ТҮРКІСТАН: САУРАНДА «САМҒАУ» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ 150-ДЕН АСТАМ БОС ЖҰМЫС ОРНЫН ҰСЫНДЫ

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА «САМҒАУ» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ 150-ДЕН АСТАМ БОС ЖҰМЫС ОРНЫН ҰСЫНДЫ
Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жаңадан ашылатын «Самғау» оңалту орталығы 150-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Бүгін облыстық «Еңбек мобильділігі орталығының» ұйымдастыруымен Сауран ауданы, Оранғай елді мекенінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Аталған шараға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов, Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев қатысып, жұмыссыз жүрген азаматтарға тұрақты жұмысқа орналасып кетуілеріне сәттілік тіледі.
Орталықтың ашылуына байланысты медициналық, арнаулы әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық, еңбек, мәдени, әлеуметтік-тұрмыстық, шаруашылық қызмет көрсету персоналдары жұмысқа қабылданады. 200 орындық нысан 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған.
Басқарма басшысының орынбасары Нұржан Нұрашовтың айтуынша қызметкерлер құрамы іріктеліп, ресми ашылуы қазан айына жоспарлануда.
Арнайы мамандар бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Сауран ауданы, Кентау және Түркістан қалаларынан келген тұрғындарды қабылдап, кеңес берді. Облыстық «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры Абзал Казанкапов жәрмеңкеге 250-ден астам адам қатысқанын жеткізді.
Айта кетейік, Түркістан облысында 99 мыңнан астам мүгедектігі бар адам есепте тұр. Оның ішінде 84 мыңнан астамы - ересектер болса, 15 мыңы - балалар. Арнаулы әлеуметтік қызмет алушы санатындағылар саны - 34 370 адам. Облыстық басқармаға қарасты стационарлық жағдайдағы, жартылай стационарлық жағдайдағы, сондай-ақ бейімдеу және сауықтыру, жұмыспен қамту бағытында жалпы 14 мекеме жұмыс істейді. Қазіргі таңда Сауран ауданының Оранғай ауылында 50 орындық психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының құрылысы жүргізілуде. Ғимаратты 2025 жылдың І тоқсанында пайдалануға тапсыру көзделген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
21.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ӨТКЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.09.2024 39
ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 15.09.2024 95
Сыбайлас жемқорлық
Бибітгүл Аманжоловна - 13.09.2024 216
ҚАЗАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ
Асқар Жұмаділдаев - 13.09.2024 234

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4614
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 4059
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6543
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 5016
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 6222