Тұрғын үй нарығындағы жағдай қалай өзгеруі мүмкін?

Тұрғын үй нарығындағы жағдай  қалай өзгеруі мүмкін?

Елімізде тұрғын үйге деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Сұраныс көбейген сайын, сәйкесінше баға да өсіп отыр. Статистикаға назар аударсақ, соңғы бір жылда қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы 25,9 пайызға, жаңа тұрғын үйлердің бағасы 17,7 пайызға артыпты. 

Қазіргі кездегі инфляциялық процестерді көріп отырған көпшілікті тұрғын үй бағасының қалай өзгеретіндігі қатты алаңдатады. Осы мәселеге қатысты өз ойын ортаға салған Тұрғын үй нарығының сарапшысы Айбар Олжай: «Тұрғын үй бағасының өсу қарқыны баяулауы мүмкін, алайда оның арзандауы мүмкін емес. Бізде екі фактор бар, ол:  тұрғын үй бағасының түсуі немесе оның өсу қарқыны. Меніңше, көтерілген тұрғын үйдің бағасы қайта түспейді. Бірақ тұрғын үй бағасының өсу қарқыны баяулауы мүмкін. Мұны барлық сарапшы да айтып отыр. Қазір инфляциялық процестер өте жоғары. Азаматтардың қаражатының басым бөлігі азық-түлікке кетіп жатыр, өйткені олар қатты қымбаттауда. Сондықтан да адамдар үнемдеуге көшеді. Сол себепті де тұрғын үйге сұраныс қатты жоғары болмайды. Бұл тұрғын үй бағасының өсу қарқынының баяулауына әсер етуі мүмкін. Теңге инфляциясын көріп отырғаннан кейін, бір жыл бұрынғы бағаға қайтып келуі мүмкін емес. Қазақстан тұрғын үйге қолжетімділікке қатысты әлемдік рейтингте 112 елдің ішінде 44-орында тұр. Ипотека – сұранысты қамтамасыз етіп отырған фактордың бірі. Өйткені азаматтардың төлем қабілеті төмен кезде оған ипотека да көмектесе алмайды. Себебі бізде тұрғын үй бағасының өзі өте қымбат. Ипотека пайызы да, алғашқы жарна да көп рөл ойнамайды. Мысалы, бөліп төлеуді 0 пайызбен беретін болса да, үйдің өз бағасы қымбат болғандықтан, ай сайын оны төлеп отыру қымбатқа шығады. Біздегі пәтерлердің бағасын 120 айға бөліп көріңіз, сонда пайызсыз-ақ ай сайынғы төлейтін төлемнің көп екенін көресіз. Сондықтан да ол бірінші кезекте жалақы мен тұрғын үй бағасы арасындағы алшақтықты жою керек. 

   Соңғы деректер бойынша, қазақстандықтар орташа жалақыға (орташа жалақы – 322,9 мың теңге) бастапқы тұрғын үйден 0,76 шаршы метр, ал қайталама нарықтан 0,68 шаршы метр ғана ала алады екен. Демек, азаматтар үшін баға қолжетімсіз. Осы тұста цифрландыру процесін дамыту арқылы проблеманы шешуге болар еді. Себебі қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік болған кезде, азаматтардың жұмыс іздеп, үлкен қалаларға ағылуы азаяды. Баспана нарығында тұрақтылық орнауы үшін оған шын мәнінде мұқтаж азаматтардың табысын арттыру керек. Ал үлкен қалаларда қайта-қайта үй сала бергеннен проблема шешілмейді. Себебі урбанизация процесі күшейіп жатыр. Ол өзінің әлеуметтік қиындықтарын да әкелуде. Осы қиындықтарды жеңуге цифрландыру процесін одан әрі дамыту арқылы қол жеткізуге болады. Елімізде жоспар бойынша 2022-2025 жылдары 62 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл дегеніміз – жылына 20 миллион шаршы метр деген сөз. Дегенмен, бұл да бағаның арзандауына әсер ете алмайды. Иә, жылына 17-18 млн шаршы метр тұрғын үй салу өткен екі жылдың межесі болып келді. Сондықтан 20-ға жеткізу тіпті де проблема емес. Бірақ оның сапасына қалай әсер ететіні үлкен сұрақ болып қала береді. Өйткені осы 17-18 млн шаршы метрдің негізгі бөлігі азаматтардың өздері салатын жер үйлер. Сондықтан мемлекет тарапынан осы нарыққа қатты әсері жоқ екенін айтып кету керек. Сол себепті де 20 млн шаршы метр салу азаматтардың сұранысын қанағаттандырып, бағаның төмендеуіне мүмкіндік бермейді. Мемлекеттің алдына қойып отырған мақсатын орындауы мүмкін, бірақ үкімет бүкіл азаматтың тұрғын үй мәселесін өз мойнына ала алмайды. Мәселен, мемлекеттің тұрғын үй саясатына қарасаңыз, әлеуметтік әлсіз топтарға жұмыс істейтін шаралар қабылданған. Оларға үй салып береді не ипотеканы төмен мөлшерлемемен береді. Ал қалған азаматтар өз жағдайларын өздері жасауы тиіс. Мемлекет барлық азаматтың тұрғын үй проблемасын шешіп бере алмайды, ол мүмкін де емес, әрі қазіргі ашық нарық жағдайында олай болмауға тиіс. 

Жалпы «жылдың қай мезгілінде тұрғын үй сатып алған тиімді?» деген сауал көпшілікті алаңдататыны сөзсіз. Мамандар қаражат болса, жылдың қай мезгілі болса да тиімді екенін айтады. Дегенмен, мен  тұрғын үй нарығында тыныштық орнайтын жаз мезгілі тиімдірек дер едім», – дейді.  

Сарапшылар пікіріне ден қойсақ, бұдан жыл соңына дейін тұрғын үй нарығында аса бір өзгеріс болмайтынын байқауға болатын сияқты. Алайда сарапшылардың сөзіне сүйенсек, тұрғын үй бағасы арзандамайды, тек оның өсу қарқыны бәсеңдеуі мүмкін.

 

Ермек Сахариев
19.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 33
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 72
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 25
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 31
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 37
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 32
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 66
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 72
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 268
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 264
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 885

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8961
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8355
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11581
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9339
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10565