Тараз әкімі неге қызметінен кетті?

Тараз әкімі неге   қызметінен кетті?

Тараз қаласының әкімі болып өткен жылдың мамыр айында тағайындалған Ержан Жылқыбаев әлеуметтік желіде.: «Кейбір жағдайлар адамның қалауы мен ұмтылысынан гөрі күштірек болады. Бұл табиғат пен қоғамның объективті заңы. Бүгін мен қасиетті Әулиеата жеріндегі қызметімді тоқтататынымды хабарлаймын. Өткен бір жарым жыл ішінде айтарлықтай жұмыс атқарылды. Халықтың өзі баға береді. Ең бастысы – біздің жоспарларымыздың әрқайсысында қоғам пікірі ескерілді. Біз Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын барынша жүзеге асыруға тырыстық», – деп жазды. Ержан Жылқыбаев 1982 жылы Леңгір қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «экономист-менеджер» мамандығы бойынша білім алды. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде заң мамандығын меңгерген. Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі дәрежесі бар.

 

Ермек Сахариев
11.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5443
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5596
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20567
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19195
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22658