Өмірде сан түрлі ілмек бар. Жұмыр басты пенде қармақтың құрсауынан сытылып та, құтылып та шығуы бек мүмкін. Әрине, амалын таба білсе. Әйтсе де тағдырдың ілмегінен құтылған жан жоқ. Біз мұны – ажал, өлім деп атаймыз.
Жуырда Аса ауылындағы спорт кешенінде кіші футболдан мемлекеттік қызметшілер арасында Жамбыл облысының жеңімпазы, белгілі спортшы Ерік Айдаровты достары, әріптестері еске алып, кіші футболдан ашық турнир ұйымдастырды.
Шараға аудан басшылары, облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылары арнайы келіп, марқұмның өміржолы туралы ыстық лебіздерін білдірді. Ата-аналары арнайы шақыртылған еске алу турнирінде құран оқылып, ақ дастархан жайылды.
Турнир соңында үздік деп танылған командалар мен ойыншыларға бағалы сыйлықтар үлестірілді.
Жамбыл ауданы