Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауын түсіндіру бойынша облыстық ақпараттық топ Талас ауданының ауылды мекендерінде болып, халықпен кездесулер өткізді.
Кездесулерде Жолдаудың негізгі бағыттары жан-жақты талқыланып, алдымызда болатын саяси реформа туралы халыққа нақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар, Қаратау қаласында жаңадан ашылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың мұражайының жұмысымен таныстық. Келешекте бұл мұражай аудан халқының сүйікті, тәу ететін орынға айналады деп сенеміз.