Түркістандағы форум қылмыстың алдын алуға арналды

Түркістандағы   форум қылмыстың алдын алуға   арналды

Бір кездері түркі әлемінің рухани астанасына қатысты «Күндіз Түркістан, түнде Ауғанстан» деген жағымсыз теңеу айтылып жүрді. Бұл, әрине, қаланың қылмыстық ахуалына қатысты айтылғаны түсінікті. Шүкір дейік, қазір жағдай басқаша. Оған тәртіп сақшыларының қосып жүрген үлесі қомақты. Жуырда қылмыстың алдын алу мақсатында тағы бір игі іс-шара болып өтті. 

«Түркістан – рухани, қауіпсіз қала» деп аталған форум полицейлердің ұйымдастыруымен алғаш рет өтті. Оның өтуіне негіз болған – Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің нұсқауы. Осы нұсқау бойынша Түркістан қалалық Полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Бауыржан Жанаевтың ұйымдастыруымен ауқымды форум өтті. Жиынға парасатты пікірлерімен жүректерге жол тапқан көптеген игі жақсылар жиналды. Атап айтсақ, ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, танымал спортшы Ардақ Назаров, медиаэксперт, саяхатшы, журналист Өркен Кенжебек, заңгер, сарапшы, журналист Нұрділда Ораз, кәсіпкер, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Олжас Сүлейменов, әнші, спортшы Ескендір Ибрагим арнайы спикер ретінде шақыртылды. Олар сахна төріне шығып, рухани астана атанып келе жатқан облыс орталығын қауіпсіз қала ету туралы мән-мағыналы пікірлерін жеткізіп, жұртшылықтың жүрегіне жетер ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, форумға полицейлермен бірге әкімдік қызметкерлері, прокуратура өкілдері, Түркістан қаласының зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар мен депутаттар, жергілікті тұрғындар, оның ішінде мұғалімдер мен оқушылар, студенттер, БАҚ пен әлеуметтік желі белсенділері қатысты. 

«Форумның шымылдығын көрермендерге ой саларлық театрландырылған көрініс ашты. Сахнада әйелін ұрып жатқан күйеу, баласын тастап кеткен көкек ана, өрімдей қазақ қыздарының жеңіл жүрісі, жастардың есірткіге елітіп, құмар ойынға құмартып, өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізуі сынды оқиғалар көрсетіліп, соңында заңбұзушылық жасамау қажеттілігі ұғындырылды. Одан әрі рухани астана – Түркістан қаласының бас полицейі Б. Жанаев баяндама жасап, форумның мақсаты мен полицейлердің жыл басынан бері атқарған жұмыстарын тілге тиек етті», – деп хабарлайды Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Б.Жанаев өз баяндамасында атап өткендей, жыл басынан бері Түркістан қаласында жанұядағы жанжал бойынша 580 шақырту түссе, оның 360-сына ішімдік себепші болған. Мас халдегілермен 11 қылмыстық іс тіркелсе, 153 дерек көлік тізгіндеумен байланысты. «Демек қылмыстардың орын алуына ішімдіктің едәуір әсер ететінін ескеріп, Түркістанды қауіпсіз әрі ішімдіксіз, рухани қала етуге жұмыла атсалысуымыз қажет», – деп атап өтті басқарма басшысы.

Әрине, қылмыстың алдын алу үшін түрлі дәрежедегі іс-шаралардың жиі ұйымдастырылуының әсері орасан. Ал елге танымал, жұртқа сөзі өтімді, сүйкімі бар азаматтардың қатысуымен болған жиынның маңызы онан сайын артатыны түсінікті. Олардың насихаттарына құлақ түріп, бойын ішімдіктен, қылмыстан аулақ ұстауға талпынатын жастардың аз болмайтыны анық. Ендеше, осындай форматтағы кездесулерді алдағы уақытта да жиі ұйымдастыру арқылы қылмыстың алдын алуға болатыны сөзсіз. 

Түркістандық полицейлердің ұйымдастыруымен осыған ұқсас жиын А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде де көрініс берді. Студенттер мен ұстаздар қатысқан бұл жиын полицияның сервистік моделін енгізу тақырыбына арналып, пилоттық режимге енгізілген Түркістан қаласында атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар айтылды. Кездесуді модератор ретінде Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, облыс әкімдігі жанында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ мүшесі Зуппархан Чалданов жүргізді. Келелі кездесуде Түркістан қалалық Полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Шералы Абдраманов, Түркістан облыстық Полиция департаментінің инспекторы, полиция капитаны Көкаршын Қанат, Түркістан қалалық пробация бөлімінің инспектор-психологы, әділет аға лейтенанты Ақмарал Бекбай баяндама жасады. 

Баяндамаларда атап айтылғандай, полицияның сервистік моделін енгізу бойынша құрылған топ қылмысты болдырмау және алдын алу мақсатында 2019-2021 жылдар аралығында тіркелген қылмыс түрлері бойынша талдау жүргізген. Талдау барысы көрсеткендей, Түркістан қаласында соңғы 3 жылда «Ұрлық» қылмысы төмендеп, керісінше «Алаяқтық» қылмысы өскен. Осыған орай жастарға алаяқтардан абай болу, оларға алданбау керектігі ескертіліп, тура жолмен жүруге кеңес берілді. Полицияны қорғаным деп біліп, кез келген мәселеде көмек сұрауға болатындығы айтылды. Сондай-ақ, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ашық әңгіме өрбіді.

Ұйымдастырушылар жиын соңын «Біздің қазіргі басты мақсатымыз – қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халыққа барынша ыңғайлы жағдай жасау және қасиетті қаланы әлемге таныту», – деп қорытындылады.

Иә, Түркістан қаласы бүгінде күн санап өзгеріп, көркейіп, дамып келеді. Ішкі және сыртқы туризмнің де тамырына қан жүгіріп, қасиетті қалаға саяхаттап келушілер қатары жыл сайын өсуде. Мұндай жағдайда жергілікті тұрғындар арасындағы рухани мәдениетті дамытып, қылмыстың алдын алудың, болдырмаудың, бір сөзбен айтқанда, кез келген қонақ үшін ыңғайлы да қауіпсіз, қызықты қала мәртебесін иеленудің маңызы орасан. 

Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Түркістан облысы
13.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 138
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 330
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 323
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 946

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9019
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8415
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11642
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9398
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10625