Туризмді дамыту бағдарламасы әзірленді

Туризмді дамыту бағдарламасы әзірленді

Бұл жоба Елбасының Қазақстанда туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу бойынша 2018 жылғы 10 мамырдағы тапсырмасын орындау және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында жасалып отыр. Мәдениет және спорт министрлігі туризмді дамытудың жаңа жобасын жасап бекітті. Ол 2019-2025 жылдар аралығында іске асырылып жатыр. Мұнда  шекарадан өткен шетел азаматтарының санын 9 млн адамға, кәсіби қызметпен емес, 24 сағаттан астам уақыт ҚР аумағында өткізген шетелдіктер санын 3 млн адамға ұлғайту жоспарланған. Сонымен қатар  7 жылдан кейін туристік салада 650 мың адам жұмыс істейтіні көзделуде. Орналастыру орындары көрсеткен туристік қызметтер көлемі 2,5 есеге өсетіні (270 млрд теңгеге дейін), негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 3 есеге артатыны (600 млрд теңгеге дейін) да жоспарда бар. Бағдарламада  ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аңшылық-олжалық, экологиялық, этнографиялық және агротуризмді дамыту шаралары қарастырылды.

2025 жылға дейінгі Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында:  «Туризмнің ең жылдам өсуі Қытай, Үндістан және Ресейде байқалады. Ресей мен Қытайдың ең жақын көршісі ретінде, Қазақстан да іскерлік және оқиғалық туризм бойынша әлемде өз орнын алуы мүмкін. UNWTO болжамдарына сәйкес, келесі екі онжылдықта экотуризм қарқынды дамитын болады, ал экотуризмге кететін жаһандық шығындар жалпы туризм индустриясымен салыстырғанда жоғарылау қарқындармен өсетін болады. Одан басқа, бүгінгі күні әлемде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жыл сайын 8 млрд  адам барады, олардың 80 %-ы Еуропаға және Солтүстік Америкаға тиесілі. Нәтижесінде тікелей шығындар түрінде 600 млрд АҚШ доллары және тұтынушылық шығындар түрінде 250 млрд АҚШ доллары пайда келеді», – делінген.  Азиялық сапарлар мониторингінің болжамдары бойынша, 2050 жылы ең жедел  өсетін туристік  нарықтар Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Мексика, Оңтүстік Корея, Малайзия, Тайланд болады. Материалдық жағдай бойынша, жалпы туристік  ағында орта топ өкілдері басым. 

Сонымен қатар жобада Қазақстан өңірлерін Туристендіру картасы жасалғаны турасында айтылған. Оған 2 топқа бөлінген нысандар көрсетілген: республикалық деңгейдегі ТОП-10 басым нысан мен өңірлік деңгейдегі нысандар.  Қазақстанның мынадай  аймақтары ТОП-10-ға енген  ең перспективалы бағыттар болып саналады:

1. Алакөл көлі –  әлеуеті бір жылда 2 500 000 турист (ағымдағы ағын –  бір жылда 772 000 турист);

2. Алматы өңірінің тау кластері –  әлеуеті бір жылда 2 500 000 турист (ағымдағы ағын –  500 000);

3. Щучинск-Бурабай курорттық аймағы –  әлеуеті бір жылда 2 млн турист (ағымдағы ағын –  750 мың);

4. Баянауыл курорттық аймағы –  әлеуеті бір жылда 450 000 турист (ағымдағы ағын –  200 000);

5. Имантау-Шалқар курорттық аймағы –  әлеуеті бір жылда 400 000 турист (ағымдағы ағын –  130 000);

6. Балқаш көлі –  әлеуеті бір жылда 400 000 турист (ағымдағы ағын – 130 000);

7. Шарын каньоны –  әлеуеті бір жылда 1 000 000 турист (ағымдағы ағын – 100 000);

8. Түркістанның тарихи-мәдени туризмін дамыту –  әлеуеті бір жылда 1 500 000 турист (ағымдағы ағын –  500 000);

9. Маңғыстаудың жағажай туризмін дамыту –  әлеуеті бір жылда 750 000 турист;

10. Астана қаласы МІСЕ туризмін дамыту – әлеуеті бір жылда 1 000 000 турист.

Бағдарламада  ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аңшылық-олжалық, экологиялық, этнографиялық және агротуризмді дамыту шаралары қарастырылған.  БҰҰ Бүкіләлемдік туристік  ұйымының (UNWTO) пайымдаулары бойынша 2030 жылға қарай әлемге әйгілі  курорттарға және тарихи-мәдени ескерткіштеріне шамамен 1,8 млрд  адам баратыны  жоспарлануда. Қонақүй-туристік  қызметтерден түскен табыс шамамен 2 трлн АҚШ долларын құрамақ. Сондай-ақ келешекте  туризм саласында 550 млн жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

Шаргүл Қасымханқызы
13.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 245
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 54

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805