ТӘУЕЛСІЗ АУДИТОР ЕСЕБІ

ТӘУЕЛСІЗ АУДИТОР ЕСЕБІ

Пікір

Біз «Денсаулық сақтау және медициналық сақтандыру жөніндегі Қазақ «Интертич» корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - Компания) 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қаржылық жағдай туралы есеп, жиынтық кіріс туралы есеп, капиталдағы өзгерістер туралы есеп және көрсетілген күнге аяқталған жыл ішіндегі ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, сондай-ақ есептік саясаты негізгі қағидаларының қысқаша мазмұнын қосқанда қаржылық есептілікке берілген ескертпелермен қамтылған қаржылық есептілігінің аудитін жүргіздік. Біздің пікіріміз бойынша, ұсынылып отырған қаржылық есептілік 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Кәсіпорынның қаржылық жағдайының бүкіл маңызды тұстарын, сондай-ақ Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес көрсетілген күнге аяқталған жыл ішіндегі оның қаржылық нәтижелері мен қаржы қозғалысын шынайы көрсетеді (бұдан әрі - «ХҚЕС»).

Пікір білдіру үшін негіздеме

2023 жылғы 31 желтоқсандағы компанияның қаржылық жағдайы туралы есебінде баланстық құны 201,500 мың теңге сатып алынған материалдық емес актив көрсетілген (2022 жылғы 31 желтоқсанға: 263,500 мың теңге). Белсенді нарықтың болмауына байланысты, сатып алу күнінде осы активтің әділ құнының жеткілікті аудиторлық дәлелін ала алмадық. Нəтижесінде біз осы активтер мен міндеттемелерді тану жəне кейіннен бағалау жəне тиісінше, тұтастай алғанда қаржылық есептілікке қатысты кез-келген түзетулерді қажет ете алмайтындығын анықтау мүмкін болмады. 2022 жылғы қаржылық есептілікке қатысты біздің аудиторлық пікіріміз өзгертілді. 2023 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылдағы қаржылық есептілік туралы біздің пікіріміз осы мәселенің ағымдағы кезеңге әсер етуіне байланысты өзгертілді. Біз аудитті Халықаралық аудит стандарттарына (бұдан әрі - ХАС) сәйкес жүргіздік. Біздік міндеттеріміз осы стандарттарға сәйкес төменде «қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудитордың жауапкершілігі» атты бөлімінде сипатталған. Біз Бухгалтерлердің халықаралық этика стандарттары кеңесінің Кәсіби бухгалтерлер этикасы кодексіне сәйкес (бұдан әрі - БХЭСК) Қоғамға қатысты тәуелсіз болып табыламыз және біз БХЭСК этика кодексіне сәйкес басқа да этикалық міндеттемелерімізді орындадық Біздің тарапымыздан алынған аудиторлық дәлелдер жеткілікті және біздің аудиторлық пікірімізді білдіру үшін негіз болып табылады деп санаймыз.

Кәсіпорын басшылығының және корпоративтік басқаруға, қаржылық есептілікке жауап беретін тұлғаларының жауапкершілігі\

Кәсіпорын басшылығы осы қаржылық есептіліктің Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленуіне және дұрыс ұсынылуына, жауапсыз іс-әрекеттер мен қателіктердің салдарынан маңызды бұрмалаулар қамтылмайтын қаржылық есептілікті дайындау үшін қажетті деп санайтын ішкі бақылау жүйесі үшін жауапты болып табылады. Қаржылық есептілікті дайындауда Кәсіпорын басшылығы Кәсіпорынды таратуға, оның қызметін тоқтатуға нитеттенген жағдайларды қоспағанда немесе оны таратудан не қызметін тоқтатудан басқа қандай да бір нақты басқа альтернативасы жоқ болған жағдайды қоспағанда, Кәсіпорын өз қызметін үздіксіз жалғастыру қабілеттілігін бағалауға, үздіксіз қызметке жататын мәліметтердің тиісті жағдайларда ашылуына және қызметтің үздіксіздігі туралы жол беру негізінде қаржылық есептілікті дайындауға жауапты. Корпоративтік басқару үшін жауапты тұлғалар Кәсіпорынның қаржылық есептілігінің дайындығын бақылауға жауапты.

Қаржылық есептілігіне аудит жүргізу барысында аудитордың жауапкершілігі

Біздің мақсатымыз қаржылық есептілікте жауапсыз іс-әрекеттер мен қателер салдарынан елеулі бұрмалану қамтылмайтына ақылға сиымды (қисынды) сенімді болу және біздің пікіріміз қамтылған аудиторлық есептің басып шығарылуы. Ақылға қонымдылық (қисындылық) жоғары сенімділік деңгейін білдіреді, бірақ ХАС-қа сәйкес жүргізілген аудит кез келген жағдайда, елеулі бұрмалау болған кезде оны әрқашан анықтайтынына кепіл болып табылмайды. Бұрмалаулар жауапсыз іс-әрекеттердің немесе қателердің нәтижесі болуы мүмкін және егер жекелей немесе жиынтығында осы қаржы есептілігі негізінде қабылданатын пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне ықпал етуі мүмкін болады деп негізді түрде болжауға болатын болса, маңызды болып саналады. ХАС-қа сәйкес жүргізілген аудит шеңберінде, біз кәсіби пікірді қолданамыз және аудит барысында кәсіби скептицизмді сақтаймыз. Сондай-ақ біз келесі іс-әрекеттерді орындаймыз: - жауапсыз іс-әрекеттердің немесе қателердің салдарынан қаржы есептілігінің елеулі бұрмалану тәуекелдерін анықтаймыз және бағалаймыз; осы тәуекелдерге жауап ретінде аудиторлық шаралар әзірлеп жүргіземіз және өз пікірімізді білдіру үшін негіз болуы үшін жеткілікті және тиісті болып табылатын аудиторлық дәлелдемелер аламыз. Жауапсыз іс-әрекеттердің нәтижесінде елеулі бұрмаланудың анықталмау тәуекелі қателер нәтижесінде елеулі бұрмалану тәуекеліне қарағанда жоғары болып табылады, себебі жаупсыз іс-әрекеттерге сөз байласу, жалғандық жасау, қасақана өткізу, ақпаратты бұрмалап ұсыну немесе ішкі бақылау жүйесінен тыс іс-әрекеттер қамтылуы мүмкін. - Қоғамның ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі туралы пікір білдіру мақсатынсыз, мән-жайларға сәйкес келетін аудиторлық рәсімдерді әзірлеу үшін, , аудитке маңызы бар ішкі бақылау жүйесі туралы түсінік аламыз; - қолданылатын есеп саясатының тиісті сипатын және бухгалтерлік бағалаулардың негізділігін, сондай-ақ басшылық дайындаған ақпараттың тиісті ашылуын бағалаймыз; - үздіксіз қызметтегі басшылықтың жол беруді қолданудың заңдылығы туралы қорытынды жасаймыз, ал аудиторлық дәлелдер негізінде – нәтижесінде Қоғамның өз қызметін үздіксіз жүргізуді жалғастыруға қабілеттілігіне елеулі күдік туындауы мүмкін оқиғаларға немесе жағдайларға байланысты елеулі белгісіздік бар ма, сол туралы қорытынды жасаймыз. Егер біз айтарлықтай белгісіздік бар деген қорытындыға келетін болсақ, біз аудиторлық есепте қаржылық есептілікте ақпараттың тиісті ашылуына назар аударуымыз қажет, ал егер мұндай ақпараттың ашықтығы болмаса, онда пікірімізді жаңғыртуымыз (модификайиялауымыз) қажет. Біздің қорытындылар біздің аудиторлық есептің күніне дейін алынған аудиторлық дәлелдемелерге негізделеді. Алайда, алдағы оқиғалар немесе жағдайлар Қоғамның өз қызметін үздіксіз жалғастыру қабілетін жоғалтуына әкелуі мүмкін; - қаржылық есептілікті ақпаратты ашуды қосқанда, жалпы оның құрылымы мен мазмұнын ұсынуды,, сондай-ақ қаржылық есептіліктің негізіне жататын операциялар мен оқиғалар олардың дұрыс қолданылуын қамтамасыз ететіндей ұсынылғандығын бағалаймыз. Біз Корпоративтік басқаруға жауапты тұлғалармен ақпараттық өзара әрекет етуді жүзеге асырамыз, оларға басқа мәліметтерден бөлек, аудитттің жоспарланған мөлшері мен мерзімдері, сондай-ақ аудиттің қорытындылары бойынша елеулі ескертулер, соның ішінде аудит барысында анықталынатын ішкі бақылау жүйесінің елеулі кемшіліктері туралы ақпаратты назарларына жеткіземіз

С. С. Рубанов
11.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 9
ТҮРКІСТАН: БАЗАРДАҒЫ КІТАПХАНАҒА 10 МЫҢДАЙ ОҚЫРМАН КЕЛГЕН
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.11.2024 179
АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІНЕ ЖОЛ АШҚАН ФОРУМ
Саяжан Қайдар - 22.11.2024 46
ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЕСКЕК ЕСУ КАНАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.11.2024 170
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 249
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 244
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 746
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 868
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 781

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8938
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8332
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11560
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9317
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10544