ТҮРКІСТАН: ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНІҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНІҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ
Биыл 1-30 қыркүйек аралығында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу өтеді. Талаптарға сәйкес, іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және кез-келген салада 5 жыл жалпы жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен жоғары меңгерген ҚР азаматы қатыса алады. Бұл туралы брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Дархан Сүртеков айтты.
Оның айтуынша, резервке іріктеуге қатысу үшін кандидаттардың құжаттарын қабылдау 2023 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында pkrezerv.gov.kz арнайы ақпараттық жүйесінде онлайн режимде жүзеге асырылады. Іріктеу объективтілігін қамтамасыз ету үшін кандидаттардың деректері жеке нөмір беру арқылы жасырылады. Бағалаушылар үшін үміткердің кім екендігі беймәлім болады. Ұлттық комиссияның отырысы өтіп, Президенттік жастар кадр резервіне үздік 50 кандидат қабылданады.
 
- Үшінші іріктеудің ерекшелігі - мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып мақсатты іріктеу жүргізу. Іріктеуге қатысу үшін жеке басты куәландыратын, білім туралы және еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін және мемлекеттік тіл бойынша емтиханды тапсырғаны туралы арнайы нысандағы жарамды ресми сертификат ұсынады. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуі тиіс. Олар: кандидаттардың құжаттарын қабылдау; мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау; ситуациялық тапсырмаларды шешу; құзыреттерді бағалау; резервке іріктеу жөніндегі сарапшылық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу; сарапшылық комиссия резервке алуға ұсынған кандидаттарды Ұлттық комиссияның отырысында қарау, - деді Дархан Әшірханұлы.
 
Айта кететіні, 2019-2021 жылдары резервке алынған 350 адамның 264-і мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жұмыс істеуде. Яғни жалпы санның 75%-ы жұмысқа орналастырылған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
24.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі - 09.01.2025 105
ЖАС САПЕРЛЕР КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТЕРІН ШЫҢДАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.01.2025 151
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ӨНДІРІС ДАМИДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.01.2025 149
 ТҮЛКІБАСТА ӨНДІРІС ОРНЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.01.2025 58
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 1388
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 1798
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 1806
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 1798
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 1806
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 1588

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12632
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11535
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 14774
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 13720
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 18739