Тарихи кезеңдегі үшінші референдум ұлт тағдырын шеше ме?

Тарихи кезеңдегі үшінші  референдум ұлт  тағдырын шеше ме?

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мамырда Қазақстан республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізуге арналған республикалық референдум 5 маусымға белгіленді. 

ҚР премьер-министрінің орынбасары, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінеді. 

Елімізде бұған дейін екі рет референдум өткен екен. 1995 жылы сәуірде елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту және тамызда қазіргі Конституцияны қабылдау бойынша жалпыхалықтық референдум болған.  27 жылдан кейін үшінші рет өткелі отырған жалпыхалықтық референдум еліміздің саяси жүйесін түбегейлі өзгертуге бағытталған. Ресми мәлімдемеге сәйкес Конституцияға өзгерістер енгізу – мемлекеттік құрылымның жаңа моделін қалыптастыруға, президент құзыретін азайтып, пәрменді парламент құруға жол ашып, саяси жүйені тұтас жаңарту міндетін көздейді. 

Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің түсіндіруінше, референдум 1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» конституциялық заң негізінде өтеді. Қазір осынау тарихи тағдыршешті кезеңде республикамыздың түкпір түкпірінде референдум өткізуге дайындық пен үгіт-насихат жұмысы жүргізіліп жатыр. 

Нұр-Сұлтан қаласы жалпыхалықтық таңдауға дайын ба?

Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласы да жалпыхалықтық референдумға дайындық жұмыстарын бастады. Қаланың үкіметтік емес ұйымдары өкілдері, мәслихат депутаттары мен белсенділерінің қатысуымен «Референдумды өткізудегі азаматтық қоғамның рөлі» атты дөңгелек үстел өтті. 

Негізгі мақсат – мүмкіндігі шектеулі адамдардың да референдумнан тыс қалмай, өз таңдауларын жасауына қолдау білдіру мәселесін талқылауға арналды. – 5 маусымда елде үлкен саяси оқиға болады. Онда халық тікелей конституциялық реформаға демократия арқылы өз үлесін қосады. Жақында республикалық штаб құрылды. Желілік кесте бойынша, біз, үкіметтік емес ұйымдармен кездестік. Олар азаматтық сектордың пікірін, жалпы референдумды қалай қабылдайтынын білгісі келді. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бірдей жағдай жасау, ұйымдастыру жағынан өте жақсы ұсыныстар айтылды. Біз мұнда не үшін жиналдық? Азаматтық сектор референдумға белсенді қатысуы үшін,- деді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабы өкілдігінің төрағасы Зулфухар Гаипов. 

Жиында елорда азаматтық секторының өкілдері референдум өткізу туралы өз ойларын ортаға салып, оған дауыс беру құқығы бар әрбір қазақстандықтың қатысуының маңыздылығына тоқталды. – Бүгін, біз, референдумның алдағы аспектілерін талқылау үшін, сондай-ақ халыққа түсіндіру және жұмыс жөнінде пікір, сұрақтар, ұсыныстар алмасу үшін қаламыздың ең белсенді үкіметтік емес ұйымдары өкілдерімен бас қостық. Себебі азаматтық қоғамның бұл процеске – конституциялық реформаларды түсіндіру процесіне қатысуы өте маңызды. Бүгін, біз, қаланың қоғамдық кеңесімен бірлесіп осындай іс-шара өткіздік және менің ойымша, әркім өз сұрақтарына жауап алды, – деді Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Назгүл Мақжанова.

Сонымен қатар қала әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес өкілдері де  жалпы республикалық референдумды өткізу мәселелерін талқылады. Елорда әкімінің орынбасары Берік Жәкеновтің төрағалығымен өткен жиында, – Бүгін қалалық жастар ісі жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Кездесу бағдарламасында жаңа Қазақстанды құрудағы республикалық референдумның тәртібі мен міндеттері болды. Біздің мақсатымыз – жастарға алдағы референдумның маңыздылығы туралы ақпарат жеткізу,- деді Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.

Кездесу бағдарламасы аясында жалпы республикалық референдум өткізудің тәртібі мен міндеттері, конституциялық реформаның бағыттары, жаңа Қазақстанды құрудағы референдумның маңызы, елордада мемлекеттік жастар саясаты саласында атқарылған жұмыстар, елордалық жастарды жұмыспен қамту мәселелері туралы ел үшін аса маңызды тақырыптар қаралды. – Бізде өтетін референдум бойынша түсіндіру кездесуі өтті. Cайлаушылардың және дауыс беретін адамдардың негізгі аудиториясы жастар болғандықтан, оған ерекше назар аударамыз. Өзім жастар өкілі ретінде осы референдумның маңыздылығын түсінемін. Оның үстіне жаңа Қазақстанда осының бәрін іске асыратын жастар қажет. Сол сияқты ашық талқылау, пікірталас өтті. Қызықты сұрақтар болды, өзім үшін қызықты ақпарат алдым. Жастарға жақсы ақпарат бере алдым деп үміттенемін. Біздің жастар белсенді қатысады деп ойлаймын, өйткені ол қазірдің өзінде саяси пісіп-жетілді. Жастар референдум кезінде белсенділік көрсетеді деп үміттенемін, –деді Qazaqstan team республикалық жастар бірлестігінің жетекшісі Олжас Сүлейменов.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған жаңа Қазақстан құрудың жаңа моделін қалыптастыру – конституциялық реформа арқылы халық таңдауына сүйеніп жасалатын болса, «еститін үкіметтің» қоғам талабының үдесінен шығатын күн де алыс емес шығар.   

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
19.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 92
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 612
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 730
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 642
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 651

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8786
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8186
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11414
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9168
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10399