Тараз қаласының орталығында көпбейінді стационары, диагностикалық және оңалту орталықтары, перзентханасы бар медициналық кешеннің құрылысы басталды.
Жертөле қабаты бар 3 қабатты кешеннің жалпы ауданы 12 910,7 шаршы метрді құрайды. Кешен құрылысына "Мейірім" жеке ұйымының инвестициялық шығындары 3,6 млрд теңгені құрайды.
Бірыңғай кешенде алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету үшін жағдайлар, мамандандырылған, диагностикалық, стационарлық,оңалту және қалпына келтіру медициналық көмегі, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық қызметтерді одан әрі жетілдіру және дамыту шаралары жасалатын болады.
Бұл кешенде балалар, жасөспірімдер, ересектер мен жүкті әйелдер, зейнеткерлер мен мүгедектерден әртүрлі жас топтары мен санаттағы тұрғындар тегін медициналық көмек ала алады. Заманауи медициналық жабдықтар диагностика мен емдеудің жаңа әдіс-тәсілдерін енгізуге мүмкіндік береді.
Облыс орталығындағы "Мейірім" медициналық орталығының 23 жылдан астам медициналық қызмет көрсету тәжірибесі бар. Оның құрамына бекітілген халық саны 50 мың адам болатын Тараз қалалық емхана, тәулік бойы жұмыс істейтін стационар, диагностикалық орталық, томография орталығы, Меркі, Қордай, Талас аудандарындағы компьютерлік томография кабинеттері кіреді.
Жаңа медициналық кешеннің ашылуы халыққа медициналық қызметтердің кең спектрін дер кезінде ұсынудың қол жетімділігін, өмір сүру сапасын арттыруды, мүгедектікті азайтуды және өмір сүру ұзақтығын арттыруды қамтамасыз етеді.