ТҮРКІСТАНДА ЕЛ БІРЛІГІ МЕН РУХАНИ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУҒА ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛ БІРЛІГІ МЕН РУХАНИ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУҒА ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық Қазақстан халқы Ассамблея мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті.
Жиын барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өңірдегі татулық пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытуға, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар азаматтарды марапаттады.
Іс-шара аясында облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы таяуда Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығының иегері атанған белгілі жазушы, әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбекке құрмет көрсетіп, облыс әкімінің ыстық ықыласын жеткізді.
Келелі жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен ҚХА мүшесі, Қазығұрт аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Жавлон Сәбитов және ҚР Президентінің Алғыс хатымен Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Жұлдыз Өтегенова, Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, Жетісай аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Рахила Басымбекова марапатталды.
Сондай-ақ Түркістан облыстық түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі Яша Чилингаров пен Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігі Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Зуппархан Чалданов ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталса, ҚХА мүшесі, «Қызмет» газетінің бас редакторы Бейсенкүл Нарымбетова және «Turkistan Media Holding» ЖШС басқарушы директоры, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының мүшесі Тельман Бейсенге ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Алғыс хаты табыс етілді.
Жиын соңында марапат иелері береке-бірліктің арқасында елді өркендету ісіне атсалыса беретіндіктерін жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
06.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

Тәуекел картасы –  әділдіктің айнасы
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 31.10.2024 539
Ұлт ұясы – Ұлытау, жаңарған Жаңаарқа
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - 31.10.2024 546
Орман  шаруашылығын оңалтуда оң нәтиже бар
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 27.10.2024 743
Тігінмен  тірлігін түзеген
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы - 27.10.2024 814

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 7735
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 7154
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 10368
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 8131
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 9366