тілі пәнінен аудан құрама командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Команда құрамында №7, №15, №39 мектептерінің ағылшын тілі пәні мұғалімдері болды. 

Робототехника саласы бойынша «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың облыстық жарысына аудан мектептерінен 14 жоба ұсынылып, оның 12-сі жүлделі орындардан көріне білді. Оның ішінде, №13 және №48 орта мектептердің жобалары республикалық кезеңге жолдама алып, Алғыс хаттармен марапатталды. 

Ел президенті Қасым-Жомарт  Кемелұлы 2025 жылдың соңына дейін кемінде 1000 мектеп салу туралы       тапсырма берді. Осы міндетті орындау аясында өткен оқу жылында ауданымызда 3 жаңа мектеп өз есігін айқара ашты, ағымдағы оқу жылында ауданымызда 5 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп, алдағы уақытта 14 елді мекенде жаңа мектептер салыну жоспарлануда. Бұл атқарылып жатқан іс-шаралар мен қол жеткен жетістіктеріміз аудан әкімі Б.Қарасавтың, аудандық Білім бөлімінің басшысы   Л.Каткееваның және білім беруді дамыту оқу-әдістемелік кабинетінің табанды еңбектерінің арқасы.

Кез келген мамандық, кез келген лауазым иесі ұстаздан білім, тәрбие алады. Жаңа дәуір талабына сай озық тұрған мұғалім ғана шәкірт алдында беделі биік болары сөзсіз. Елімізде «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды, білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді. Нәтижесінде, педагог және оларға теңестірілген қызметкерлердің еңбекақысы өсуде. Бұл –  педагогтарға мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен қолдау. Жыл сайын 100-ден астам мемлекетте Дүниежүзілік мұғалімдер күні атап өтіледі. Бұл күн – барлық мұғалімдердің, оқытушылар мен жалпы білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Ұстаздардың  ерен еңбегі, еңбектері – өлшеусіз.

Бүгінгі күні біздің Іле ауданы мұғалімдерінің жұмысы жоғары бағалауға әбден лайықты. Біздің балаларымыздың ғылым, мәдениет және спорт секілді түрлі салада бағындырған белестері – ұстаздар атқарған күнделікті жұмыстың жарқын жемісі. Пандемиямен күрес кезінде қауіп-қатерге қарамай алдыңғы қатарда жүріп, кәсіби міндеттерін абыроймен атқарып, барлық күш-жігер мен шеберліктерін ел болашағына жұмсап келеді.

 

Алматы облысы Іле аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының аға әдіскері С.Саббакова
23.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 133
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 73
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 63
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 48
 МАҚТААРАЛДА ЖЫЛЫНА 80 МЫҢ ТОННА МАҚТА ТАЛШЫҒЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 16
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 465
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 433
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 457
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 449
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 447
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 464
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 454
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 647

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9689
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9068
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12302
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10073
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11282