Тұрақты дамудың 6-шы мақсаты

Тұрақты дамудың 6-шы мақсаты

Дүниежүзілік су күні жыл сайын тұщы су ресурстарының маңыздылығына назар аудару және олардытұрақты басқаруды насихаттау үшін атап өтіледі

Бұл күн тұрақты даму (ТДМ) саласындағы 6-мақсатқа қолдау көрсету үшін жаһандық су дағдарысын еңсерубойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік береді: 2030 жылғақарай су ресурстары мен санитарияға қол жетімділігін жәнеұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету.

Ағымдағы жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының студенттері, магистранттары мен оқытушылары Дүниежүзілік су ресурстары күнін атап өтті. Су саласының мамандары шақырылып "Сумен жабдықтау және санитарияны экологиялық реттеу және бақылау" тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Таза және қол жетімді су өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазір жер шарының 40% - дан астамы су тапшылығынан зардап шегуде. Осы уақытқа дейін миллиондаған адамдар, әсіресе балалар әлі де сапасыз сумен жабдықтау, санитарлық тазалық және гигиена ауруларынан қайтыс болады.

Таза су мен санитарияға тұрақты қол жеткізу үшін суды пайдаланудың неғұрлым тиімді технологияларын жергілікті енгізуден және тиісті инфрақұрылымды қамтамасыз етуден бастап, халықаралық шаралар қабылдауға дейінгі барлық деңгейлерде өзара әрекет ету қажет. 

Суды пайдалану проблемалары туралы хабарландырудеңгейін арттыру өте маңызды. Суды пайдалану тиімділігінсу алу және ағынды суларды бұру саласындағыинновациялық технологияларды дамытусондай-ақ қайтапайдаланылатын судың үлесін және оны тек ауыз су үшінғана емессонымен қатар технологиялық жәнеауылшаруашылық қажеттіліктері үшін өңдеу сапасынарттыру арқылы көтеруге боладыБұл ретте халықтыңбарлық топтары үшін жаңа технологиялардыңэкономикалық қолжетімділігі маңызды рөл атқарады.

Тұрақты дамудың алтыншы мақсаты «Таза су жәнесанитария» бағытына арналғанНегізгі мақсаты су ресурстары мен санитарияның барлығына қол жетімділігімен ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету.

Тұрақты дамудың 6-шы мақсаты «Таза су жәнесанитарияның» міндеттері мен көрсеткіштерін атап өтейік:

6.1 Қауіпсіз және арзан ауыз су. 2030 жылға қарайбарлығы үшін қауіпсіз және арзан ауыз суға жалпыға бірдейжәне тең қол жеткізуді қамтамасыз ету. Көрсеткішіауызсудың қауіпсіз көздеріне қол жеткізе алатын халықтыңүлесі. 

6.2 Тиісті санитарлық-гигиеналық құралдарға жалпығабірдей және тең қол жеткізуді қамтамасыз ету. 2030 жылғақарай тиісті санитарлық-гигиеналық құралдарға жалпығабірдей және тең қол жетімділікті қамтамасыз ету жәнеәйелдер мен қыздар мен осал адамдардың қажеттіліктерінеерекше назар аударуКөрсеткішіқауіпсіз санитарлықжағдайларға қол жеткізе алатын халықтың үлесі.

6.3 Судың сапасын арттыруқалдықтардың төгілуінжою және қайта өңдеу көлемін ұлғайту. 2030 жылға қарайластануды азайтуқалдықтарды төгуді жою және қауіптіхимиялық заттар мен материалдардың шығарындыларыназайтутазартылмаған ағынды сулардың үлесін екі есегетөмендету және бүкіл әлемде ағынды суларды қайта өңдеумен қауіпсіз қайта пайдалану көлемін едәуір арттыруарқылы судың сапасын жақсарту. Көрсеткіші: Тиістікөлемде тазартылатын сарқынды сулардың үлесіОрташакөрсеткіштер бойынша қанағаттанарлық сапалы суы бар су айдындары.

6.4 Суды пайдалану тиімділігін арттыру және тұщысуды алу мен беруді қамтамасыз ету. 2030 жылға қарайбарлық секторларда суды пайдалану тиімділігін едәуірарттыру және су тапшылығы мәселесін шешу және су тапшылығынан зардап шегетін адамдар санын айтарлықтайазайту үшін тұрақты тұщы су алу мен жеткізуді қамтамасызету. КөрсеткіштеріУақыт өте келе суды пайдаланутиімділігін арттыруСу режимінің кернеу деңгейітұщысуды алу мөлшерінің, тұщы су ресурстарының жалпы қолжетімді мөлшеріне қатынасы.

6.5 Су ресурстарын кешенді басқаруды қамтамасыз ету.2030 жылға қарай барлық деңгейлердеоның ішінде қажетболған жағдайда трансшекаралық ынтымақтастық негізіндесу ресурстарын кешенді басқаруды қамтамасыз ету.КөрсеткішіСу ресурстарын басқару тетіктерін енгізудәрежесіАумағында су ресурстарын басқару саласындағыынтымақтастық бағдарламалары жұмыс істейтінтрансшекаралық су бассейндерінің үлесі.

6.6 Сумен байланысты экожүйелерді қорғауды жәнеқалпына келтіруді қамтамасыз ету. Таулардыормандардысулы-батпақты жерлердіөзендердісулы қабаттар мен көлдерді қоса алғандасумен байланысты экожүйелердіқорғауды және қалпына келтіруді қамтамасыз ету.Көрсеткіші: уақыт өте келе су экожүйелерінің таралуыныңөзгеруі.

6.a Дамушы елдерде сумен жабдықтау және санитария саласындағы қолдауды кеңейту. 2030 жылға қарай дамушыелдердің жер үсті ағындарын жинауды, суды тұщыландыруды, суды пайдалану тиімділігін арттырудыағынды суларды тазартуды және қайта өңдеу және қайтапайдалану технологияларын қолдануды қоса алғандасуменжабдықтау және санитария саласындағы қызмет пен бағдарламаларды жүзеге асырудағы әлеуетін нығайту ісіндехалықаралық ынтымақтастық пен қолдауды кеңейту.Көрсеткіші: бюджеттік жоспар шеңберінде су пайдаланумен санитарияны дамытуда мемлекеттік қолдаудың ауқымы.

6.b Су шаруашылығы мен санитарияны жақсартудажергілікті қауымдастықтарды қолдау Су шаруашылығы мен санитарияны жақсартуға жергілікті қауымдастықтардыңқатысуын қолдау және нығайту. Көрсеткіші: Су ресурстарымен санитарлық жағдайларды басқаруға жергіліктіқоғамдастықтардың қатысуы үшін ұйымдастырылған жәнеенгізілген іс-шаралар мен рәсімдермен жергілікті әкімшілікресурстардың үлесі.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру арқылы сапалы жәнесанитарлы таза суға қол жеткізуіміз қажет.

Жыл сайын судың сапасыздығынан, санитария мен гигиенадан 1,4 миллион адам қайтыс болады. Бүгінгі таңдаәрбір төртінші адам — бүкіл әлем бойынша 2 миллиард адам-қауіпті ауыз суды қолданады. Әлем халқыныңжартысына жуығы - 3,6 миллиард адам-қауіпті санитарлықжағдайда тіршілік етуде. Дүние жүзінде тұрмыстық ағындысулардың 44% - ы қауіпті, тазаланбайды. 2050 жылға қарайсуға деген жаһандық сұраныс 55% - ға артады депболжануда.

Таза және қауіпсіз ауыз суға деген мүмкіншілікадамның негізгі сұраныстарының бірі. Осы мақсатқа жетуүшін ауқымды жұмыс атқаруымыз қажет. 

Шара соңы студенттерге арналған су тақырыбыбойынша сұрақ-жауаптары бар викторинамен аяқталды.Іс-шара өте тартымды өтті.

Қазір ауыз суға деген сұраныс күн санап өсудеСудыңбіріншіденсанитарлық жағынан сапасы жоғары болуықажеттіекіншіден, суды үнемді пайдалануымыз керек.

Жеке елді аймақты таза сумен қамтамасыз етупроблемалары тек сол елге ғана қиындық әкелмей бүкіләлемдік дағдарысқа үлес қосадыСондықтан да мұндайдағдарыстық жағдайларды шешу бүкіләлемдік бірлесіп іс-әрекет жасауды талап етеді

 

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы

аға оқытушыларҚұрбанова Л.С.

Түсүпова  Б.Х.

Хамитова К.К.

23.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 175
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ КІЛЕМ ФАБРИКАСЫ САЛЫНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 67
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 108
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 127
 МАҚТААРАЛДА ЖЫЛЫНА 80 МЫҢ ТОННА МАҚТА ТАЛШЫҒЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 21
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 92
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 508
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 474
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 498
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 491
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 489
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 504
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 494
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 688

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9733
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9107
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12342
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10112
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11322