Теміртаулық кәсіпкер дәстүрлі ұлттық тоқыма өндіреді

Теміртаулық кәсіпкер дәстүрлі ұлттық тоқыма өндіреді

 Теміртаулық Наталья Арыстанова тігін цехында қазақ ою-өрнектері мен кестелеріне баса назар аударады. Бес жыл бойы қолөнершілер мұнда көрпе, жастықтар, төсек жапқыштар және басқа да тоқыма бұйымдарын тігіп, әр өнімге жанын салды.

Металлургтер қаласының тұрғыны бизнес ашқан кезде алдына үш мақсат қойған.

– Сапалы, ыңғайлы және тиімді – бұл мен басшылыққа алған және өз жұмысымда ұстанатын негізгі қағидалар, – дейді Наталья Арыстанова. – Егер тапсырыс болса, оны таңертең жасай бастаймыз. Кешке немесе келесі күні ол дайын болады. Уақтылы әрі жедел жұмыс істеуге тырысамыз. Және бәрін сапалы жасаймыз. Клиенттердің ризашылығы бізге ертеңгі күнге күш пен сенімділік береді.

Соңғы 15 жылда кәсіпкер сауда саласында еңбек етті. Және ол әрдайым сапасыз, бірдей тауарлардан арылып, ерекше заттар өндіруді армандаған. Әр тауардың бірегей болғанын қалаған.  Осылайша кішкентай тігін өндірісін ашу идеясы пайда болды.

Наталья Арыстанова іске өте мұқият қараған. Ол көптеген зауыттарда болып, шикізаттың қалай өндірілгенін, маталардың қалай боялғанын көрген. Жалпы, ол технологиялық процеске толықтай шомып, түбегейлі зерттеген.

– Өзбекстанда 20-дан астам фабриканы аралап шықтым, Ресей кәсіпорындарында болдым, бірнеше рет Қытайдың оңтүстігіне арнайы бардым, – дейді іскер әйел. – Қазір матаның негізгі бөлігі Ивановодан келеді. Біз сол жерден бөз бен поплинді жеткіземіз. Қытай фабрикаларымен келісім жасастық. Біз өте сапалы сатинмен жұмыс жасаймыз. Ол ресейлік матадан кем түспейді, дегенмен арзанырақ. Жалпы, бізде маталардың өте үлкен таңдауы бар. Өндірісті үнемі кеңейтуді жоспарлап отырмыз.

Натальяның айтуынша, кәдесый өнімдері соңғы бірнеше жылда өте танымал бола бастаған.

Бұл жазулары бар халаттар, атаулы жастықтар, ізгі тілектері бар жастық тыстары, қыз жасауына арналған төсек-орын.

Бұл ретте тігіншілер ұлттық кесте тігуге көп көңіл бөледі.

Жеке тапсырыстардан басқа, цехтың барлық тігін өнімдерін кәсіпкер ашқан дүкеннен сатып алуға болады.

Бүгінде Наталья Арыстанова 12 әйелге жұмыс беріп отыр. Цехта үш білікті тігінші және пішуші жұмыс істейді. Дүкенде тағы сегіз адам жұмыспен қамтылған. Барлық сатушылар екі тілде сөйлеседі.

– Мен үшін қыздардың сатып алушылармен ортақ тіл табуы маңызды болды, – дейді Наталья. – Сондықтан олар тілдерді дамыту бөлімі өткізген қазақ тілінің қысқа мерзімді курстарынан өтті. Олар қуана оқыды, сертификаттар алды. Ең бастысы – тілдік кедергі жойылды және бастау бар. Одан әрі барлығы адамның қалауына байланысты.

Айта кету керек, Наталья Арыстанова қазақ тілін өте жақсы меңгерген. Өскен жері: Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауылы. Орыс мектебінде оқыса да, қазақ тілінде құрдастарымен көп сөйлескен.

Теміртауда ол болашақ жарын кездестірген. Бүгінде интернационалдық отбасы екі бала тәрбиелеп отыр.

– Бала кезімде маған қазақ халқының салт-дәстүрлері үйретілді, – дейді кәсіпкер. – Батыс Қазақстанда дәстүрлі ұлттық мәдениет өте дамыған, онда барлық білім мұқият берілген. Жақында мен бесікке салудың әдемі рәсімін өткіздім. Қарағанды облысында ол, өкінішке орай, ұмытылып кетті. Мен бір кездері қызымды бесікке салдым. Бұл тек дәстүрлі ғана емес, сонымен қатар өте ыңғайлы. Мен қазақ мәдениеті мен тілін үйрендім. Бұл менің балаларыма және айналамдағы адамдарға сүйіспеншілігім мен құрметімді жеткізетін ажырамас бөлігім.

 

                                                                                           

Жомарт Шаймұрат
29.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 120
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 156
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 154
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 120
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 264
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 267
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 477
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 439

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9138
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8536
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11764
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9531
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10744