ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІР ЖЫЛДА 5 ЖАҢА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІР ЖЫЛДА 5 ЖАҢА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРЫЛДЫ
✔️Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, индустриалды аймақтарды дамыту және көбейту жұмыстар жалғасып жатыр. Өңірде 1 700 гектардан тұратын өңірлік маңызы бар 14 индустриалды аймақ болса, оның ішіндегі 5-еуі соңғы 1 жылдың ішінде құрылды. Сонымен қатар Арыс қаласындағы «Мега-Агат» және Ордабасы ауданындағы «Бөкей» компанияларының ұсыныстары бойынша 2 жеке индустриалды аймақ құрылып, жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған индустриалды аймақтардың саны 16-ны құрап отыр. Ол өндірістік аймақтарда бүгінгі күнге 120 млрд теңгені құрайтын 82 жоба жүзеге асырылуда.
⤵️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров индустриалды аймақтардың жұмысын жандандыру, жаңа жобаларды жүзеге асыру жөнінде мәжіліс өткізіп, өзекті мәселелерді талқылады. Жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді.
📌– Өңірде жаңадан құрылған және енді ашылатын индустриалды аймақтарды қажетті жермен, инфрақұрылыммен қамту жұмысын жүргізіңіздер. Жұмыс істеп тұрған индустриалды аймақтарға жаңа инвесторлар тартып, жобаларды көбейту маңызды. Аудан, қала әкімдері, жауапты басқарма басшылары осы бағытта жұмысты күшейтіңіздер. Жаңаша көзқарас, ізденіс, зерделеу жұмыстары қажет. Жерді алып, жұмысын бастамаған кәсіпкерлермен келісімді тоқтатып, жерді қайтару керек. Индустриалды аймақтарды абаттандыру, көгалдандыру, ретке келтіру мәселесі де назарда болсын, – деді Нұралхан Көшеров.
✔️Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов осы салада атқарылған жұмыстарды, көрсеткіштерді баяндады. Жаңадан ашылған және ашылуы жоспарланған индустриалды аймақтарды газ, электр, су және өзге де инфрақұрылыммен қамту, жер телімін алу мәселелері туралы айтты. Облыс әкімінің тапсырмасымен аудан және қала әкімдіктері жаңадан құрылатын индустриалды аймақтар бойынша ұсыныстарын берді. Жер телімдері инфрақұрылым нүктелеріне жақын орналасқан.
✔️Айта кетейік, Түркістан облысындағы өндірістік аймақтардағы жобалардың басым бөлігі құрылыс материалдарын өндіру, дайын металл өнімдерін өндіру, металлургия, машина жасау, жеңіл және жиһаз өнеркәсібі салаларына жұмылдырылған. 2024 жылы Өңірлік үйлестіру кеңесі тарапынан 18 инвестициялық жоба мақұлданып, индустриалды аймақтарға енгізілген.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
10.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

К ОТКРЫТИЮ ТУРИСТИЧЕСКОГО СЕЗОНА В ТУРКЕСТАНЕ ГОТОВЯТ 2,5 ТОННЫ НАУРЫЗ КОЖЕ
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области - 12.03.2025 77
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВЕДЁТСЯ СИСТЕМНАЯ РАБОТА ПО ПРЕДОТВРАЩЕНИЮ ПАВОДКОВ
Пресс-служба акима Туркестанской области - 12.03.2025 64
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЮДЖЕТТІК ТҮСІМДЕР МЕН КІРІСТЕР КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 12.03.2025 68
ТУРКЕСТАН: В ОРДАБАСЫ ЧЕСТВОВАЛИ МНОГОДЕТНЫЕ МАТЕРИ
Пресс-служба акима Туркестанской области - 12.03.2025 38
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУШАҢДЫҒЫ ТӨМЕНДЕГЕН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 12.03.2025 70

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 1948
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2191
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17076
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 15802
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19167