Тамақ қауіпсіздігі сақталған ба?

Тамақ қауіпсіздігі сақталған ба?

Соңғы уақытта қоғамдық тамақтану орындарында ғана емес, мерзімі өтіп кеткен, жарамсыз азық-түлікті тұтынудың салдарынан жаппай улану жағдайлары жиі тіркелетін болды. Бұл азаматтардың денсаулығына қауіп төндіретіндіктен, көпшілік арасында едәуір наразылық туғызатыны түсінікті. Осындай жайттардан кейін тұрғындар тарапынан «Біздің елде тамақ қауіпсіздігі сақталған ба?» дейтін сұрақ туындайтыны заңдылық.

Жалпы тамақ қауіпсіздігі бүкіл әлемде ХАССП жүйесі арқылы бақылауға алынады. Тамақ өнеркәсібіндегі қауіп-қатерді талдау ретінде сипатталған ХАССП «қауіпті талдау және сыни бақылау нүктелері» деп аталады.

ХАССП – химиялық, микробиологиялық және физикалық қауіп-қатерлерден тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, бүкіл әлемде қабылданған тамақ қауіпсіздігі стандарты. Негізгі мақсат – адам денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін элементтерді жою бойынша шаралар қабылдау.

Қабылданған шараларды қарау кезінде тамақ тізбегіндегі барлық кезеңдер ескеріледі. Ол – дайындау, өндіру, тасымалдау, сақтау, буып-түю, сақтау және жөнелту сатылары. Жалпы гигиена ережелерін сақтау әр кезеңде өте маңызды.

Жүйенің артықшылықтары мынада: ол өнімдер мен әзірленген тағамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар жалпы саланың салауатты дамуына ықпал етеді. Персонал барлық санитариялық-гигиеналық нормалар мен шарттарды ұстанатын кезде тағамдардың дайындалуына мән береді. Әр адамның тұтынылатын тағамға деген сенімі олардың осы мекемеге деген толық сенімін анықтайды. Бұл оның рейтингін арттырады. Кәсіпорынның қызметі заңнама талаптарына қайшы келмейді.

Қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындарға осы жүйені енгізу қажет. Олар – кафелер, мейрамханалар, пиццериялар, суши-барлар, тұшпараханалар, дәмханалар, фаст-фуд орындары, асханалар, тамақ өнімдерін өндіруде және тамақ өнімдерін сатумен, сақтаумен, өңдеумен және тасымалдаумен айналысатын компаниялары.

Салтанат АХМЕТОВА, Алматы қаласы, Бостандық ауданының санитарлық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы.
09.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

«БІР ҚАЙНАУЫ ІШІНДЕ ЖАТҚАН»  ПАРЛАМЕНТ
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 11.01.2025 88
ҚАРА ҚЫЛДЫ  ҚАҚ ЖАРЫП
Болат ЖАППАРҰЛЫ, ардагер журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі - 11.01.2025 32
ҰЛУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК ІРІ ОҚИҒАЛАР
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 10.01.2025 80
Халықтан қорыққан әкім әкім емес!
Нұрила БЕКТЕМІРОВА - 10.01.2025 23
«БІР ҚАЙНАУЫ ІШІНДЕ ЖАТҚАН»  ПАРЛАМЕНТ
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 11.01.2025 88
АТЫ КОЛЛЕДЖ БОЛҒАНЫМЕН, ЗАТЫ ИНСТИТУТ
Жандос ОМАРОВ, Жамбыл облысы, Қордай ауданы - 09.01.2025 110
БАР  ЖАМАНДЫҚ ЕСКІ  ЖЫЛМЕН КЕТСІН!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 09.01.2025 94
ЖАСЫН ҒҰМЫР (Абайдың өнегелі інісі Халиолла Құнанбайұлы туралы)
Әсет МЕДЕУХАНҰЛЫ, журналист, өлкетанушы, Абайтанушы, Абай облысы Абай ауданы, Қарауыл ауылы - 09.01.2025 73
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 1441
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 1865

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12687
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11592
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 14828
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 13775
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 18798