ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДАҒЫ БІРНЕШЕ АУЫЛ ОКРУГІ ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАР ТАЗАЛАУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ТЕХНИКАМЕН ҚАМТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДАҒЫ БІРНЕШЕ АУЫЛ ОКРУГІ ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАР ТАЗАЛАУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ТЕХНИКАМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Ордабасы ауданы орталығындағы алаңда Бадам, Шұбарсу, Шұбар, Бөржар, Төрткүл, Жеңіс, Қараспан, Бөген, Қарақұм ауылдық округтерінің әкімдеріне салтанатты түрде жаңа техникалардың кілттері табысталды. Тіркемесі бар МТЗ 89.1 маркалы тракторларды сатып алуға жергілікті бюджеттен 65,5 млн. теңге қаралған.
Шараға арнайы қатысқан аудан басшысы Азат Оралбаев жаңа техникалар елді мекендердегі санитарлық тазалық, қыс мезгілінде автомобиль жолдары тазалау, күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуде мол септігін тигізетінін айтып, ауыл әкімдерінің жоғарыда аталған бағыттар бойынша нәтижелі жұмыс істейтіндеріне сенім білдірді.
Салтанатты шараға аудандық маслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков, ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей, ақсақалдар мен сала мамандары қатысты.
Айта кету керек, «Темірлан тазалық» мекемесінде санитарлық тазалық жұмыстарын және абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге арналған 26 арнайы техника мен 88 қызметкер бар. Олар 4 секторда жұмыс жүргізеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
18.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 52
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 49
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 52
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 49

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25132
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24650
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42077
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37938
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42408